03.04.2026 ж. № 152-НҚ
|
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 503-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
|
|
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі
40-бабының 1-бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
- Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрықты Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің аппарат басшысына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаева
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы «__» _______
№__ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің
2025 жылғы «26» тамыздағы
№ 503-НҚ бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрлігінің
регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, заңдарға, Президенттің, Үкіметтің актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеге (бұдан әрі – Министрлік туралы ереже) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындау процесінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметінің жалпы қағидаларын белгілейді.
Құжаттармен жұмыс істеуге қойылатын талаптар, осы Регламентте белгіленген мерзімдер мемлекеттік органның барлық жұмыскеріне қолданылады.
- Ведомстволық бағынысты ұйымдар осы Регламентті, тікелей оларға қатысты тармақтарды басшылыққа алады.
Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776 ҚБП қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес жүзеге асырылады.
- Жұмыс тәртіптемесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Министрлікте мынадай жұмыс режимі белгіленеді: жұмыстың басталуы – 9 сағат 00 минут, аяқталуы – 18 сағат 30 минут. Түскі үзіліс – 13 сағат
00 минуттан 14 сағат 30 минутқа дейін.
Бұл ретте құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен келісу бойынша олардың таңдауы негізінде жұмыскерлерге мынадай нұсқаларға сәйкес икемді жұмыс режимі белгіленуі мүмкін:
1) жұмыстың басталуы – 8 сағат 30 минут, аяқталуы – 17 сағат 30 минут. Түскі үзіліс – 13 сағат 00 минуттан 14 сағат 00 минутқа дейін;
2) жұмыстың басталуы – 9 сағат 30 минут, аяқталуы 19 сағат 00 минут. Түскі үзіліс – 13 сағат 00 минуттан 14 сағат 30 минутқа дейін;
3) жұмыстың басталуы – 9 сағат 00 минут, аяқталуы – 18 сағат 00 минут. Түскі үзіліс – 13 сағат 00 минуттан 14 сағат 00 минутқа дейін;
4) жұмыстың басталуы– 8 сағат 30 минут, аяқталуы – 18 сағат 30 минут. Түскі үзіліс – 13 сағаттан 15 сағат 00 минутқа дейін;
5) жұмыстың басталуы– 9 сағат 30 минут, аяқталуы – 18 сағат 30 минут. Түскі үзіліс – 13 сағаттан 14 сағат 00 минутқа дейін.
Министрдің хатшылығы мен өзге де жұмыскерлер үшін мынадай икемді жұмыс режимі белгіленуі мүмкін: жұмыстың басталуы – 9 сағат 30 минут, аяқталуы – 19 сағат 30 минут. Түскі үзіліс – 13 сағат 00 минуттан 15 сағат 00 минутқа дейін.
Құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін мынадай икемді жұмыс режимі белгіленуі мүмкін: жұмыстың басталуы – 9 сағат 00 минут, аяқталуы – 19 сағат 00 минут. Түскі үзіліс – 13 сағат 00 минуттан 15 сағат 00 минутқа дейін.
Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының және Өтініштер және талдау басқармасының жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті басшысының қызметтік жазбасының негізінде жұмыскерге мынадай жұмыс режимі қолданылуы мүмкін: жұмыстың басталуы – 10 сағат 00 минут, аяқталуы – 19 сағат 30 минут. Түскі үзіліс – 13 сағат 00 минуттан 14 сағат 30 минутқа дейін.
Икемді жұмыс режимі белгіленетін жұмыскерлердің тізбесі, сондай-ақ оның тәртібі орталық аппараттың қызметкерлері үшін – аппарат басшысының бұйрығында, комитеттердің қызметкерлері үшін комитет төрағасының бұйрығында айқындалады.
Жұмыскердің кіруі және шығуы Министрліктер үйінің № 14 кіреберісінде сәйкестендіру картасы және/немесе Face ID арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс уақытын есепке алудың компьютерлік деректер базасының мәліметтері белгіленген жұмыс режимінің сақталуын тексеру үшін негіз болып табылады.
Министрліктер үйі ғимаратына бөгде адамдардың кіруі қызметтік мақсатта бір реттік рұқсаттамалар немесе тізімдер бойынша жүзеге асырылады. Ғимаратқа кіру туралы шешімді құрылымдық бөлімше басшысы орынбасарының деңгейінен төмен емес лауазымды адам, ал шетел азаматтары үшін Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасымен алдын ала келісу бойынша қабылдайды.
- Жұмыс уақытын есепке алуды кадр қызметі әрбір жұмыскер бойынша рұқсаттаманы бақылап басқару жүйесі (бұдан әрі – РББЖ) арқылы жүргізеді. Жұмыскерлердің жұмыс уақытын есепке алу табелін (бұдан әрі – Табель) әрбір құрылымдық бөлімше дербес жүргізеді. Табель құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің жұмыста уақытша болмауы туралы күнделікті ақпарат негізінде толтырылады.
Табельге құрылымдық бөлімшенің/ведомствоның басшысы қол қойғаннан кейін табельді жүргізуге жауапты жұмыскер табельді Кадр жұмысы департаментімен келіседі және оны ағымдағы айдың 13-і және 23-і күндері Экономика және қаржы департаментінің Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасына береді.
- Министр, вице-министрлер, аппарат басшысы, департамент директоры, комитет төрағасы және оның орынбасары не өзге де уәкілетті лауазымды адам бұқаралық ақпарат құралдарында Министрліктің ресми ұстанымын білдіреді.
Құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды баспасөз хатшысымен алдын ала келіседі.
Ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлейтін сөздерінің мазмұны Министрліктің ұстанымына қайшы келмеуге тиіс және қажет болған жағдайда баспасөз хатшысымен келісіледі.
2-тарау. Министрліктің жұмысын жоспарлау
- Министрлікте жұмысты жоспарлау Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына және Министрліктің бес жылдық кезеңге арналған даму жоспарына (бұдан әрі – Даму жоспары), Министрлік туралы ережеге, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларына, сонымен қатар, Салалық құрылымдық бөлімшелердің кешенді жұмыс жоспарларын және ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспарын әзірлеуге негізделеді.
Іс-шараларды әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу, талдау, түзету және Даму жоспарын және Салалық құрылымдық бөлімшелердің кешенді жұмыс жоспарларын бекіту жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді Министрліктің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті жүзеге асырады.
Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметінің негізгі көрсеткіштерінің тізбесін әзірлеу, оған өзгерістер енгізу және оның орындалуын мониторингтеу жөніндегі жұмысты үйлестіруді Корпоративтік басқару департаменті жүзеге асырады.
- Министрліктің даму жоспары Ұлттық жоспар, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде бес жылдық кезеңге үш жыл сайын әзірленеді
- Даму жоспарын әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу және бағалау тәртібі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында және «Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Елдің аумақтық даму жоспарын, тұжырымдамаларды, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларын (бұдан әрі – мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу әдістемесі) әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрығында регламенттелген.
- Министрліктің даму жоспары құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың ұсыныстары негізінде министрліктің вице-министрлерімен және аппарат басшысымен (бұдан әрі – аппарат басшысы) келісілген түрде, Министрліктің талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті арқылы қалыптастырады және Мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
Даму жоспары бекітілген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылады.
- Министрліктің даму жоспарын іске асыру туралы жыл сайынғы есеп Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 5 ақпанынан кешіктірмей қалыптастырады және есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Даму жоспарын іске асыру туралы жыл сайынғы есеп осы Әдістеменің
5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады және мыналарды қамтиды:
1) жоспарланған және нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері, сондай-ақ оларға қол жеткізбеу себептері;
2) есепті кезеңде қаржыландыру көздері бөлінісінде бөлінген және игерілген қаражатты көрсете отырып, жоспарланған іс-шаралардың орындалғаны, орындалмағаны немесе ішінара орындалғаны туралы ақпарат, сондай-ақ (іс-шаралардың орындалмағаны немесе ішінара орындалғаны жайында, оның ішінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін жағдайда) оларды орындамау себептері туралы, егер бар болса, заңнамада белгіленген тәртіппен қалыптастырылған жобалық басқару туралы ақпаратты ескере отырып, түсіндірмелер;
3) даму жоспары тапсырмаларын іске асыру барысында талдау, проблемалар мен міндеттерді шешу дәрежесі туралы ақпаратты, сондай-ақ қорытындылар мен ұсыныстар.
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелері жартыжылдықтың қорытындысы бойынша есепті жылдың 5 шілдесінен кешіктірмей, мониторингті одан әрі жүргізу үшін Даму жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпаратты Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментіне жібереді.
- Құрылымдық және салалық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жоспарлау күнтізбелік бір жыл мерзімге әзірленетін Жұмыс жоспарларын әзірлеу, іске асыру және мониторингтеу жолымен жүзеге асырылады.
Жұмыс жоспарларын басқармалар бөлінісінде Министрліктің барлық құрылымдық және салалық құрылымдық бөлімшелері әзірлейді және онда орындалу мерзімі, аяқталу нысаны және қаржыландыру көздері көрсетіле отырып, Мемлекет басшысының, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларының тармақтары және өзге де орындалуы міндетті тапсырмалар, жоспарланатын іс-шаралар, сондай-ақ Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар енгізіледі. Әрбір басқарма үшін қойылған мақсаттарға және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу дәрежесін көрсететін тиімділіктің түйінді көрсеткіштері (KPI) белгіленеді.
Жұмыс жоспарларын жетекшілік ететін Министрліктің вице-министрлері не аппарат басшысы ағымдағы жылғы 31 қаңтардан кешіктірмей бекітеді және Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментіне жіберіледі.
Жұмыс жоспарлары тармақтарының орындалуына тұрақты түрде мониторинг жүзеге асырылады, сондай-ақ тоқсан сайынғы негізде қорытындысы шығарылып және талдамалық ақпарат қалыптастырыла отырып, KPI-дің орындалуын бағалау жүргізіледі.
Іс-шаралардың іске асырылу және KPI-ға қол жеткізу барысы туралы ақпарат тоқсан сайын (есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірілмей) Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментіне ұсынылады.
- Жұмыс жоспарына түзету құрылымдық бөлімше басшысының негіздемесі бар қызметтік жазбасы негізінде жетекшілік ететін Министрліктің вице-министрлерінің немесе аппарат басшысының атына енгізіледі.
- Ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмысын жоспарлау мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингтеу арқылы жүзеге асырылады.
- Ұйымға жетекшілік ететін салалық құрылымдық бөлімше/ведомство жыл сайын жоспарлы кезеңнің алдындағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей жетекшілік ететін салалық бағыты бойынша ведомстволық бағынысты ұйымның (АҚ, ЖШС, РМК) тиісті салаға жетекшілік ететін вице-министрмен бекітілген Министрліктің даму жоспарын және тиісті бюджеттік бағдарламаларын орындауға бағытталған қызметінің мақсаттары мен міндеттерін Корпоративтік басқару департаментіне ұсынуды қамтамасыз етеді.
Құрылымдық бөлімшелер/ведомстволар бюджеттік бағдарламаға не Министрліктің даму жоспарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген не олар қайта бекітілген жағдайларда бір ай мерзім ішінде Корпоративтік басқару департаментіне нақтыланған мақсаттар мен міндеттерді, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйым (АҚ, ЖШС, РМК) қызметінің негізгі көрсеткіштерін жібереді.
Ұйым Даму жоспарының жобасын/Даму жоспарын жыл сайын нақтылау/түзету жобасын Министрліктің бекітуге немесе келісуге енгізген кезде құрылымдық бөлімшелер/ведомстволар 7 жұмыс күні ішінде Даму жоспарының жобасын оның қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің, негізгі көрсеткіштерінің Министрліктің бағдарламалық құжаттарына, сондай-ақ баптар бойынша бюджеттік бағдарламалар шеңберіндегі кірістер мен шығыстарға, субсидияларға, мемлекеттік тапсырмаларға және т.б. сәйкестігі нысанасында қарайды.
Корпоративтік басқару департаменті Регламенттің 98-тармағында белгіленген тәртіппен Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының даму жоспарларын бекітуді қамтамасыз етеді.
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары жыл сайын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеу жүргізу аяқталғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментіне зерттеу нәтижелерін (есептер, жинақтар, құралдар, анықтамалар, баяндамалар және т.б.) уақтылы және сапалы түрде ұсынады.
Зерттеу нәтижелері электрондық DOC/DOCX электрондық форматынан ауыстыру жолымен алынған PDF форматында жіберіледі.
3-тарау. Алқа отырыстарын жоспарлау, дайындау және өткізу тәртібі
- Министрлік алқасы Министрлік жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
- Алқа отырыстары ашық режимде қазақ және орыс тілдерінде өтеді, Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын міндетті түрде қарай отырып, жылына бір рет өткізіледі.
Қажет болған жағдайда Министрдің шешімі бойынша Алқаның кезектен тыс отырыстары өткізілуі мүмкін.
- Алқа отырысына мемлекеттік органдардың, оның ішінде олардың аралас қызмет салаларын ведомствоаралық үйлестіру міндеттері негізінде жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ қажет болған жағдайда үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылады.
Министрдің шешімі бойынша Алқа отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, діни бірлестіктердің өкілдері, жастар қоғамдық ұйымдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
Министрліктің есепті жылдағы қызметінің нәтижелері және алдағы жылға арналған негізгі міндеттері бойынша Алқа Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің немесе оның орынбасарларының қатысуымен өткізілуі мүмкін.
- Алқа отырысында қаралатын материалдар мемлекеттік және орыс тілдеріндегі Алқа шешімінің жобасын, анықтамаларды, слайдтарды, ақпараттық (талдамалық) және қаралатын мәселенің мәні бойынша басқа да қажетті материалдарды қамтуға тиіс.
Министрмен келісу бойынша күн тәртібінен жоспарланған мәселелерді алып тастауға және оған жоспарланбаған мәселелерді енгізуге жол беріледі.
Министрліктің Алқа отырыстарына материалдар жинауды Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті жүзеге асырады.
Алқа отырысына шақырылғандардың тізімін құрылымдық бөлімшелер басшыларының, вице-министрлердің және аппарат басшысының ұсыныстарын ескере отырып, Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті қалыптастырады.
Министрмен келісілген Алқа отырысына шақырылғандардың тізімін Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті, құзыреті бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшылары отырыс өткізілетін күнге дейін
10 күннен кешіктірмей жолдайды.
Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қажетті ақпараттық және таныстыру материалдарын мемлекеттік және орыс тілдерінде Алқа отырысына дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментіне уақтылы ұсынады.
Алқаның қарауына енгізілетін материалдардың уақтылы және сапалы дайындалуына мәселені қарауға бастамашылық жасаған Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жауап береді.
Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары берген ақпараттың негізінде Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті Министрге баяндама, таныстыру материалдарын, сондай-ақ басқа да үлестіру материалдарын дайындауды қамтамасыз етеді.
Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті Алқа отырысында қарауға ұсынылған материалдардың дайын болу дәрежесін зерделейді және олардың дайын екендігі туралы министрге баяндайды, ол Алқаның күн тәртібі мен жұмыс регламентін бекітеді.
- Алқа отырыстары ашық болып табылады, қажет болған жағдайда министр Алқа отырысының жабық бөлігін өткізу туралы хабарлай алады.
Алқаның жабық отырыстарын өткізу, құпия мәселелерді талқылау құпиялылық режимінің талаптарын сақтай отырып және рұқсат етуді шектей отырып жүзеге асырылады.
Егер Алқа отырыстары ашық болған жағдайда Министрліктің интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі Министрліктің ресми аккаунттарында оларды онлайн трансляциялау қамтамасыз етіледі.
- Алқа отырыстарында министр, ал ол болмаған кезде министрдің міндетін атқарушы адам төрағалық етеді.
- Алқа төрағасы:
1) Алқа отырыстарында төрағалық етеді;
2) Алқаның жұмысын ұйымдастырады;
3) Алқаның жұмыс жоспарын, күн тәртібін, Алқаның жұмыс регламентін, отырысты өткізу күнін, уақыты мен орнын, жүргізу тәртібін және өзге де қажетті құжаттар мен материалдарды бекітеді;
4) Алқаның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша баяндамашыларды айқындайды.
- Алқа отырысында мәселелерді қарау нәтижелері бойынша хаттама нысанында мемлекеттік тілде ресімделетін Алқаның шешімі қабылданады (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).
Алқа отырысының қорытындысы бойынша әзірленген шешімдерді Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары орындауға тиіс.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделген Алқа отырысы шешімінің жобасы мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, вице-министрлермен және Министрліктің аппарат басшысымен, Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментімен келісілгеннен кейін Алқа отырысы өткізілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей Алқа төрағасына қол қоюға ұсынылады.
Егер шешімнің жобасын келісу барысында құрылымдық бөлімшелер арасында оның жекелеген мәселелері бойынша келіспеушіліктер туындаса, онда даулы мәселе бойынша түпкілікті шешімді Министр қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе оның орынбасарларының төрағалық етуімен өткізілген Алқаның қорытындысы бойынша Алқа шешімінің жобасы мүдделі құрылымдық бөлімшелермен және Министрліктің басшылығымен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жіберіледі.
Алқа отырысының шешімі оған Алқа төрағасы қол қойғаннан кейін «Бұлтты құжат айналымы» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – БҚА) тіркеледі, танысу және орындау үшін хаттамада орындаушылар ретінде көрсетілген адамдар мен бөлімшелерге, сондай-ақ бақылауды жүзеге асыру және хаттамалардың түпнұсқаларын сақтауды ұйымдастыру үшін Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментіне дереу жіберіледі.
Алқа шешімдерінің сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында олардың тұжырымдамасында нақты шаралар қабылдау туралы анық және айқын тапсырмалар, сондай-ақ олардың орындалу мерзімдері қамтылуға тиіс.
Алқа отырысының шешімінде тапсырмаларды орындаудың нақты мерзімдері айқындалмаған жағдайда («тұрақты», «жыл ішінде»), онда олар аталған кезең өткеннен кейін министрді хабардар ете отырып, есепті жыл ішінде орындалуы тиіс.
Алқа шешімдеріне сәйкес дайындалған бұйрықтарға, қызметтік жазбаларға, хаттарға, тапсырмаларға вице-министрлер және/немесе аппарат басшысы виза қояды және олар Алқа отырысының хаттамасында белгіленген мерзімде Министрге ұсынылады.
4-тарау. Қоғамдық кеңестің отырыстарын ұйымдастыру мен өткізу және азаматтардың мәдениет және ақпарат саласындағы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсынымдар беру тәртібі
- Мәдениет және ақпарат саласындағы қоғамдық кеңес (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) Министрлік құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган болып табылады.
- Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
- Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады және Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.
- Қоғамдық кеңестің отырыстарына материалдар жинауды Азаматтық қоғам істері комитеті жүзеге асырады.
Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қажетті ақпараттық және таныстыру материалдарын мемлекеттік және орыс тілдерінде Қоғамдық кеңес отырысына дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірмей Азаматтық қоғам істері комитетіне уақтылы ұсынады.
Қоғамдық кеңестің қарауына енгізілетін материалдардың уақтылы және сапалы дайындалуына Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жауапты болады.
- Қажет болған жағдайда кезектен тыс отырыстар өткізіледі. Кезектен тыс отырыстарды өткізу тәртібі Қоғамдық кеңес туралы ережеде регламенттеледі.
- Қажет болған жағдайда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімі бойынша мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіподақ және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.
- Қоғамдық кеңес қызметінің, оның ішінде отырыстар өткізудің өзге де мәселелері Қоғамдық кеңес туралы ережеде айқындалады.
- Министрліктің Қоғамдық кеңестің өкілеттіктеріне жататын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуші болып табылатын құрылымдық бөлімшелері нормативтік құқықтық актінің жобасын Қоғамдық кеңестің хатшысына жібереді, ол талқылау және ұсынымдарды әзірлеу үшін Қоғамдық кеңес мүшелерінің электрондық мекенжайларына жіберіледі. Қоғамдық кеңестердің ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауаптар беретін мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылады.
5-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстары мен кеңестеріне материалдарды, сондай-ақ Министрдің тапсырмасы бойынша не жоғары тұрған мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша енгізілетін материалдарды дайындау
- Министрліктің құзыретіне қатысты мәселелер Үкімет отырысына шығарылған кезде құрылымдық бөлімшелер Министрліктің ағымдағы жай-күйін, проблемалық мәселелерін, оны шешу жолдарын және ұстанымдарын көрсете отырып, тиісті анықтамалар дайындайды және жинақтау үшін оларды отырыс өткізілетін күнге дейін үш күннен кешіктірмей Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментіне ұсынады. Анықтамалар қысқаша жазылуға тиіс, бірақ сонымен бірге қаралып отырған мәселені толық қамтуға және түпкілікті ақпарат беруге тиіс.
Министрдің тапсырмасы бойынша не жоғары тұрған мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша материалдар дайындау қажет болған кезде құрылымдық бөлімшелер Министрдің тапсырмасына сәйкес және сұрау салу мақсаттарын ескере отырып, тиісті материалдар мен тезистерді дайындайды және қажет болған кезде жетекшілік ететін вице-министрмен келіскеннен кейін оларды жинақтау үшін Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментіне ұсынады. Материалдар қысқаша жазылады және қажетті ақпаратты қамтиды.
Құрылымдық бөлімшелер дайындайтын және Министрдің тапсырмасы бойынша не жоғары тұрған мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша енгізілетін материалдардың мазмұнының сапасы мен уақтылы дайындалуы үшін жауаптылық жетекшілік ететін вице-министрлерге жүктеледі.
- Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті отырыс өткізілетін күнге дейін бір күн бұрын Министрге Үкімет отырысының материалдарын енгізеді.
- Министрлік баяндамашы болып табылатын мәселелер бойынша жетекшілік ететін вице-министрмен келісілген Үкіметтің отырыстары мен кеңестеріне шығарылатын материалдарды қаралатын мәселе құзыретіне кіретін құрылымдық бөлімше отырысқа дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей Министрге келісуге ұсынады.
- Материалдар министрмен келісілгеннен кейін қаралатын мәселе құзыретіне кіретін құрылымдық бөлімше мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырылған құжаттардың барлық топтамасын отырысқа/кеңеске дейін күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізеді.
- Үкіметтің отырысы мен кеңесіне дайындалған материалдар анықтамаларды, хаттамалық шешімнің жобаларын, таныстырылымдарды (слайдтар – қаріп мөлшері кемінде 20), көлемі 2 МБ-дан аспайтын, ілеспе аударманы қамтамасыз ету үшін 2 тілде әзірленген баяндамаларды (баяндамалар 7-10 минуттан аспауға тиіс), қатысушылардың тізімін қамтуға тиіс.
6-тарау. Министрліктің басшылығында өтетін аппараттық және
өзге де кеңестерді өткізу тәртібі
- Кеңестерді дайындауды, кеңеске шақырылған қатысушыларға хабар беруді, материалдар дайындауды:
1) министрде өтетін аппараттық кеңестер бойынша – министрдің хатшылығы;
2) Министрліктің басшылығы өткізетін өзге де кеңестер бойынша қаралатын мәселе құзыретіне кіретін құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
Министрде өтетін аппараттық кеңеске вице-министрлер, аппарат басшысы қатысады. Қажет болған жағдайда құрылымдық бөлімшелердің басшылары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары, Министрдің хатшылығы және Министрдің тапсырмасы бойынша басқа да адамдар шақырылуы мүмкін.
Министрде өтетін аппараттық кеңестер аппараттық кеңеске қатысушы адамдарды құзыреті шегінде ағымдағы мәселелері бойынша тыңдау нысанында өткізіледі. Аппараттық кеңестерге материалдар ретінде хатшылық Министрге қатысушылардың тізімін ғана енгізеді, сондай-ақ қатысушыларға қойылатын сұрақтар енгізілуі мүмкін.
Вице-министрлер немесе аппарат басшысы Министрде өтетін аппараттық кеңесте қаралатын қосымша мәселелер бойынша аппараттық кеңес өткізілгенге дейін 2 жұмыс күнінен кешіктірмей Министрге ұсыныстар енгізуі мүмкін.
Министрде өткен кеңестің қорытындысы бойынша жауапты құрылымдық бөлімше егер өзге мерзім белгіленбесе, екі жұмыс күні ішінде хаттаманың жобасын дайындайды және Министрдің хатшылығына енгізеді. Вице-министрлермен және құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен міндеттерді бекіту жоспарының жобасын келісу бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
- Құрылымдық бөлімшелердің басшылары, вице-министрлер мен аппарат басшысы ай сайын айдың 25-і күніне дейін Министрде кеңестерді өткізу күні мен оның күн тәртібі бойынша хатшылыққа ұсыныстар енгізеді.
Құрылымдық бөлімшелердің басшылары, вице-министрлер мен аппарат басшысы апта сайын бейсенбі күндері Министрде кеңестерді өткізу күндері мен оның күн тәртібі бойынша хатшылыққа ұсыныстар енгізеді.
Хатшылық Министрмен бір аптаға/айға келісілген кеңестерді Министрдің кестесіне енгізеді.
Олқылықтарды болдырмау үшін кеңестерді өткізудің болжамды мерзімдері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратында (қатысушы лауазымды адамдар бойынша) жоспарланған іс-шараларды өткізу мерзімдерімен салыстырылуға тиіс.
- Министрдің шешімі немесе онымен келісу бойынша Министрліктің басшы лауазымды адамдарының не Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының ұсыныстары бойынша кеңестердің күн тәртібіне және/немесе кеңеске қатысушылардың құрамына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Министрліктің басшы лауазымды адамдары, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қажет болған жағдайда кестеге енгізілмеген мәселелер бойынша жоспардан тыс кеңес өткізу туралы Министрге ұсыныстар енгізе алады.
- Кеңес өткізілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары Министрліктің жетекшілік ететін басшы лауазымды адамдарымен келісу бойынша материалдарды Министрдің хатшылығына қағаз түрінде, сондай-ақ қызметтік пошта арқылы жібереді.
Кеңеске материалдарды дайындауға жауапты құрылымдық бөлімше кеңес өткізілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей материалдарды кеңеске қатысушылар тізімінде мәлімделген құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жібереді.
Егер күн тәртібінде Министрліктің бірнеше құрылымдық бөлімшелері дайындайтын бірнеше мәселе тұрса, онда материалдарды жалпы жинақтауды күн тәртібінің бірінші мәселесі үшін жауапты Министрліктің құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады, одан кейін Кеңес өткізілгенге дейін бір жұмыс күні бұрын Министрдің хатшылығына енгізеді. Бұл ретте бірлесіп орындаушы Министрліктің құрылымдық бөлімшелері өз мәселелері бойынша осы Регламенттің талаптарына сәйкес жиналыс өткізілгенге дейін екі жұмыс күні бұрын Министрліктің жинақтаушы құрылымдық бөлімшесіне материалдар енгізеді.
Материалдарда баяндалған мәліметтердің анықтығы үшін дербес жауаптылық Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүктеледі.
Кеңес материалдары белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда олар қаралмай қайтарылады.
- Бекітілген тапсырмаларды бекіту жоспары бір жұмыс күні ішінде тіркеледі және жоспардың әрбір тармағы бойынша жауапты адам бекітіле отырып, БҚА-да құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі. Тапсырмаларды бекіту жоспарында ведомстволық бағынысты ұйымдар орындаушылар болып айқындалған жағдайда, онда ол екі жұмыс күні ішінде тиісті ведомстволық бағынысты ұйымдарға орындау үшін жіберіледі.
- Министрдің тапсырмалары бойынша ақпараттың уақтылы ұсынылуын бақылауды Министрліктің жауапты құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.
- Өкілдері кеңеске қатысқан Министрліктің тиісті ведомстволық бағынысты ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелері өздеріне тапсырмаларды бекіту жоспарының келіп түсуін күтпей, кеңестен кейін бірден тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті.
- Ақпаратты БҚА-да тіркеу не Министрліктің жауапты құрылымдық бөлімшесі дайындаған ақпаратты қағаз жеткізгіште Министрге енгізу не Министрдің ауызша келісу күні құжаттың орындалу күні болып есептеледі.
- Министр орындау мерзімін ұзартуы мүмкін.
- Тапсырмаларды бекіту жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты ұсыну мерзімі бұзылған жағдайда, Министрліктің жауапты құрылымдық бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде тапсырманың мазмұнын (тапсырманың күні мен нөмірі, орындаушысы, орындау мерзімі) сипаттай отырып және орындаушының басшысына тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы тапсырмамен Министрліктің жетекшілік ететін басшы лауазымды адамының атына жазба енгізеді.
- Тапсырмаларды бекіту жоспарының орындалуы туралы ақпаратты тапсырма берілген Министрліктің лауазымды адамдары Министрдің атына қағаз нұсқасы талап етілетін жағдайларды қоспағанда, электронды түрде енгізеді. Көрсетілген лауазымды адамдар енгізілетін ақпараттың анықтығына дербес жауапты болады.
- Жауапты вице-министрлер, құрылымдық бөлімшелер апта сайын бейсенбі күндері Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментіне орындалуын бағалай отырып және бақылаудан алу не орындау мерзімін ұзарту туралы ұсыныспен тапсырмаларды бекіту жоспарының орындалуы туралы ақпарат енгізеді.
- Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті апта сайын жұма күндері Министрдің хатшылығына өткен аптадағы тапсырмаларды бекіту жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат енгізеді.
