2022 жылғы жеке кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеу туралы
2022 жылғы жеке кәсіпкерлік субъектілерін аккредиттеу туралы
ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды 2022 жылға арналған жыл сайынғы аккредиттеуді өткізеді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидалары, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен (бұдан әрі – Қағида) бекітілген Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi мынадай құжаттарды:
1) белгіленген үлгідегі өтiнiш;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.
Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші өзі жүгінетін министрлігі аккредиттеу туралы куәліктің үш көшірмесін де ұсынады.
Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 1 – 14 ақпан аралығында (жұмыс күндері сағат 9.00 мен 18.00 аралығы), Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, 14-кіреберіс мекен-жайы бойынша орналасқан Министрліктің кеңсесінде жүргізіледі.
Анықтама телефондары: +7 (7172) 74-13-12, 8-778-471-26-70 анықтама телефондары.
01 ақпан 2022
14 ақпан 2022
Хабарландыру