«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері туралы талдамалық мақала
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелеріне түсініктеме
2015 жылғы 16 қарашада басты идеясы азаматтардың ақпаратты алуға деген конституциялық құқығын іске асыруды көздейтін «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңы қабылданды.
Заң 21 баптан, кіріспе мен түсіндіру аппаратынан тұрады. Кіріспеде осы Заң ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді деп атап өтілген. Әркімнің ақпарат бостандығына құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабының 2-тармағында көзделген. Еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Ақпаратты еркін алу және тарату құқығы пікір білдіру бостандығының және адамның іргелі құқығының компоненті болып табылады.
Кімнің ақпаратты сұратуға және оған қол жеткізуге құқығы бар?
Ақпарат пайдаланушы – бұл ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға. Бұған қоса, ақпарат пайдаланушы болып кез келген жеке немесе заңды тұлға: Қазақстан азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, көшіп-қонушылар; меншіктің барлық ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар, олардың бірлестіктері мен қауымдастықтары бола алады.
Кімнен ақпарат сұратуға болады?
Кім оны беруге міндетті?
Ақпарат иеленушілер – бұл:
Қандай ақпарат шектеулермен берілуі мүмкін?
Ақпараттың тек үш санаты ғана қол жеткізу шектелген болуы мүмкін:
Талап етілетін ақпаратты қандай тәсілдермен сұратуға және алуға болады?
Заң ақпаратты алудың келесі тәсілдерін айқындайды:
o сұрау салу бойынша ақпарат беру;
o ақпарат иеленушілер орналасқан үй-жайларда және осы мақсаттарда бөлініп берілген өзге де орындарда ақпаратты орналастыру;
o Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың алқалы органдары отырыстарына және Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының, оның ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бірлескен жергілікті өкілді органдарының және жыл қорытындысы бойынша өткізілетін мемлекеттік органдар алқаларының ашық отырыстарын онлайн-трансляциялауға, интернет-ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
o орталық атқарушы органдар басшыларының (ҚР Қорғаныс министрлігін қоспағанда), әкімдердің және ұлттық жоғары оқу орындары басшыларының есептерін тыңдау және талқылау;
o бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру;
o ақпарат иеленушінің интернет- ресурсында ақпарат орналастыру;
o ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталының тиісті компоненттерінде орналастыру;
o ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де тәсілдер.
Қандай ақпаратты ауызша сұрау салу бойынша алуға болады?
Ауызша сұрау салуға жауап берілген жағдайда жауап берген адамның аты-жөні мен лауазымы көрсетіледі. Ауызша сұрау салуға мынадай ақпарат бойынша жауап беріледі:
Қандай ақпаратты жазбаша сұрау салу бойынша алуға болады және қандай мерзімде?
Жазбаша сұрау салу бойынша қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, сұрау салу бойынша кез келген ақпарат беріледі. Оған мемлекеттік құпиялар, заңмен қорғалатын құпиялар және «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген шектеу белгісі бар қызметтік ақпарат жатады.
Жазбаша сұрау салуға жауап ақпарат иеленушіге сұрау салу келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі.
Сұратылатын ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін және жазбаша сұрау салуға жауап беру кезінде өзге де ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, ақпарат иеленушінің басшысы қарау мерзімін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ақпарат пайдаланушыға хабар беріледі.
Қандай ақпаратты электрондық сұрау салу бойынша алуға болады?
Электрондық сұрау салу – бұл тек жазбаша сұрау салудың нысаны ғана. Егер де Сіз жазбаша сұрау салуды дәстүрлі түрде қағаз жүзінде ресімдейтін болсаңыз және дәстүрлі түрде пошта арқылы жолдайтын болсаңыз, онда электрондық сұрау салуды әзірлеу мен жолдау үшін Сізге компьютер және интернет қажет болады.
Жазбаша сұрау салуды әзірлеу және жолдау сияқты, электрондық сұрау салуды жолдау арқылы, Сіз мемлекеттік органнан немесе ақпарат иеленушіден кез келген қол жеткізуі шектелмеген ақпаратты талап ете аласыз. Электрондық сұрау салуыңызды алған кезде, Сізге ақпарат беруден бас тарта алады, егер де:
Электрондық құжат түріндегі сұрау салу электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс екеніне назар аударыңыз.
Жазбаша сұрау салуды қалай әзірлеуге және жолдауға болады?
Міндетті түрде сұрау салуда:
o сұрау салудың мәні баяндалған: нақты қандай ақпаратты, құжаттың реквизиттерін, талдамалық, статистикалық, шолу, қорытынды, есептік ақпаратты, тексеру нәтижелерін және т. б. алғыңыз келеді;
o сондай-ақ Сіз күнтізбелік он бес күн ішінде заңмен белгіленген ақпаратты ұсыну мерзімі туралы еске сала аласыз;
o сұрау салуда пошта мекен-жайы немесе электрондық пошта мекен-жайы, телефон немесе телефакс нөмірі, басқа байланыс құралдары көрсетілуі тиіс;
o жазбаша сұрау салуға жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиіс.
Егер де Сізге ақпарат бермесе, онда қайда және қалай шағымдануға болады?
Ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың шешімдеріне шағым әрекет жасалғаны немесе тиісті лауазымды адамның немесе органның шешім қабылдағаны туралы азаматқа белгілі болған кезден бастап үш айдан кешіктірілмей жоғары тұрған лауазымды адамға немесе органға не сотқа беріледі. Шағым жасау үшін өтіп кеткен мерзім мемлекеттік орган немесе лауазымды адам не сот үшін шағымды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Мерзімді өткізіп алу себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тарту негіздерінің бірі болуы мүмкін.
Ақпаратқа қол жеткізу құқығын бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілер мен басқа да адамдар үшін заңдық жауапкершіліктің қандай түрлері көзделген?
Ақпарат иеленушілердің лауазымды тұлғаларының заңды әзірлеу және қабылдау барысында жауапкершілігі қайта қаралып, қатаңдатылды. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын бұзғаны немесе шектеуі үшін жауапкершіліктің үш түрі көзделеді: тәртіптік, әкімшілік және азаматтық-құқықтық жауапкершілік.
Сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың ақпарат алу құқығын іске асыру мақсатында «Электрондық үкімет» веб-порталының тиісті компоненттерінде бес компоненттен тұратын бірыңғай модуль – «Ашық деректер», «Ашық НҚА», «Ашық бюджет», «Ашық диалог» және «Мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау» интернет-порталдары құрылды.