- Кеңесті ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімше Министрде, вице-министрлерде және аппарат басшысында (бұдан әрі – Басшылық) өтетін кеңестерді дайындауға, материалдарды ресімдеуге, таратуға, тапсырмаларды бекіту жоспарының орындалуын бақылауға жауапты болып табылады.
- Басшылықта өтетін кеңестерді дайындау және оны өткізу кезінде мынадай негізгі қағидаттар мен басымдықтар сақталуға тиіс:
1) өткізу ұзақтығын барынша қысқарта отырып, жұмыс уақытында сағат 10.00-ден бастап 13.00-ге дейін өткізіледі;
2) күн тәртібі қалыптастырылады және кеңес өткізілгенге дейін 2 және одан да астам жұмыс күні бұрын жіберіледі;
3) селекторлық және бейнеконференция байланысы форматын барынша пайдалану;
4) құрылымдық бөлімшелерден және ведомстволық бағынысты ұйымдардан бірнеше басшы лауазымды адамдардың кеңеске бір мезгілде шақырылуын болдырмау;
5) кеңестердің қорытындысы бойынша қажет болған жағдайда жауапты адамдар көрсетіле отырып, нақты тұжырымдары мен мерзімдері бар тапсырмаларды қамтитын және орындалып жатқан тапсырмалардың қайталануын болдырмайтын хаттама жасалады.
- Жедел не үдемелі сипаттағы кеңестердің қорытындысы бойынша хаттамалар дайындау талап етілмейді.
7-тарау. Министрдің қатысуымен өтетін ірі және маңызды іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
- Министрдің қатысуымен өтетін ірі және маңызды іс-шаралар (бұдан әрі – Іс-шаралар) деп Министрліктің салалық ведомстволары немесе құрылымдық бөлімшелері ұйымдастыратын, идеологиялық сипатқа ие, қалың бұқараға (мәдени іс-шараларға, архив, құжаттама және кітап ісі саласындағы іс-шараларға, азаматтық қоғамға, жастарға, конфессиялар мен этностардың өкілдеріне) бағытталған, ауқымды ақпараттық жария етумен қамтамасыз етілетін және Министрдің қатысуын болжайтын іс-шаралар түсініледі.
- Іс-шаралар салаларды дамытудың стратегиялық бағыттары шеңберінде жоспарланады және Министрліктің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталуға тиіс.
- Іс-шараларды өткізуге арналған қаражат бюджеттік заңнамаға және бюджеттік жоспарлау рәсімдерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Министрліктің бюджетінде көзделеді.
- Іс-шараны жоспарлау сатысында оны өткізудің орындылығы, форматы, құны, күтілетін нәтижесі мен күні жетекшілік ететін вице-министрмен және Министрмен келісіледі. Іс-шараны өткізудің орындылығын айқындау үшін оны өткізудің тұжырымдамасы және идеологиялық алғышарты әзірленуге тиіс.
Жоспарланған іс-шаралар мерзімдері бойынша және ақпараттық жария ету тұрғысында басқа да имидждік іс-шаралармен, маңызды даталармен, халықаралық және ұлттық мерекелермен қисынды байланысуы тиіс.
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Мемлекеттік кеңесшінің, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының (бұдан әрі – ел басшылығы) қатысуы болжанатын маңызды іс-шаралар тиісінше Президент Әкімшілігімен және Үкімет Аппаратымен келісіледі.
- Вице-министрлер ай сайын айдың 20-күніне дейін Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментіне Министрдің қатысуымен өтетін алдағы екі айға арналған іс-шаралар кестесіне ұсыныс енгізуді қамтамасыз етеді.
Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті ай сайын айдың 1-күніне дейін Министрдің қатысуымен өтетін іс-шаралардың жиынтық кестесін құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен, вице-министрлермен, аппарат басшысымен келісіп, Министрге енгізеді.
- Министр бекіткеннен кейін Іс-шаралар кестесі іс-шараларды уақтылы ұйымдастыру үшін вице-министрлерге, аппарат басшысына, ведомстволар мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жіберіледі.
- Вице-министрлер Іс-шараны өткізу күніне дейін кемінде 2 ай бұрын іс-шараны өткізу тұжырымдамасын, сценарийлердің жобаларын, күн тәртібін, жүргізу тәртібін, қатысушылар мен спикерлердің тізімін, отырғызу схемасын, хаттаманы, сметаны және басқа да материалдарды қамтитын материалдар топтамасының жобасын Министрге келісуге енгізеді.
Материалдар топтамасының жобасы Министрге енгізу алдында Министрдің хатшылығымен келісіледі.
- Министр материалдар топтамасының жобасын келіскеннен кейін вице-министрлер келісілген жобаларға сәйкес және министрдің ескертулері мен тапсырмаларын ескере отырып, Іс-шараны ұйымдастыру тұрғысынан пысықтауды және материалдардың түпкілікті топтамасын дайындауды қамтамасыз етеді.
- Жетекшілік ететін вице-министрлер жоба келісілгеннен кейін 5 күннен кешіктірмей қадамдық іс-әрекеттер, жауапты орындаушылар, аяқталу мерзімі мен нысаны бекітілетін Іс-шараны дайындау жөніндегі жоспарларды бекітеді. Жоспарда Іс-шараны ақпараттық қолдап отыру блогы жеке көрсетіледі, онда түрлері бойынша материалдар саны, тартылатын спикерлер, сарапшылар, қатысатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсетіледі.
- Мемлекеттік сатып алу, тапсырма, тапсырыс беру және гранттар бойынша рәсімдер, Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге шарттар жасасу бюджеттік заңнамаға, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы заңнамаға, мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламалар шеңберінде көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік тапсырманы және республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты (мемлекеттік ақпараттық тапсырысты) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Министрліктің бұйрығымен бекiтiлген Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды, республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты (мемлекеттік ақпараттық тапсырысты) жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырма мен мемлекеттік тапсырысты ұйымдастыру және өткізу кезіндегі өзара іс-қимылы тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
- Іс-шараны өткізу күніне дейін кемінде 1 ай бұрын вице-министрлер материалдар топтамасын түпкілікті келісу үшін Министрге енгізуді қамтамасыз етеді.
Материалдар топтамасында іс-шараны өткізу тұжырымдамасы, сценарийлер, күн тәртібі, өткізу тәртібі, қатысушылар мен спикерлердің тізімі, отырғызу схемасы, хаттаманың жобасы, министрдің сөйлейтін сөзінің тезисі, басқа да қатысушылардың сөйлейтін сөздерінің тезистері, таныстырылымдар, бейнероликтер, ақпараттық аясы жөнінде анықтамалар, ықтимал сұрақтар, ақпараттық сүйемелдеу жоспары, өткен осындай Іс-шаралар бойынша тапсырмалардың орындалуын талдау және басқа да материалдар қамтылуы тиіс.
Вице-министрлер Министрге іс-шараның ұйымдастырылу барысы, олар бекіткен Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы баяндап, өзекті мәселелер мен тәуекелдерді белгілейді.
Министрге енгізу алдында материалдар топтамасы Министрдің хатшылығымен келісіледі.
- Министрдің тапсырмаларын ескере отырып, вице-министрлер 2 күн мерзімде материалдарды пысықтауды және Министрдің хатшылығына енгізуді қамтамасыз етеді.
- Іс-шараға ел басшылығы қатысқан жағдайда материалдар топтамасын Министрмен келісу олар белгілеген мерзімге сәйкес Президент Әкімшілігіне не Үкімет Аппаратына енгізу алдында алдын ала жүргізіледі.
- Жетекшілік ететін вице-министрлер Министрліктің Ақпарат комитетімен және Баспасөз қызметімен бірлесіп, Министрліктің ресми аккаунтында және әлеуметтік желілерде (Министрмен келісу бойынша) іс-шараны онлайн-трансляциялауды қоса алғанда, Министрмен келісілген жоспарға сәйкес Іс-шараны ауқымды түрде ақпараттық қолдап отыруды қамтамасыз етеді.
- Вице-министрлер Іс-шара аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде жетекшілік ететін кеңесшімен келісілген, тиімділігін бағалау және тұжырымдары бар өткізілген Іс-шара туралы есепті министрге енгізуді қамтамасыз етеді.
- Есептің негізінде министр вице-министрлермен, кеңесшілерімен бірлесе отырып, келесі жылы аталған Іс-шараны өткізудің орындылығы немесе орынсыз екендігі туралы не оны қайта форматтау немесе басқа іс-шаралармен біріктіру туралы шешім қабылдайды.
- Іс-шаралар кестесінің және осы Тәртіптің сақталуын бақылауды министрдің хатшылығы жүзеге асырады.
- Бақылау және хаттама мәселелері жөніндегі кеңесші аппараттық кеңестерде осы Тәртіпте айқындалған мерзімдерді ескере отырып, жоспарланған Іс-шаралар мен аталған Тәртіптің орындалуы туралы министрді алдын ала хабардар етеді.
Министрдің жұмыс сапарлары (бұдан әрі – шығу) деп Министрліктің салалық ведомстволары немесе құрылымдық бөлімшелері ұйымдастыратын, халықпен, азаматтық қоғаммен, жастармен, конфессиялар және этностар өкілдерімен, жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істеуге бағытталған сапарлар түсініледі.
Құзыретіне сапар уақытында туындайтын мәселелер кіретін Министрліктің салалық ведомствосы немесе құрылымдық бөлімшесі сапарды ұйымдастыруға жауапты болып айқындалады.
Бір вице-министр немесе аппарат басшысы жетекшілік ететін мәселелер болған жағдайда, мұндай сапарлар бойынша вице-министр немесе аппарат басшысы өзінің жетекшілік ететін блогы шеңберінде негізгі орындаушы құрылымдық бөлімшені айқындайды және қажет болған жағдайда бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелерді бекітеді.
Үш вице-министр жетекшілік ететін мәселелерге қатысты сапарлар ұйымдастыру үшін аппарат басшысына жіберіледі.
Бұл ретте аппарат басшысы сапар барысында туындайтын мәселелерді негізге ала отырып, құрылымдық бөлімшелердің біреуін негізгі орындаушы ретінде және вице-министрлер жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерді бірлесіп орындаушылар ретінде айқындайды.
Жауапты орындаушылар сапарға шығу күніне дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын материалдар топтамасының жобасын министрге келісуге енгізеді.
Министрге енгізу алдында материалдар топтамасының жобасы жетекшілік ететін кеңесшімен және бақылау және хаттама мәселелері жөніндегі кеңесшімен келісіледі.
Материалдар топтамасының жобасы министрмен келісілгеннен кейін жауапты орындаушылар сапарға шығуды ұйымдастыру тұрғысынан пысықтап, келісілген жобаларға сәйкес және министрдің ескертулері мен тапсырмаларын ескере отырып, материалдардың түпкілікті топтамасын дайындауды қамтамасыз етеді.
8-тарау. Цифрландыруды үйлестіру және цифрлық жобаларды енгізу
- Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаменті цифрландыру саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті құрылымдық бөлімше болып табылады.
- Цифрландыру саласындағы барлық бастамалар келесі кезеңдерде Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаментімен міндетті түрде алдын ала келісілуі тиіс:
- жоспарлау;
- бюджеттік өтінімді қалыптастыру;
- техникалық тапсырманы әзірлеу.
- Келісу рәсімі мыналарды қамтиды:
- қайталануды талдау;
- архитектураға сәйкестігін бағалау;
- қолданыстағы жүйелермен интеграциялау;
- ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін талдау;
- қаржылық-экономикалық негіздеме.
- Цифрлық жобаны Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаментімен алдын ала келісусіз іске қосуға жол берілмейді.
- IT-шешімдерді сатып алу Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаментімен келісілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
- Ведомстволық бағынысты ұйымдар жыл сайын мынадай мәліметтерді ұсынады:
- қолданыстағы ақпараттық жүйелер туралы;
- цифрландыруға жұмсалған шығындар туралы;
- цифрлық жетілу деңгейі туралы.
- Ақпараттық жүйелерді жаңғырту Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаментімен міндетті түрде келісуге жатады.
- Құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары осы бөлімнің талаптарын сақтауға дербес жауапты болады.
- Бұзушылықтар анықталған жағдайда Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаменті ескертулер жойылғанға дейін жобаны тоқтата тұруды бастамашылық етуге құқылы.
9-тарау. Министрлік қызметін жобалық басқаруды
жүзеге асыру тәртібі
- Министрліктің Жобалық офисі өз қызметін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі №301/НҚ бұйрығымен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
- Министрліктің жобалық қызметі жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЖБАЖ) жүзеге асырылады және оны Министрліктің Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаменті үйлестіреді.
Министрліктің жобалық қызметіне тартылған құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары жетекшілік ететін базалық бағыттар және үлгілік базалық бағыт шеңберінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы жедел мәліметтерді ЖБАЖ-ға енгізуді қамтамасыз етеді.
- Базалық бағыттар салааралық, салаішілік және ведомствоаралық сипаттағы белгілер бойынша топтастырылған жобалар мен іс-шаралардың жиынтығын қамтиды.
Базалық бағыттардың басшылары мемлекеттік басқару салаларындағы (аясындағы) істердің жай-күйіне жауапты вице-министрлер болып табылады.
Вице-министрлер қызметке тікелей басшылық етуді жүзеге асырады, базалық бағыттың мақсаттары мен нәтижелеріне қол жеткізу үшін базалық бағытты іске асыру тобының (бұдан әрі – ББІАТ) дербес құрамын:
- ББІАТ басшысын;
- ББІАТ бас менеджерін;
- ББІАТ әкімшісін;
- жоба жетекшісін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
- Үлгілік базалық бағыт Министрліктің негізгі қызметі саласында мемлекеттік басқару жүйесін тұрақты жетілдіруге бағытталған.
Үлгілік базалық бағыт мыналарды қамтиды:
- мемлекеттік басқаруды жаңғырту;
- мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен біліктілігін арттыру;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл;
- жалпыұлттық құндылықтарды қалыптастыру;
- мемлекеттік қызметтерді және мемлекеттік органның қызмет саласын/саласын/өңірін цифрландыру.
Үлгілік базалық бағыттың басшысы – Министрліктің аппарат басшысы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік органдардың жобалық басқару жөніндегі үлгілік регламентінің 42-тармағына сәйкес, №5 «Жалпыұлттық құндылықтарды қалыптастыру» үлгілік базалық бағыты жобалар тобы бойынша уәкілетті органның жобалық офисі ретінде ақпарат және қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік органдарға әдіснамалық қолдау көрсету, үйлестіруді қамтамасыз ету, мониторинг және өзара іс-қимылды Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаменті Азаматтық қоғам істері комитетімен бірлесіп жүзеге асырады.
Министрліктің құрылымдық бөлімшелері № 5 «Жалпыұлттық құндылықтарды қалыптастыру» үлгілік базалық бағыты бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 649-НҚ бұйрығымен бекітілген жобалар тобының міндеттерін іске асыру жөніндегі әдістемелік құралға сәйкес тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді және белгіленген мерзімдерге сәйкес жобалар бағыттары бойынша көрсеткіштердің іске асырылуы туралы ақпаратты ЖБАЖ-ға енгізеді.
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары жобалық қызметке тартылған қызметкерлердің жоба командасы құрамында келесі мәселелер бойынша апталық скрам-кездесулерге қатысуын қамтамасыз етеді:
- жобалар міндеттерін орындау барысында туындаған проблемаларды жедел шешу және кедергілерді жою;
- жүйелік сипаттағы мәселелерді талқылау және шешімдер әзірлеу;
- есептік аптада орындалған жұмысты мониторингтеу және бақылау, келесі аптаға арналған міндеттерді түзету.
Қажет болған жағдайда акселерация тобы құрылады – бұл жедел іске асыруды және ресурстарды шұғыл шоғырландыруды талап ететін жобалар бойынша жобалық персонал мен мүдделі қатысушыларға үйлестіру, консультациялық-әдіснамалық, ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қолдау көрсететін мемлекеттік органның жобалық офисі қызметкерлерінен құралған топ. Акселерация тобы мемлекеттік органның жобалық офисінің жалпыұлттық басымдықтарды іске асыру топтарымен, базалық бағыттарды іске асыру топтарымен, жобалар топтарының жетекшілерімен, жоба жетекшілерімен және қатысушыларымен аджайл әдіснамасы бойынша күнделікті скрам-кесте негізінде бірлескен жұмысын ұйымдастырады.
10-тарау. Ведомстволармен және ведомстволық бағынысты
ұйымдармен өзара іс-қимыл
- Министрлік ведомстволар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді қамтамасыз етеді және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес оларды дамытудың негізгі бағыттарын айқындайды.
- Министрлік мынадай бағыттар:
1) ведомстволардың қызметіне басшылық ету және Министрлік жетекшілік ететін салалардағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша салааралық үйлестіру, олардың заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін орындауын бақылау;
2) олардың актілерінің толық немесе бір бөлігінің күшін жою не тоқтата тұру;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен олардың қызметін қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу;
4) бюджеттік жоспарлау, бюджеттің атқарылуын мониторингтеу, орталықтандырылған бухгалтерлік есепті жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қатынастар бойынша ведомстволармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
- Министрліктің ведомстволары олардың қызметінің ішкі тәртібін, оның ішінде Министрліктің ведомстволарымен өзара іс-қимылды регламенттейтін ведомствоның регламентін қабылдайды.
- Ведомстволардан келіп түскен құжаттармен және материалдармен жұмыс істеу ерекшеліктері осы Регламентте белгіленеді.
- Министрлік басшылығының ведомстволардың қызмет саласына қатысты мәселелер жөніндегі тапсырмаларын олар тапсырмада белгіленген мерзімде орындайды.
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің ведомстволармен өзара іс-қимылы процесінде туындайтын келіспеушіліктерді жетекшілік ететін вице-министрлер немесе аппарат басшысы қарайды. Егер қаралғаннан кейін келіспеушіліктер реттелмеген жағдайда олар бойынша шешімді Министр қабылдайды.
- Ведомство мен оларға жетекшілік ететін вице-министрлер немесе аппарат басшысы арасында туындайтын келіспеушіліктерді әрбір тараптың жазбаша өтініші бойынша Министр қарайды.
Қызметкерлерден немесе Министрлікке қарасты ұйымдардың қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты келіп түскен өтініштер мен шағымдарды Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары қарайды. Бұл ретте Министрлік басшылығы тағайындайтын немесе олардың келісімімен тағайындалатын лауазымды тұлғалардың әрекеттері (әрекетсіздігі) туралы өтініштер мен шағымдарға жауаптар Корпоративтік басқару департаментімен келісіліп беріледі.
- Егер тапсырма ведомстволардың құзыреті шегінен шығатын болса, олардың басшылары тапсырманың белгіленген құзыреті шегінде орындалуын қамтамасыз етеді және тапсырманы толық көлемде орындаудың мүмкін еместігі туралы Министрліктің тапсырма берген басшылығына дереу хабарлайды.
- Ведомстволар құрылымдық бөлімшелер басшыларының сұрау салулары бойынша Министрліктің қызметі үшін қажетті ақпараттық, анықтамалық және өзге де материалдарды олар белгілеген мерзімде ұсынуды қамтамасыз етеді. Егер сұрау салынған ақпарат объективті себептер бойынша сұрау салуда көрсетілген мерзімде ұсынылуы мүмкін болмаған жағдайда ведомство сұрау салудың авторымен материалдарды ұсынудың жаңа мерзімін келіседі.
- Ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметі Министрліктің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағдарланған. Министрлік қызметінің тиісті бағыттары ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымында және олардың даму жоспарларында көрініс табады.
- Корпоративтік басқару департаменті Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының корпоративтік басқару қағидаттары мен нормаларын сақтауын мониторингтеуді жүзеге асырады.
- Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының (АҚ, ЖШС, РМК) даму жоспарларының жобалары Корпоративтік басқару департаментімен келісіледі, сондай-ақ:
1) ұйымға жетекшілік ететін салалық құрылымдық бөлімшемен/ведомствомен, Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментімен ведомстволық бағынысты ұйым (АҚ, ЖШС, РМК) қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің Министрліктің даму жоспарының мақсаттарына, нәтиже және міндеттерін орындауға сәйкестігі тұрғысынан;
2) Экономика және қаржы департаментімен бюджет қаражаты есебінен алынған кірістер соммасы;
3) Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және техникалық қолдау, ақпараттық қауіпсіздікке қатысты шығындарды қарау барысында жауапты құрылымдық бөлімшелермен (Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаменті, Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті), сондай-ақ қажет болған жағдайда басқа мүдделі құрылымдық бөлімшелермен және ведомстволармен міндетті түрде келісіледі.
- Ведомстволық бағынысты ұйымдардың Даму жоспарында қарастырылмаған, бірақ әкімшілік шығындар шеңберінде қосымша тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді сатып алу тек тиісті салаға жетекшілік ететін вице-министрдің міндетті түрде алдын ала келісу негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте негіздемесі бар тиісті құжаттар (тізбеге сәйкес) жауапты құрылымдық бөлімшелермен және водомстволармен бес жұмыс күніне дейін қарастырылуы мүмкін. Құжаттарды қосымша зердеулеу қажет болған жағдайда, құжаттарды қарау мерзімі тиісті салаға жетекшілік ететін вице-министрдің келісімі бойынша он жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.
- Ведомстволық бағынысты ұйымдар, сатып алудың жылдық көлемінде бес жүз айлық есептік көрсеткіштен астам тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу рәсімдері, тек тиісті салаға жетекшілік ететін вице-министрдің міндетті түрде алдын ала келісу негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте негіздемесі бар тиісті құжаттар (тізбеге сәйкес) жауапты құрылымдық бөлімшелермен және водомстволармен бес жұмыс күніне дейін қарастырылуы мүмкін. Құжаттарды қосымша зердеулеу қажет болған жағдайда, құжаттарды қарау мерзімі тиісті салаға жетекшілік ететін вице-министрдің келісімі бойынша он жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.
- Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының (АҚ, ЖШС, РМК) даму жоспарларының орындалуы туралы есептер Корпоративтік басқару департаментімен келісіледі:
1) есепті жылға арналған Даму жоспарында бекітілген ведомстволық бағынысты ұйымның (АҚ, ЖШС, РМК) Министрліктің даму жоспарының нысаналы индикаторларына сәйкес келетін мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін анықтау Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментімен;
2) есепті жылы ведомстволық бағынысты ұйым (АҚ, ЖШС, РМК) қызметінің Даму жоспарында бекітілген мақсаттары мен міндеттері, негізгі көрсеткіштері Министрліктің тиісті бюджеттік бағдарламаларының мақсаттарына, нәтижелер көрсеткіштеріне және міндеттерін орындауға қол жеткізуге, сондай-ақ кіріс және шығыс бөлігі бойынша көрсеткіштердің Министрліктің қолдаған бюджеттік өтінімдеріне сәйкестігін анықтау ұйымға жетекшілік ететін салалық құрылымдық бөлімшемен/ведомствомен.
- Ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың есептi жылға даму жоспарлары және олардың орындалуы туралы есептер жетекшілік ететін вице-министрмен және аппарат басшысымен келісу бойынша Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
- Ведомстволық бағынысты акционерлік қоғамдардың/жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарлары және олардың есепті жылға орындалуы туралы есептері директорлар кеңесінің/байқау кеңесінің шешімімен бекітілуге жатады.
- Ведомстволық бағынысты ұйымдардың корпоративтік хатшысын, комплаенс қызметтерін және кадр қызметінің басшысын тағайындау және жұмыстан босату алдын ала Корпоративтік басқару департаментімен келісу арқылы жүзеге асырылады.
Ведомстволық бағынысты ұйымдардың Ішкі аудит қызметінің басшысын және қызметкерлерін немесе жалғыз ревизорын (ревизорларын) тағайындау және жұмыстан босату Ішкі аудит департаментімен алдын ала келісу бойынша жүргізіледі.
- Ведомстволық бағынысты ұйымдар жоғары тұрған органдар берген тікелей тапсырмаларды орындау үшін жіберілетін жауаптарды қоспағанда, құжаттарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне, Үкімет Аппаратына, өзге де жоғары тұрған органдарға немесе лауазымды адамдарға Министрлік арқылы жібереді. Бұл ретте ведомстволық бағынысты ұйымдардың ұстанымдары Министрліктің ұстанымына қайшы келмеуге тиіс және қажет болған жағдайда Министрліктің басшылығымен келісілуге тиіс.
Басшылықтың келісімін алмай, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне, Үкімет Аппаратына және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарына жұмыс тәртібінде жіберілетін құжаттарда Министрліктің тұжырымдамалық ұстанымын көрсетуге немесе жазуға жол берілмейді.
- Ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының және басшылары орынбасарларының Президент Әкімшілігінде, Үкімет Аппаратында, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда өткізілетін кеңестерге қатысуы міндетті түрде Министрліктің басшылығымен келісілуге тиіс.
Ведомстволық бағынысты ұйымдар Президент Әкімшілігінде, Үкімет Аппаратында өткен жедел кеңестерге қатысқан жағдайда Министрліктің басшылығы ол аяқталғаннан кейін хабардар етіледі.
- Ведомстволық бағынысты ұйымдардың осы Регламенттің ережелерін бұзғаны үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары жауапты болады.
- Талдау жүргізу, оның ішінде шағымдар бойынша немесе ведомстволық бағынысты ұйымдардың жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсету, оң тәжірибені зерделеу мақсатында ведомстволық бағынысты ұйымдарға сапарға шығу Министрдің нұсқауы бойынша жүзеге асырылады. Сапарға шығуды құрылымдық бөлімшелер өз қызметінің бағыттары бойынша жүзеге асырады және іссапардан келгеннен кейін атқарылған жұмыс туралы есептерді ұсынуы қажет.
- Министрдің қатысуымен болатын бірлескен іссапарларды қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ олардың орынбасарлары жоспарланған шетелдік іссапар басталғанға дейін кемінде 10 жұмыс күні бұрын жетекшілік ететін вице-министрмен және жетекшілік ететін өндірістік құрылымдық бөлімшемен/ведомствомен жазбаша келісімге келуге және Министрлікке жоғарыда көрсетілген мерзімде мынадай мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлауға тиіс:
1) іссапардың мерзімі, орны және мақсаты;
2) шақырушы тарап және іссапар шығындарын өтеу көзі туралы мәліметтер;
3) іссапарға арналған көлік түрі (әуе көлігін таңдаған жағдайда тек эконом класта).
Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың (мемлекеттік құпияларға рұқсаты бар) бірінші басшыларының шетелге іссапарлары мен шығуы Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы бекітеді.
Министрліктің салалық құрылымдық бөлімшелері ай сайын, есепті ай басталғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын, тиісті вице-министрмен келісілген Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары басшылары мен олардың орынбасарларының ішкі іссапарлары жоспарының жобасын жолдайды. Іссапар қорытындылары бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірінші басшылары және олардың орынбасарлары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей, жетекшілік ететін салалық құрылымдық бөлімшеге/ведомствоға және Корпоративтік басқару департаментіне іссапар нәтижелері туралы есеп ұсынады.
Бекітілген Жоспарға енгізілмеген ведомстволық бағынысты ұйымдар басшылығының іссапар мәселелері Министрдің тапсырмасы болған жағдайларды қоспағанда, іссапар басталғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын Министрліктің жетекшілік ететін салалық құрылымдық бөлімшесінің атына жолданады.
Ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының жоспардан тыс іссапарлары Министрдің жазбаша келісімі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Мұндай келісім Министрліктің тиісті салалық құрылымдық бөлімшесі рәсімдеген қызметтік жазба негізінде беріледі.
Министрлікке жіберілетін және бірінші басшылардың міндеттерін атқарушы қол қойған хаттарға бірінші басшының міндеттерін атқаруды ведомстволық бағынысты ұйымның тиісті басшы жұмыскеріне жүктеу туралы бұйрықтардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
Ведомстволық бағынысты ұйымдардан Министрлікке келіп түсетін және олардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша хаттар тіркелген күнінен бастап, 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей қаралуға және жауап берілуге тиіс. Мәселені қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, қарау мерзімі аппарат басшысының атына рәсімделген қызметтік жазба негізінде ұзартылуы мүмкін.
Іссапарларды, демалыстарды, сыйақыларды, қаржылық мәселелерді және/немесе ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірінші басшылары мен олардың орынбасарларының өкілеттік мерзімдерін ұзартуды келісу тиісті салалық құрылымдық бөлімше/ведомство және жетекшілік ететін вице-министр арқылы жүзеге асырылады.
- Қызметі жарғылармен реттелетін ведомстволық бағынысты ұйымдардың ішкі аудит және бақылау қызметтерінің жұмысын Министрліктің Ішкі аудит департаменті:
- ішкі аудит қызметінің, жеке-дара ревизордың жылдық жұмыс жоспарларының жобаларын келісу;
- қажет болған жағдайда Министрліктің Ішкі аудит департаменті жүргізетін, оның ішінде басқа ведомстволық бағынысты ұйымдарда жүргізілетін ішкі мемлекеттік аудитке ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің, жеке-дара ревизордың қатысуын қамтамасыз ету;
- ішкі аудит қызметтерінің, жеке-дара ревизордың (ревизорлардың) есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде Министрліктің Ішкі аудит департаментіне ұсынған жүргізілген аудиттердің қорытындылары туралы тоқсан сайынғы есептерін және аудиттің қорытындысы бойынша анықталған, мониторингтің қорытындысы бойынша жартыжылдық есептерін қарау;
- Ішкі аудит қызметтерінің, жеке-дара ревизордың (ревизорлардың) қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізу;
- жеке-дара ревизордың, ревизорлардың есептерін бекіту туралы бұйрықтардың жобаларын дайындау;
- жеке-дара ревизорды, ревизорларды көтермелеу, жаза қолдану туралы бұйрықтардың жобаларын дайындау құзыреті шегінде үйлестіреді.
- Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдары қызметкерлерінің шығыстарын өтеу тәртібі мен шарттары мыналарға жіберіледі:
1) ішкі іссапарлар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегінде іссапарлары туралы ережеде айқындалады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы.
2) шетелдік іссапарлар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарлар бойынша шығыстарды өтеу қағидаларында айқындалады.
- Министрліктің аудиторлық іс-шараларын ұйымдастыруды Ішкі аудит департаменті «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.
- Ведомстволық бағынысты ұйымның қызметкерін іссапарға жіберу туралы үш жақты келісімді ресімдеуді жетекшілік ететін салалық құрылымдық бөлімше/бөлімше дайындаған және оған жетекшілік ететін вице-министр қол қоятын жадынама негізінде шақырушы құрылымдық бөлімше/ведомство жүзеге асырады.
Жетекшілік ететін салалық құрылымдық бөлімшелер/ведомстволар 1-2 күн ішінде ведомстволық бағынысты ұйымның іссапарға жіберілген қызметкерінің Министрлікке баруына қатысты барлық өзгеріс туралы Корпоративтік басқару департаментіне хабарлайды (науқастығы туралы демалыс, ведомстволық бағыныстағы ұйымда жұмыс істеуге шақыру және т.б.). Корпоративтік басқару департаменті жетекшілік ететін салалық құрылымдық бөлімшемен/бөліммен келісім бойынша ведомстволық бағыныстағы ұйымның іссапарға жіберілген қызметкерінің жұмыс уақытының кестесін толтырады.
- Мемлекеттік құпияларға рұқсаты бар Министрліктің орталық аппараты, ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің шетелдік іссапарларға шығу тәртібі Нұсқаулықта белгіленеді.
- Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында қызметкердің немесе жұмыс берушінің бастамасы бойынша 6 айдан аспайтын мерзімге қашықтан немесе аралас жұмыс форматы белгіленуі мүмкін.
Ведомстволық бағынысты ұйым қызметкерлердің белгілі бір тобын қашықтан немесе аралас жұмыс форматына көшіруді келісу туралы хатты жетекшілік ететін вице-министрдің атына жолдайды.
Министрліктің жетекшілік ететін салалық құрылымдық бөлімшесі Корпоративтік басқару департаментімен келісу арқылы 5 (бес) жұмыс күні ішінде ведомстволық бағынысты ұйымға қашықтан немесе аралас жұмыс форматына көшіруді келісу не одан бас тарту туралы негізделген жауап хат жолдайды.
- Ведомстволық бағынысты ұйымдардың барлық қызметкерлері еңбек тәртібін сақтауға міндетті. Корпоративтік басқару департаменті ай сайын ақпараттық жүйеден ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауына қатысты деректерді жүктеп алады.
Анықталған еңбек тәртібін бұзу фактілері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес шаралар қабылдау үшін ведомстволық бағынысты ұйымдарға жолданады.
11-тарау. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшы қызметкерлерінің кейбір кадр мәселелерін қарау және келісу
- Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы (бұдан әрі – еңбек демалысы) тараптармен келісу бойынша және ұйымдар бекіткен еңбек демалыстары кестесіне (бұдан әрі – демалыстар кестесі) сәйкес беріледі.
- Басшы қызметкерлердің демалыс кестесін ұйымның кадр қызметі алдыңғы жылдың желтоқсанында қалыптастырады және Министрлікпен келісіледі. Демалыс кестесіне өзгерістер Министрлікпен келісу бойынша енгізіледі.
Демалыс кестесінің сақталуын бақылауды ұйымдардың кадр қызметі жүзеге асырады.
119. Жыл сайынғы еңбек демалысы ведомстволық бағынысты ұйымның бірінші басшысы бекіткен еңбек демалысы кестесінің негізінде толық немесе бөліктермен беріледі. Ұйымның бірінші басшысы мен оның орынбасарларының еңбек демалысының кестесі жетекшілік ететін салалық құрылымдық бөлімшемен/басқармамен және жетекшілік ететін вице-министрмен келісіліп, Корпоративтік басқару департаментіне ұсынылады.
Демалыс беру туралы өтініш (еңбек демалысы және демалыстың басқа түрлері) электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі – ЭҚЖ) арқылы мемлекеттік тілде (қажет болған жағдайда орыс тілінде) мына мекенжайға жіберіледі:
1) жетекшілік ететін вице-министр – директорлар кеңесінің төрағасы/байқау кеңесінің төрағасы – АҚ, ЖШС бірінші басшысынан, алқалы атқарушы органның мүшелерінен (егер ұйымның жарғысында өзгеше белгіленбесе);
2) Министр – РМК, МКҚК (шаруашылық жүргізу құқығындағы және қазыналық кәсіпорын) бірінші басшысынан бастап, оның орынбасарларынан.
- Демалыс беру туралы бұйрықты жетекшілік ететін вице-министрдің оң қорытындысы бар ведомстволық бағыныстағы ұйым қызметкерінің (РМК, ММ басшысы мен орынбасарлары) өтініші негізінде Корпоративтік басқару департаменті әзірлейді. Қызметкердiң өтiнiшiне ведомстволық бағынысты ұйымның кадр қызметiнiң басшысы қол қойған, бұрын пайдаланылмаған демалыс күндерi көрсетiлген жыл сайынғы еңбек демалысы берiлген жұмыс iстеген кезеңi туралы мәлiметтер көрсетiлген анықтама қоса берiлуге тиiс.
- Демалысты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өткізуді жоспарлаған жағдайда құпия құжаттарға рұқсаты бар қызметкер өтініште баратын елін және кезеңін көрсетуі қажет.
- Осы Регламенттің 121-тармағында көзделген жағдайда демалыс беру туралы өтініш Министрліктің Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасымен келісіледі.
- 3 (үш) жұмыс күніне дейінгі кезеңге жалақысы сақталмайтын демалыс беру үшін қызметкер тікелей басшымен келісу кезінде Министрлікке тиісті хабарлама жібереді.
- Басшы қызметкерлердің іссапарлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
- Кандидаттардың бос лауазымға немесе ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшы орынбасарларының (АҚ, КЕАҚ, ЖШС, РММ) өкілеттіктерін ұзартуға алдын ала қарауды Министрлік жүзеге асырады.
125-1. Зейнеткерлік жастағы тұлғалармен еңбек шартын жасасу, сондай-ақ оның мерзімін ұзарту туралы шешім ұйым қызметін үйлестіретін құрылымдық бөлімшемен және Корпоративтік басқару департаментімен келісу арқылы қабылданады.
Корпоративтік басқару департаменті ұсыныстар енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Министрге жетекшілік ететін вице-министрмен келісілген тиісті ұсыныстары бар қызметтік жазбаны енгізеді.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ұйымдардың басшыларын конкурстық негізде және/немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен тағайындау жағдайларына қолданылмайды.
- Министр шешім шығарғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде Корпоративтік басқару департаменті Министрдің тиісті бұйрығын дайындайды.
- Атқарып отырған лауазымынан босату/одан кету туралы өтініш тиісті шешім қабылдаудан 10 жұмыс күні бұрын Министрлікке енгізіледі. Министрдің қарары негізінде Корпоративтік басқару департаменті 2 жұмыс күні ішінде басшы жұмыскерді атқарып отырған лауазымынан босату туралы бұйрық дайындайды.
- Ұйымның басшы жұмыскерлеріне тәртіптік жаза қолдану олардың тәртіптік теріс қылық жасауы негізінде жүзеге асырылады.
- Басшы жұмыскерлер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіптік теріс қылықты жасаған жағдайда Жалғыз акционер Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген тәртіптік жаза түрлерінің бірін қолдануға құқылы.
- Басшы жұмыскердің тәртіптік теріс қылық жасау фактілері анықталғаннан кейін Корпоративтік басқару департаменті 10 жұмыс күні ішінде Министрге растау материалдарымен бірге ақпарат дайындайды.
- Тәртіптік жазаны қолданғанға дейін 3 жұмыс күні бұрын Жалғыз акционер басшы жұмыскерден жазбаша нысанда (ЭҚЖ арқылы не электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық түрде) түсініктеме талап етуге құқылы. Талап қою рәсімдері және оны сақтау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмыскердің дербес түсініктеме бермеуі тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі болып табылмайды.
- Тәртіптік жазаны қолдану және тәртіптік жазаның қолданыс мерзімдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес айқындалады.
12-тарау. Министрліктің кіріс және шығыс хат-хабарларын
ресімдеу, өтуі, қарау
- Құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, хат-хабарларды қабылдау, өңдеу және бөлу, оның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізу Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарының, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі
№ 976 Жарлығының, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығының (бұдан әрі – Құжаттама жасау қағидалары) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес осы Регламентте айқындалады.
- Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
- Министрліктің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету Министрліктің Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментіне жүктеледі.
- Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Парламентінен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратынан, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан келіп түсетін кіріс хат-хабарларды Министрлік жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, өзге ұйымдардан – жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды. Сенбі күндері сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін аппарат басшысы бекітетін ай сайынғы кестеге сәйкес Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінде кезекшілік белгіленеді.
- Министрлікке жіберілетін мемлекеттік органдардың хат-хабарлары (оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар) елтаңбалы бланкіде, қазақ тілінде ресімделуі (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі) және онда мынадай деректемелер:
1) шығыс нөмірі мен күні;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының, оның орынбасарларының тиісті актілері мен тапсырмаларына, сондай-ақ мемлекеттік органның сұрау салуына жауап берген кезде сұрау салудың нөмірі мен күніне сілтеме;
3) мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының не аппарат басшысының (немесе аппарат басшысының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды адамның) қойылған қолы;
4) орындаушының тегі және оның телефон нөмірі қамтылуға тиіс.
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Парламентінен және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратынан келіп түскен хат-хабарларды қоспағанда, осы Регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін кіріс хат-хабарларды Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті қабылдамайды және (немесе) сол күні оны мемлекеттік органға қайтарады.
- БҚА бойынша келіп түскен Құжаттама жасау қағидаларының
157-тармақта белгіленген талаптарды бұза отырып дайындалған (елтаңбалы бланк үлгісінің, мемлекеттік тілдегі мәтіннің болмауы, тіркеу-бақылау карточкаларының қажетті жолақтарының/деректемелерінің) толтырылмауы) құжаттар бұл туралы жіберушіні хабардар ете отырып, тіркелмейді әрі қабылданбайды.
- Факсимиле, түзетулер және өзге де ластанған, қандай да бір зақымдалған жерлері бар, оның ішінде тескішпен тесілген, шимайқағаздарда және мемлекеттік органдар бланкілерінің көшірмелерінде орындалған құжаттар қабылданбайды.
- Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің қызметкерлері конверттерді ашпас бұрын адресаттың жазылуы мен ресімделуінің дұрыстығын, құжаттардың, оларға қосымшалардың жиынтықтылығы мен тұтастығын тексереді, пакетте көрсетілген құжаттардың нөмірлерін құжаттардағы нөмірлермен салыстырады.
Егер құжаттың жиынтығының толық болмауы немесе зақымдалғаны анықталса, онда оның соңғы парағының төменгі жиегіне, сондай-ақ ЭҚАБЖ-да тіркеу-бақылау карточкасына (бұдан әрі - ТБК) тиісті белгілер қойылады және үш данада еркін нысанда акт жасалады.
Бір данасы жіберушіге жіберіледі, екіншісі Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінде қалады, үшіншісі құжатты орындаушыға беріледі.
- Сол арқылы ғана жіберушінің мекенжайын, құжаттың жіберілген және алынған күнін айқындауға болатын жағдайларда, сондай-ақ жеке құжаттар келіп түскен кезде конверттер жойылмайды. «Жеке өзіне» деген белгісі бар конверттер ашылмаған күйінде тиісті адамға беріледі.
- БҚА-да тіркеуге жатпайды және басшылықтың қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне, сондай-ақ Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріндегі іс жүргізуге жауапты адамдарға арнайы журналдарға қол қойғыза отырып беріледі.
Фельдъегерлік қызмет және арнайы байланыс арқылы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат-хабарларды жолдау үшін қағаз құжаттарды қабылдау Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті тарапынан жұмыс күндері сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жүзеге асырылады. Орындаушылар құжатты хатта көрсетілген мерзімге дейінгі бір күн бұрын алдын ала әкелуі тиіс.
- Министрлікке келіп түсетін құжаттар төмендегіше бөлінеді:
1) Министрдің қарауына:
- Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмалары;
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының және Қауіпсіздік кеңесінің тапсырмалары мен хаттары;
- Парламент палаталары төрағаларының, Мемлекеттік кеңесшінің, Бас прокурордың, Үкімет Аппараты Басшысының, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің, өзге де орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының хаттары;
- Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сауалдары;
- Министрдің атына жазылған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
- Министрдің атына жазылған қызметтік жазбалар мен баянхаттар;
- Министр, вице-министрлер және Министрліктің аппарат басшысы арасындағы міндеттерді бөлуге сәйкес өзге де хат-хабарлар беріледі;
2) вице-министрлердің және аппарат басшысының қарауына тікелей оларға жолданған хат-хабарлар, сондай-ақ министр, вице-министрлер және аппарат басшысы арасындағы міндеттерді бөлуге сәйкес өздері жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі хат-хабарлар беріледі.
- Қарарларды ресімдеу кезінде мәселені қарау кімнің құзыретіне кіретін болса, Министрліктің сол құрылымдық бөлімшесі келіп түскен құжатты орындауға жауапты болып айқындалады.
Келіп түскен құжатта бір вице-министр немесе аппарат басшысы жетекшілік ететін мәселелер болған жағдайда мұндай құжаттар бойынша вице-министр немесе аппарат басшысы өзі жетекшілік ететін блок шеңберінде негізгі орындаушы құрылымдық бөлімшені айқындайды, қажет болған жағдайда бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелер бекітіледі. Мұндай жағдайларда жинақтау үшін ақпаратты уақтылы беруге жауаптылық бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелерде болады.
Келіп түскен құжатта төрт вице-министрдің құзыретіне жататын мәселелер болған жағдайда, ол жиынтық орындауды ұйымдастыру мақсатында аппарат басшысына жолданады. Аппарат басшысы құжаттың мазмұнына сәйкес, құрылымдық бөлімшелердің құзыреттері шеңберіндегі мәселелердің басымдылығын негізге ала отырып, негізгі орындаушыны айқындайды.
Сонымен қатар, егер құжаттың мазмұнында цифрландыру мәселелері немесе идеологиялық мәселелер қозғалған болса, онда осы бағытқа жауапты вице-министр негізгі орындаушы ретінде өзі жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшені дербес айқындайды.
Қалған мүдделі құрылымдық бөлімшелер қосымша орындаушылар ретінде белгіленеді.
Бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімше жинақтау үшін берілетін ақпаратты уақтылы, әрі сапалы түрде ұсынбаған немесе бермеген жағдайда аппарат басшысы тиісті қызметтік жазба негізінде аталған құрылымдық бөлімшені негізгі орындаушы ретінде айқындай алады.
Қарарды ресімдеген Министрлік басшылығының атына үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қызметтік жазба енгізілген жағдайда қарар түрінде ресімделген вице-министрлер мен аппарат басшысының тапсырмаларын қайта қарауға және оларға өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Бұл ретте қабылданған шешім туралы қарар бар қызметтік жазба Министрліктің басшылығына, оның ішінде БҚА РБК-ға тиісті өзгерістер енгізу үшін Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментіне жіберіледі.
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары арасындағы ішкі хат алмасу хаттардың бланкілерін пайдаланбай, тек электрондық түрде және мемлекеттік тілде жүзеге асырылады; бөлімше мен ведомствоның басшысы немесе оның орынбасары не оны алмастыратын адам қол қояды және оны БҚА-ның «ішкі хат-хабар» модулінде Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы қызметкерлері тіркейді.
Егер шығыс құжаттамасы халықаралық органдарға және (немесе) ұйымдарға жіберілетін ақпарат болып табылған жағдайда жинақтаушы құрылымдық бөлімшеге жіберілетін жауап мемлекеттік тілде және аталған халықаралық органмен және (немесе) ұйыммен ресми хат алмасу тілінде жолдануы мүмкін.
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарына
(2 және одан да астам) сұрау салуды жіберу қажет болған жағдайда жетекшілік ететін вице-министрдің немесе аппарат басшысының атына құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволарға қажетті ақпаратты ұсыну жөнінде тапсырма беру туралы өтінішпен қызметтік жазба енгізіледі.
- Шығыс құжаттары ұйымға, оның құрылымдық бөлімшесіне немесе нақты лауазымды адамға жіберілуі мүмкін.
- Құжаттарды дайындау кезінде «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы
№ 236 бұйрығында айқындалған (құжат деректемелерінің орналасуына қойылатын талаптар, құжаттар бланкілерін және т.б. пайдалану) талаптарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, ұйымдардың атауларын жазудың бірізділігін сақтау керек. Мемлекеттік органдарға шығыс хат-хабарлары, оның ішінде оған қосымшалар мемлекеттік тілде жіберіледі (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі).
- Тек электрондық форматта жіберілетін шығыс құжаттарын дайындау кезінде Министрліктің электрондық бланкілерінің шаблондары пайдаланылады.
БҚА-да құжат дайындау кезінде жоба жасалады, оны пысықтауға қайтарған жағдайда сол жобаның жаңа нұсқасы қалыптастырылады.
Министрлікте шығыс құжаттардың жобаларын, бұйрықтардың жобаларын, сондай-ақ БҚА-дағы өзге де құжаттарды қарау және ішкі келісу келісуге келіп түскен күннен бастап мынадай мерзімдерден:
1) Министрдегі аппараттық кеңес хаттамасының жобалары – 1 жұмыс күнінен аспауға;
2) басқа мемлекеттік органдарға жіберілетін сыртқы шығыс хаттар –
1 жұмыс күнінен аспауға;
3) министр бұйрықтарының жобалары – 1 жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Егер келісуді талап ететін құжаттар бойынша жауап белгіленген мерзімде ұсынылмаса (келісілмесе және нақты ескертулер қоса беріле отырып, пысықтауға қайтарылмаса), онда құжат әдепкі қалпы бойынша келісілген болып есептеледі.
- Дайындалатын бастамашылық хатқа, әдетте, қысқаша тақырып беріледі. Хат өтінішке немесе сұрау салуға жауап ретінде жіберілетін барлық жағдайда мекенжайдан кейін (сол жақта) осы өтініштің немесе сұрау салудың нөмірі мен күні көрсетіледі (мысалы: «2018 жылғы 4 мамырдағы № 15-8/1062»).
Құжатқа (хатқа, анықтамаға, есепке, баяндамаға) қосымшалар, әдетте, оның мәтінінен кейін парақтардың саны, даналары мен орындалу тілі көрсетіле отырып, тізбеленуге тиіс.
- Министрліктің елтаңбалы бланкісінде:
1) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларының орындалуы туралы жауаптар;
2) әртүрлі ұйымдардың және жеке адамдардың сұрау салуларына жауаптар;
3) бастамашылық жасалған хаттар;
4) әртүрлі құжаттарға ілеспе хаттар ресімделеді. Құжат
А-4 форматындағы қағаз парағының бір жағында, 14 (Times New Roman) қаріп мөлшерімен 1 жоларалық интервал арқылы ресімделеді.
Екі және одан да көп парақта ресімделген құжатта екінші және одан кейінгі парақтары нөмірленеді.
Құжатта төрттен артық адресат болмауға тиіс. Екінші, үшінші, төртінші адресаттың алдында «көшірме» деген сөз көрсетілмейді. Құжатты төрттен астам адресатқа жіберген кезде тарату көрсеткіші жасалады.
- Мемлекет басшысының атына жебірелетін хаттар 16 (Arial) қаріп мөлшерімен 1,5 интервал арқылы ресімделеді.
Соңғы парақтың төменгі сол жағында немесе парақтың артқы жағында орындаушының тегі, оның қызметтік телефонының нөмірі, электрондық мекенжайы көрсетіледі. Түзетуге және өшіруге жол берілмейді.
- Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жіберілетін құжаттардың көлемі, әдетте, 3 парақтан, ал ірі мәселелер бойынша 5 парақтан аспауға тиіс. Құжаттардың мәтіндері анық, дәйекті, қысқа баяндалуға тиіс.
- Мемлекет басшысының, Мемлекеттік кеңесшінің, Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмаларын орындау, сондай-ақ азаматтардың және БҚА-ға қосылмаған өзге де ұйымдардың өтініштерін қарау қорытындысы бойынша құжаттарды дайындау электрондық түрде және қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады.
- Премьер-Министрдің атына жазылған, оның ішінде кадр мәселелері жөніндегі хат-хабарлар тек Министрдің қолы қойылып жіберіледі.
Министрдің іссапарға кетуіне, еңбекке жарамсыз, демалыста болуына байланысты Премьер-Министрдің атына жіберілетін хат-хабарларды Министрдің міндетін атқарушы адамның қолы қойылып енгізуге жол беріледі.
Бұл ретте бұрын Министрдің міндетін атқарушының қолы қойылып енгізілген хат-хабар Министр жұмысқа шыққан күннен бастап бір күндік мерзімде оған қайтадан қол қойылып және қайтадан Үкімет Аппаратына енгізілуге тиіс.
- Жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жіберілетін құжаттар жоғары тұрған органдар басшылығының қарарының толық орындалуын тексеру үшін Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментіне, мәтіннің теңтүпнұсқалығын, құжаттың дұрыс ресімделуін, сілтемелердің, қосымшалардың, парақтар санының болуын тексеру үшін міндетті түрде келісуге жіберілуге тиіс.
Министрдің жеке бақылауында тұрған құжаттар қол қою алдында міндетті түрде Министрдің көмекшісіне келісуге жіберілуге тиіс.
Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті Үкімет Аппаратына және (немесе) Президент Әкімшілігіне жіберілетін құжаттардың қабылдануын бақылауды жүзеге асырады және құжат қайтарылған жағдайда бұл туралы орындаушыны және жауапты құрылымдық бөлімшенің басшылығын уақтылы хабардар етеді.
- Министрліктің хат бланкісіне Министр, вице-министрлер, аппарат басшысы және құрылымдық бөлімшенің басшылары қол қоюға құқылы.
Хаттарды ведомстволық бағынысты ұйымдарға жіберген жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығымен бекітілген Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережеге сәйкес Ішкі аудит департаментінің директоры, сондай-ақ Департаменттің қызметіне байланысты мәселелер бойынша Корпоративтік басқару департаментінің директоры осындай құқыққа ие.
- Заң департаментінің директоры өз құзыреті шегінде құжаттарды сот органдарына жібереді.
13-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау
және азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру
- Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау, Министрдің, аппарат басшысының және вице-министрлердің азаматтарды қабылдауы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі - ӘРПК), «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы
№ 401-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына, «Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін бекіту, «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 қаулысына, «Азаматтарды қабылдау орталықтарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 490 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
- Белгіленген тәртіппен келіп түскен жолданымдар міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға жатады. Өтініштерді тіркеу сағат 08:00 - ден 17.30-ға дейін жүргізіледі. Жолданымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
- Жолданым ӘРПК-нің 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда әкімшілік орган, лауазымды адам арыз иесіне жүгіну қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетеді, оны талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілейді. Егер арыз иесі жолданымды әкімшілік орган, лауазымды адам белгілеген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтірмесе, әкімшілік орган, лауазымды адам оны қайтарады. Жолданымды қайтару қайта жүгінуге кедергі келтірмейді.
- Субъектіге келіп түскен жолданым, хабарлама, сұрау салу, үн қосу және ұсыныс «Электрондық өтініштер» ААЖ-да тіркелуге жатады. Жолданымды, хабарламаны, сұрау салуды, үн қосуды және ұсынысты қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.
- Ауызша нысанда берілген жолданымды Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің жолданымды қабылдаған жұмыскері жеке хаттамаға енгізеді. Бұл ретте ауызша жолданымды хаттамалауды аталған қызметкер Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті басқармасының басшысы куәландырған кезде жүргізеді. Өтініш беруші субъектке тікелей жүгінген кезде ауызша өтініштерді, хабарламаларды, сұрауларды, пікірлер мен ұсыныстарды қабылдау және тіркеу хүзеге асырылады.
- Министрлік басшылығының «орындауға беру» (кейіннен өтінішті құрылымдылық бөлімшелер мен ведомстволарға орындау үшін жолдау) мерзімі бір жұмыс күнін құрайды.
- Жолданымдар тіркеледі және Министрлік басшылығының қарауына міндеттерді бөлуге сәйкес құжаттың сканерленген нұсқасын Азаматтардың барлық жолданымдарын қабылдаудың және өңдеудің бірыңғай платформасына салу арқылы электрондық форматта ғана жіберіледі. Министрліктің басшылығы жолданымды қарау бойынша жауапты құрылымдық бөлімшені айқындайды.
- Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды. Жолданым келіп түскен күні тіркеледі. Егер жолданым жұмыс істемейтін күні келіп түскен болса, онда ол жақын уақыттағы кейінгі жұмыс күнімен тіркеледі.
- Алдын ала жауап түпкілікті жауап жіберілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
- Әкімшілік акт, егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе әкімшілік актіде өзгеше белгіленбесе, бес жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
- Алдын ала жауап жіберілгеннен кейін егер жолданым берушінің қарсылығы ұсынылған жағдайда жолданым келіп түскен Министрліктің ведомствосы басқармасының не орталық аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы ӘРПК-нің 73-бабында белгіленген тәртіппен тыңдау өткізуді қамтамасыз етеді.
- Жолданым берушіге қолайсыз әкімшілік акт жіберілген жағдайда тыңдау рәсімі жүргізіледі.
Тыңдау:
1) әкімшілік рәсімге қатысушыны әкімшілік іс бойынша тыңдауға шақыру, оның ішінде бейнеконференцбайланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы;
2) ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы;
3) әкімшілік рәсімге қатысушыға өз ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Тыңдау хаттамасын төрағалық етуші мен хатшы дайындауға және қол қоюға тиіс.
- Тыңдау хаттамасына төрағалық етуші Министрліктің құрылымдық бөлімшесінің басшысы (директор, директор орынбасары, басқарма басшысы), ведомстваның басшысы (төраға, төраға орынбасары, басқарма басшысы), қаралып жатырған өтініштер бойынша негізгі орындаушы және тыңдау хаттамасының хатшысы қаралып жатқан өтініштер бойынша тағайындалған орындаушы негізгі болып табылады.
Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің қызметкері тыңдауда хатшы болып табылады.
Әрбір құрылымдық бөлімшеде және ведомствода азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізуді бақылауға жауапты бірінші басшының орынбасары (директордың орынбасары, комитет төрағасының орынбасары), ал вдомстволық бағынысты ұйымдарда бірінші басшының орынбасары бекітілуі тиіс.
- Тыңдау өткізілгеннен кейін компьютерлік, электрондық, машинкамен жазу не қолжазба тәсілдермен дайындалатын тыңдау хаттамасы қалыптастырылады.
Тыңдау хаттамасында:
1) әкімшілік іс қаралатын орын мен күн, оның басталатын және аяқталатын уақыты;
2) әкімшілік органның атауы, лауазымды адамның, хатшының тектері мен аты-жөні;
3) әкімшілік рәсімге қатысушы және (немесе) әкімшілік іске қатысатын өзге де адам туралы мәліметтер;
4) қаралатын мәселенің мазмұны;
5) қатысатын адамдардың түсініктемелерінің, сұрақтары мен жауаптарының, сөйлеген сөздерінің мазмұны көрсетіледі.
- Хабарламалар, ұсыныстар, үн қосулар және сұрау салулар ӘРПК-нің 12-тарауының ережелеріне сәйкес оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен қаралады.
Ақпарат беру туралы сұрау салулар «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында белгіленген мерзімдерде қаралады.
Жазбаша сұрау салу бойынша ақпарат беруден бас тарту туралы уәжді жауап сұрау салу тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпарат пайдаланушының назарына жеткізіледі.
- Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі Министрдің немесе жетекшілік ететін вице-министрдің уәжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттігіне орай екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылады, әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
- Шағымды қарау мерзімі жиырма жұмыс күнін құрайды және ұзартылуға жатпайды.
- Ведомствоның лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ ведомствоның актілеріне (шешімдеріне) шағым келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Министрлікке (жоғары тұрған лауазымды адамға) жолданады.
Бұл ретте әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік актіні қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
- Шағым, бұл ретте арыз иесі жолданымды жіберу құқығынан айырылмаған болса, бұрын жолданымды қараған ведомствоға не құрылымдық бөлімшеге жіберілмейді.
- Ведомство орындаушы болып табылатын әкімшілік актілерде шешімге жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға болатындығы көрсетіледі.
Министрлік орындаушы болып табылатын әкімшілік актілерде шешімге сотқа шағымдануға болатындығы көрсетіледі.
- Жолданымды қарау мерзімін Министрліктің басшылығы уәжді қызметтік жазба негізінде ұзартады.
- Жолданымды қарау мерзімі оның келіп түскен және «Электрондық өтініштер» ААЖ-да тіркелген күнінен бастап есептеледі. Жолданым келіп түскен күні тіркеледі. Егер жолданым жұмыс істемейтін күні келіп түскен болса, онда ол жақын уақыттағы кейінгі жұмыс күнімен тіркеледі. Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі ол қозғалған кезден бастап есептеледі.
- Президент Әкімшілігінің басшылығы бақылауға алған әрбір жолданымды қарау нәтижелері туралы Әкімшілікке Министр (немесе оның міндетін атқарушы адам) қол қойған ақпарат ұсынылады. Егер сұрау салуларды Әкімшілік бөлімдерінің басшылары жіберген болса, онда қызметтің тиісті бағытына немесе жолданым бойынша жұмысқа жетекшілік ететін вице-министр қол қойған ақпаратты ұсынуға жол беріледі.
- Жеке және/немесе заңды тұлғаның жолданымы қарауында тұрған Министрліктің жауапты орындаушысы сапасыз жауап беруді болдырмау мақсатында нақты мәселені анықтау үшін телефон арқылы (ол көрсетілген жағдайда) әрбір өтініш берушімен жеке байланысуға міндетті.
- Жолданымдарға дайындалған жауаптардың жобалары жауап жобасының Кодекстің талаптарына сәйкестігін тексеру үшін міндетті түрде Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментіне келісуге жіберіледі.
- Министр, аппарат басшысы және вице-министрлер Министр тоқсан сайын бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін, сондай-ақ Министрліктің жұмыскерлерін жеке және онлайн қабылдауды жүргізеді.
Комитеттің төрағалары және төраға орынбасарлары Комитет төрағалары тоқсан сайын бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін, сондай-ақ Комитет жұмыскерлерін жеке және онлайн-қабылдауды жүргізеді.
Министр, вице-министрлер және комитет төрағалары «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы»
ҚР Президентінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 863 Жарлығына, ҚР Үкіметі бекіткен кестеге және Орталық атқарушы органдарға арналған халықпен кездесулер өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес тұрақты түрде халықпен кездесулер өткізеді.
- Азаматтарды қабылдау кестесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына кезекті тоқсан басталғанға дейін 15 күн бұрын жіберіледі және «Министрліктер үйі» ғимаратында азаматтардың еркін кіруі қамтамасыз етілетін орындарда, Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылады.
- Азаматтарды Министрдің қабылдауына алдын ала жазуды және қабылдауды ұйымдастыруды жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарымен жұмысты ұйымдастыруға жауапты Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің қызметкері жүзеге асырады.
- Егер жолданымды жеке қабылдау кезінде қарау мүмкін болмаған жағдайларда ол жазбаша нысанда баяндалады және белгіленген тәртіппен енгізіледі.
- Азаматтардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау үшін жауаптылық құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволардың тиісті бағытына жетекшілік ететін басшының орынбасарларына және Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшыларына жүктеледі.
- Азаматтарды қабылдауды жүргізу қорытындысы бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшесі салалық мәселелер бойынша хаттама дайындайды және Министрліктің басшылығына қол қоюға енгізеді.
190-1. Білім базасындағы жиі қойылатын сұрақтар бойынша мәліметтерді өзектендіру үшін құрылымдық бөлімшелер ақпаратты тоқсан сайын жаңартып отыруы қажет. «Электрондық өтініштер» жүйесіне өзекті ақпаратты енгізуді Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің қызметкері жүзеге асырады.
14-тарау. «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар
құжаттармен жұмыс істеу тәртібі
- Мемлекеттік органдардың «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар, таратылуы шектелген құжаттармен (бұдан әрі – ҚБПҮ) жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 және «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулыларында айқындалған.
Мемлекеттік органның «ҚБПҮ» белгісі бар, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қорғау жөніндегі орталық сараптама комиссиясы (бұдан әрі – ОСК) «ҚБПҮ» белгісі бар құжаттармен және ақпаратпен байланысты мәселелерді қарау үшін мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімімен құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады, аталған комиссияның құрылуына Министрліктің Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті жауапты болады.
«ҚБПҮ» белгісі бар, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген ұйымдардың басшылары, «ҚБПҮ» әзірлеуді ұйымдастырады және нақты мәліметтерді «ҚБПҮ» белгісі бар, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызудың орындылығы туралы өздері қабылдаған шешімдер үшін жеке жауаптылықта болады.
- Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа Министрліктің қызметіне қатысты, оларды ашық жариялау шешім қабылдау кезінде мемлекеттік органның тәуелсіздігін қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты әкімшілік рәсімдерді сақтау тәртібін бұзуы мүмкін таратылуы шектелген мәліметтер жатады.
- Ашық жариялау деп материалдарды ашық басылымдарда жариялау (оның ішінде интернет-ресурста орналастыру), оларды радио мен телевидение арқылы беру, ашық конференцияларда, кеңестерде, симпозиумдарда жария ету, кинофильмдерде көрсету, музейлерге, көрмелерге қойып көрсету, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды көпшілік алдында қорғау, қолжазбаларды сақтауға беру ұғымы түсіндіріледі.
- «ҚБПҮ» белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты ашық байланыс түрлерінің техникалық арналары (ортақ пайдаланылатын телефон және факсимильді байланыс, оның ішінде ішкі телефон байланысы, радиобайланыс, спутниктік және ұялы (жылжымалы (мобильді) байланыс) бойынша беруге жол берілмейді.
- Министрлікке келіп түсетін «ҚБПҮ» деген белгісі бар құжаттарды, сондай-ақ таратылуы шектеулі ақпаратты қамтитын шығыс хат-хабарларды Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті қабылдайды және БҚА модулінде «ҚБПҮ» деп тіркейді.
- Барлық кіріс хат-хабарлары мемлекеттік тілде (қажет болған жағдайда басқа тілдерде) қабылданады және кеңсеге келіп түскен күні сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін тіркеледі.
Жұмыс күндері сағат 18.00-ден кейін, сенбі күні сағат 13.00-ден кейін келіп түскен «ҚБПҮ» белгісі бар құжаттарды тіркеу келесі жұмыс күні бірінші кезекте жүзеге асырылады.
Хат-хабарларды тіркеусіз қабылдауға және беруге тыйым салынады.
- Сағат 18.00-ден бастап жұмыс аяқталғанға дейінгі кезеңде келіп түскен «ШҰҒЫЛ» «ӨТЕ ШҰҒЫЛ», «СРОЧНО», «ВЕСЬМА СРОЧНО» деген белгілері бар хат-хабарларды тікелей кеңсе қабылдайды.
Министрліктің қызметкерлеріне кеңседе тіркелмеген құжаттарды орындауға қабылдауына тыйым салынады.
- Осы Регламентте белгіленген тәртіппен қабылданған «ҚБПҮ» белгісі бар құжаттарды Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті қарайды, кеңсе бақылауға қояды және Министрліктің басшылығы мен оның бөлімшелері арасында бөледі және тиісті түрде ресімдеу, бақылау белгісін көрсету үшін тіркеу мөрінде нөмірін, күнін және парақтар санын көрсете отырып тіркейді.
- Кеңсе хат-хабарларды тіркеуді, бөлуді, ресімдеуді және адресаттарға дейін жеткізуді Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті арқылы, әдетте бір жұмыс күні ішінде, ал шұғыл хат-хабарларды дереу (кезектен тыс тәртіппен) жүзеге асырады.
Вице-министрлер мен Аппарат басшысының көмекшілері (не бір бекітілген мемлекеттік қызметші) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен және Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратынан келіп түскен «ҚБПҮ» деген белгісі бар құжаттармен танысады және құрылымдық бөлімше басшысына орындауға қол қою үшін құжаттың түпнұсқасын кеңседен алып, құжатты кеңсеге тапсырғаннан кейін (қабылдау және қайтару туралы журналда белгісі бар) хат-хабарды одан әрі адресатқа жеткізеді.
Басқа мемлекеттік органдардан келіп түскен «ҚБПҮ» белгісі бар құжаттарды және «ҚБПҮ» белгісі бар барлық жауап хаттарды және жұмысқа арналған басқа да хаттарды орындаушы кеңседен тіркеу журналына қол қойғаннан кейін орындау үшін құжаттың түпнұсқасын алады, тапсырманы орындағаннан кейін құжатты кеңсеге тапсырады.
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратынан келіп түскен «ҚБПҮ» деген белгісі бар құжаттарды Министрліктің әкімшілік ғимаратынан шығаруға, оларды ведомстволық бағынысты ұйымдарға жіберуге жол берілмейді.
Тапсырма орындалғаннан кейін келіп түскен «ҚБПҮ» деген белгісі бар жауап хаттар тіркелмей адресатқа қайтарылады.
- Мәліметтерді таратылуы шектеулі ақпаратқа жатқызуды орындаушы және Министрдің бұйрығымен бекітілген таратылуы шектеулі мәліметтердің ведомствоішілік тізбесі негізінде құжатқа қол қойған адам жүргізеді.
- «ҚБПҮ» деген белгісі бар құжаттардың, істер мен басылымдардың болуын және оның жай-күйін тексеру жылына бір реттен сиретпей, сондай-ақ:
1) оларды басқа үй-жайларға (ғимаратқа) ауыстырғанға дейін және одан кейін;
2) олардың орнын ауыстырудан (эвакуациялаудан) немесе бөтен адамдардың қоймаға және қызметтік үй-жайға кіруінен туындаған төтенше жағдайлардан кейін;
3) құжаттамалық қызмет (ведомстволық архив, ведомстволық кітапхана) басшысы ауысқан кезде;
4) мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған (таратылған) кезде;
5) жоғалған кезде жүргізіледі.
- «ҚБПҮ» деген белгісі бар құжаттарды бірнеше мекенжайға жіберген кезде жөнелтілетін даналардың нөмірлері бар тарату тізілімі жасалады.
- «ҚБПҮ» деген белгісі бар құжаттардың көшірмелерін жасауға және таралымын көбейтуге аппарат басшысы рұқсат береді.
Бөлімшелердің басшылары ауысқан кезде істер мен оларға қатысты құжаттар жаңадан тағайындалған басшыға немесе жауапты лауазымды адамға қабылдап алу-беру актісі бойынша беріледі.
- «ҚБПҮ» деген белгісі бар құжаттар Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарында орнатылған металл шкафтар мен сейфтерде сақталады.
- «ҚБПҮ» деген белгісі бар құжаттарды жоғалтқаны, таратылуы шектелген ақпаратты жария еткені немесе осындай ақпаратты қамтитын құжаттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін Министрліктің қызметкерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптылыққа тартылады.
ОСК қажет болған жағдайда, бірақ 5 жылдан сиретпей «ҚБПҮ» деген белгіні сол немесе өзге де мәліметтерден алып тастау мақсатында «ҚБПҮ» деген белгімен шектелуге жататын қызметтік құжаттардың ведомстволық тізбесін қайта қарайды.
15-тарау. Орындалуын бақылау
- Тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды ұйымдастыру АӨК-ге, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
- Министрліктің бақылау жүйесін мыналар құрайды:
1) Министр – Министрліктің қызметіне, оның ішінде бақылау құжаттарының уақтылы және сапалы орындалуына жалпы басшылық ету және бақылау;
2) аппарат басшысы – Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге де жоғары тұрған лауазымды адамдардың, сондай-ақ Министрдің тапсырмаларын орындау бойынша аппараттың жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылау, бақылауда тұрған құжаттарын уақтылы орындау мақсатында Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының тиімді өзара іс-қимыл жасасуын ұйымдастыру, Министрлік аппаратының жұмысын ұйымдастыру, құрылымдық бөлімшелердегі еңбек және орындаушылық тәртіп үшін Министрдің алдында дербес жауапты болады;
3) вице-министрлер – Қазақстан Республикасы Президентінің, өзге де жоғары тұрған лауазымды адамдар мен мемлекеттік органдардың актілері мен тапсырмаларының, жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша бағдарламалық құжаттардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары – Министрліктің өздері басқаратын бөлімшелерінде құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады, бақылау құжаттарының орындалу мерзімдерін бұзуға немесе сапасыз орындауға жол берген өз қызметкерлерін тәртіптік жауаптылыққа тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді, Министрліктің басшылығы алдында Министрліктің өзіне сеніп тапсырылған құрылымдық бөлімшелерінің жұмысы үшін дербес жауапты болады;
5) Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры – құжаттарды уақтылы тіркеуді және оларды бақылауға қоюды қамтамасыз етеді, Министрлік басшылығының қарарын ескере отырып, олардың орындалу мерзімдерін белгілейді, Министрліктегі орындаушылық тәртіптің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады, келіп түскен бақылау тапсырмалары және БҚА-да, басқа да қосалқы ақпараттық жүйелерде олардың орындалу мерзімдері туралы, сондай-ақ бақылау құжаттарының тізбелерін және оларды орындау мерзімдерінің басталғаны туралы ескертулерді жіберу арқылы Министрліктің басшылығын (апта сайын) хабардар етеді, өз құзыреті шегінде Министрліктің басшылығына жұмысты жетілдіру және қажет болған жағдайда құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволардың басшыларын орындаушылық тәртіпті бұзғаны үшін жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді.
- Министрліктің басшылығы Қазақстан Республикасы Президенті және Президент Әкімшілігінің тапсырмалары мен актілерінің уақтылы және сапалы орындалмағаны үшін дербес жауапты болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, Президент Әкімшілігі басшылығы тапсырмаларының, депутаттық сауалдардың, Қазақстан Республикасының Үкіметі тапсырмаларының, Мемлекеттік кеңесші тапсырмаларының, сондай-ақ Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Үкімет Аппараты Басшысының, оның орынбасарларының тапсырмалары бар құжаттардың, министрдің, вице-министрлердің және аппарат басшысының тапсырмаларының орындалуы үшін жауаптылық Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының бірінші басшыларына, сондай-ақ басшының тиісті бағытта жетекшілік ететін орынбасарларына жүктеледі.
Министрліктің құрылымдық бөлімшесінің басшылығы «Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі №976 Жарлығына сәйкес 4-нысанда көрсетілгендердің қорытындылары үшін дербес жауапты болады, ол сараптамалық Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің қорытындысы, Президенттің немесе Президент Әкімшілігі басшылығының қарарлары немесе хаттамалық шешімдері, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі немесе оның орынбасарлары.
- Орындау үшін құрылымдық бөлімшелер дайындаған құжаттардың жобалары:
1) ұзақ мерзімді, орта мерзімді бақылау құжаттары, сондай-ақ орындалу мерзімі бір айға дейінгі қысқа мерзімді бақылау құжаттары жетекшілік ететін вице-министрге және (немесе) аппарат басшысына орындау мерзімі аяқталғанға дейін 6 жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал министрге орындау мерзімі аяқталғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей виза қоюға беріледі;
2) орындалу мерзімі 15 жұмыс күніне дейінгі қысқа мерзімді бақылау құжаттары жетекшілік ететін вице-министрге және (немесе) аппарат басшысына орындау мерзімі аяқталғанға дейін 4 жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал Министрге орындау мерзімі аяқталғанға дейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей виза қоюға беріледі;
3) орындау мерзімі 10 жұмыс күніне дейінгі шұғыл бақылау құжаттары, сондай-ақ қысқа мерзімді бақылау құжаттары жетекшілік ететін вице-министрге және (немесе) аппарат басшысына орындау мерзімі аяқталғанға дейін 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал министрге орындау мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 1 күннен кешіктірілмей виза қоюға беріледі.
Министрлік басшылығы дайындалған құжаттардың жобаларына виза қоюға ұсынудың өзге де мерзімдерін белгілеуі мүмкін.
Құрылымдық бөлімшенің басшысына құжаттардың жобаларын аталған құрылымдық бөлімшенің орындаушысы құрылымдық бөлімшенің басшысының қарарында өзгеше белгіленбесе, жетекшілік ететін вице-министрге және (немесе) аппарат басшысына виза қоюға ұсыну мерзімінің алдындағы күні сағат 15.00-ден кешіктірмей енгізеді.
Бірлесіп орындаушы негізгі орындаушыға жоғарыда көрсетілген мерзімде ақпаратты ұсынбаған немесе сапасыз және пысықталмаған ақпаратты ұсынған жағдайда аталған бірлесіп орындаушы қызметтік жазбаның негізінде құжатты орындауға берген басшының шешімімен белгіленген мерзімге дейін 2 күн бұрын құжат бойынша негізгі орындаушы болып бекітілуі мүмкін.
Келісу барысында құрылымдық бөлімшелердің бірі құжат жобасын пысықтауға қайтарған жағдайда жауапты орындаушы департамент директорының/комитет төрағасының (немесе оны алмастыратын адамның) визасын қайта алуы қажет.
Орындалу мерзімі көрсетілген хаттар, оның ішінде мемлекеттік органдардың сұраныстары, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының тапсырмалары келіп түскен кезде, өз құзыреті шегінде, жинақтауды Министрлік басшылығы айқындайды.
Бірлескен орындаушылар құжатты орындау мерзімінен бір күн бұрын БҚА, мелекеттік органдардың интернет-порталы немесе басқа байланыс құралдары арқылы өз ұстанымдарын ұсынбаған жағдайда жауап ұсыныстарсыз, әдепкі қалпы бойынша келісілді деп есептелетін болады.
- Егер тапсырманы белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, онда Министрліктің құрылымдық бөлімшесінің немесе тапсырманың орындалуына жауапты ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы алдын ала, бірақ белгіленген мерзімге дейін 3 (үш) күннен кешіктірмей тапсырманың орындалуының ағымдағы жай-күйін көрсете отырып, тапсырманың орындалу мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігінің дәлелді негіздемесімен, нақты орындалу мерзімін, жауапты мемлекеттік саяси қызметшіні – орындаушы мемлекеттік орган басшысының орынбасарын, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органды міндетті түрде көрсете отырып, Министр хатының жобасын дайындайды.
- Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын қарау және орындау мерзімдері, орындау мерзімдерін ұзарту тәртібі «Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына сәйкес реттеледі.
- Бақылаудағы, оның ішінде құпия сипаттағы тапсырмалардың орындалуы туралы Үкімет Аппаратына жіберілетін есептерде белгіленген орындау мерзімдеріне сәйкес міндетті түрде:
1) егер объективті себептер бойынша тапсырманы белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, жаңа нақты мерзімді көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
2) егер тапсырма толық көлемде орындалған болса, бақылаудан алу туралы өтініш;
3) егер тиісті актіде немесе тапсырмада мерзімді ақпарат ұсыну көзделген болса, құжаттың ақпарат тәртібінде енгізілетіндігі туралы жазба;
4) ақпаратты беру кезеңділігі мен нақты орындау мерзімі міндетті түрде көрсетіле отырып, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы өтініші қамтылуы тиіс.
16-тарау. Халықаралық ынтымақтастық
- Министрлік «Халықаралық шарттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығына, «Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 11-1-4/21 бұйрығына сәйкес халықаралық қызметті жүзеге асырады.
- Екі және одан да астам құрылымдық бөлімшенің не әртүрлі бағыттарға жетекшілік ететін вице-министрлердің мәселелері қаралатын құжат келіп түскен кезде Министр немесе аппарат басшысы бірлесіп орындаушы жауапты құрылымдық бөлімшелерді айқындайды, олар құжаттарды сапалы қарауға және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғауды ескере отырып, уақтылы пысықталған ұстанымды әзірлеуге жауапты болады.
- Бір салалық мәселе жағдайында құжатты орындау тиісті құрылымдық бөлімшеге бекітіледі.
- Келіп түскен құжаттарды зерделегеннен кейін Халықаралық ынтымақтастық департаменті құрылымдық бөлімшелерден нақты ұстанымдарды сұратады, ақпарат (құжатты келісу тарихын қамтитын анықтамалық-талдамалық материалдарды), келіп түскен ұсыныстарға қатысты негіздемелер мен ұстанымдар жинауды жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелерден алынған негіздемелер мен ұстанымдар Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығының өзекті мәселелері жөніндегі ұстанымына сәйкес жіберген ұйымның форматы бойынша ресімделеді.
- Құрылымдық бөлімшелер 3 күн ішінде (ал жедел сұранысқа 1 күн ішінде) Халықаралық ынтымақтастық департаментіне халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша талдамалық-анықтамалық материалдарды, ұсыныстар мен тезистер жобаларын ұсынады.
Кеңеске (қазақстандық бөліктегі отырысқа, сараптамалық кеңеске) қатысу қажет болған жағдайда, құрылымдық бөлімшелер қатысу деңгейіне қарай кеңеске қатысу үшін құзыретті кандидатураларды ұсынады.
- Шет мемлекеттер өкілдерінің Министрмен кездесулерін ұйымдастыру туралы сұрау салулар келіп түскен кезде Халықаралық ынтымақтастық департаменті кездесудің күн тәртібін айқындайды, оған сәйкес құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, кездесуге арналған құжаттар топтамасын (тезистер, өзекті және проблемалық мәселелер жөнінде анықтамалар, қатысушылардың құрамы) қалыптастырады, сондай-ақ кездесуді ұйымдастырудың хаттамалық бөлігін қамтамасыз етеді.
- Өзге де жағдайларда құрылымдық бөлімшелер қаралып отырған мәселеге байланысты тиісті вице-министрдің шетелдік делегациямен кездесуінің ұйымдастырушылық-мазмұндық бөлігін дербес қамтамасыз етеді және оның қорытындысы бойынша 3 жұмыс күні ішінде Халықаралық ынтымақтастық департаментіне өткізілген кездесу туралы есепті (қорытындысы бойынша анықтама) ұсынады.
- Құрылымдық бөлімшелер жедел тәртіппен Министрдің шетелдік делегациямен кездесуіне дейін 5 күн бұрын Халықаралық ынтымақтастық департаментіне әңгімелесу тезистеріне қатысты ұсыныстарын, анықтамалық материалдарды және проблемалық мәселелер жөнінде өз ұстанымдарын ұсынады.
- Келіп түскен құжатта бір вице-министрдің құзыретіне жататын, хаттамалық рәсімдерді көздемейтін, Сыртқы істер министрлігімен немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық миссияларымен пысықтауды талап етпейтін мәселелер болған кезде ұстанымды жинақтау және қалыптастыру үшін жауапты құрылымдық бөлімше болып бағыты бойынша мәселелердің ең көп саны шығарылатын құрылымдық бөлімшелердің бірі айқындалады. Бұл ретте Халықаралық ынтымақтастық департаменті құзыреті шеңберінде ұсыныстар енгізу үшін бірлесіп орындаушы ретінде бекітіледі.
- Мұндай жағдайларда құрылымдық бөлімшенің қалыптастырылған жауабы, ұстанымы мен ұсынысы міндетті түрде Халықаралық ынтымақтастық департаментімен келісілуі тиіс. Халықаралық ынтымақтастық департаменті өз кезегінде құрылымдық бөлімшенің қалыптасқан жауабына өздерінің пайымдарын білдіріп, ұстанымын ұсынады.
- Халықаралық ынтымақтастық департаменті сондай-ақ Министрдің шет мемлекеттерге іссапарларын ұйымдастыруды пысықтайды.Құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде Министр сапарының кестесі мен бағдарламасын жасайды, оның шеңберінде 2 іс-шарадан астам іс-шара (құжатқа қол қою, екіжақты кездесулер) жоспарланған іссапарлар кезінде оны ұйымдастырады және Министрмен бірге жүреді. Министрліктің халықаралық уағдаластықтарының дәйектілігін қамтамасыз ету үшін Министрдің сапары барысында барлық уағдаластықтарды хаттамалайды және оларды іске асыру жөнінде басшылыққа ұсыныстар енгізеді, олардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.
- Халықаралық ынтымақтастық департаменті Министрліктің шетелдік іссапарларының дерекқорын қалыптастырады.
- Министрліктің келісімдері мен меморандумдарының және басқа да құжаттарының жобаларын әзірлеу кезінде құрылымдық бөлімшелер тіпті қол қоюға дейін оның пысықталуын дербес жүргізеді. Құрылымдық бөлімшелер Халықаралық ынтымақтастық департаментімен бірлесе отырып, қол қою алаңын ұйымдастырады, форматы, қол қою орны мен күнін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді, осы мәселелерді контрәріптеспен пысықтайды.
- Халықаралық ынтымақтастық департаменті Министрліктің халықаралық шарттар базасын қалыптастырады және оған мониторинг жүргізеді, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп қол қойылған құжаттардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді, оларды іске асырудың тиімділігі жөнінде ұсыныстар енгізеді.
- Халықаралық ынтымақтастық департаменті құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары мен ұстанымдарын ескере отырып, екіжақты ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиялар, жұмыс топтары, Комитеттер шеңберінде Министрліктің шет мемлекеттермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияларының кіші комиссияларының/кіші комитеттерінің қазақстандық бөлігін жүргізеді.
- Құрылымдық бөлімшелер жетекшілік ететін салалық халықаралық ұйымдар және мүшелік жарналар мәселелері жөніндегі кеңестерге өзінің қатысуын қамтамасыз етеді және соған сәйкес жұмыс жүргізеді, Халықаралық ынтымақтастық департаментімен келісе отырып, жоспарларға енгізу үшін Сыртқы істер министрлігіне қажетті құжаттарды ұсынады.
- Шетелдік іссапарларға шығу кезінде Халықаралық ынтымақтастық департаменті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, Сыртқы істер министрлігіне 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын бөлуге өтінімдер қалыптастырады (E-kyzmet).
Министрлік қызметкерлерінің барлық шетелдік іссапарлары Министрдің келісімін талап етеді (сапардың мақсаттылығы мен күтілетін нәтижесі нақты көрсетілген қызметтік жазбалар), сондай-ақ іссапарлар туралы қызметтік жазбалар (OДO, E-kyzmet) Халықаралық ынтымақтастық департаментімен келісіледі.
Шетелдік іссапарлардың ұзақтығы 3 күнтізбелік күннен аспауға тиіс. Жекелеген жағдайларда іссапардың ұзақтығы Министрмен келісу бойынша түзетілуі мүмкін.
Іссапар қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелер 5 жұмыс күні ішінде Министрліктің басшылығына есеп береді.
Халықаралық ынтымақтастық департаменті тоқсан сайын Министрліктің басшылығы мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерінің халықаралық іссапарларының жоспарын қалыптастырып, оны Министрдің бекітуіне ұсынады. Бекітілген жоспарға енгізілген және мерзімдері өзгермеген іссапарлар Министрмен қосымша келісуді талап етпейді.
Жоспарда көзделмеген шетелдік іссапарлар Министрдің жазбаша келісімі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Шетелдік іссапарларға шыққан кезде ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарлары (Министрдің қатысуымен өтетін шетелдік іссапарларды қоспағанда) өздерінің іссапарларын Министрмен және Халықаралық ынтымақтастық департаментімен келісуі тиіс.
Ведомстволық бағынысты ұйымдар шетелдік іссапарларды жоспарлау кезінде іссапардың тиімділігі, үнемділігі және орындылығы қағидаттарын басшылыққа алып, еліміз үшін маңызды имидждік және ақпараттық әсері бар негізгі іс-шараларға басымдық беруі қажет.
Шетелдік іссапарлар қабылдаушы тараптың ресми шақыруы және қатысу бағдарламасының толық жоспары болған жағдайда ғана жоспарлануы тиіс.
Мүмкіндік болған жағдайда халықаралық іс-шараларға онлайн форматта қатысу.
Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық миссиялар өкілдерімен ведомстволық бағынысты ұйымдардың өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық миссия өкілдерінің қатысуымен кездесулер немесе іс-шаралар өткізу туралы сұраулар тікелей келіп түскен жағдайда, мұндай кездесулер немесе іс-шаралар өткізуді Халықаралық ынтымақтастық департаментімен іс-шара өтетін күннен кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын келісу қажет. Кездесулерді келісу жұмыс электрондық поштасы арқылы жүзеге асырылады, ал бірлескен іс-шараларды келісу Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне ресми хат негізінде жүргізіледі.
Ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері шетелдік іссапарларға шыққан кезде өздерінің іссапарларға шығуын (жария ету шеңберінде журналистердің іссапарға шығуын қоспағанда) жетекшілік ететін Комитетпен және Халықаралық ынтымақтастық департаментімен келіседі.
Қызметтік жазбахаттарда сапардың мақсаттылығы, күтілетін нәтижесі және іссапарға жұмсалған шығындар туралы ақпарат анық көрсетілуі керек.
Шығармашылық топтардың сапарларын қоспағанда, шетелдік іссапарлардың ұзақтығы күнтізбелік 3 күннен аспауы тиіс. Жекелеген жағдайларда іссапардың ұзақтығы Министрмен келісу бойынша түзетілуі мүмкін.
Ведомстволық бағынысты ұйымдар іссапар қорытындысы бойынша
5 жұмыс күні ішінде Министрлік басшылығына есеп береді.
- Халықаралық ынтымақтастық департаменті Министрлік қызметкерлерінің іссапарларының қорытындылары туралы жарты жылда бір рет аппарат басшысына талдамалық есеп береді.
- Халықаралық ынтымақтастық департаменті Министрдің не Министрліктің аппарат басшысының шешімі бойынша ғана халықаралық ынтымақтастық мәселелерін пысықтауға жауапты болып табылады.
- Шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесу (келіссөздер) өткізудің тәртібі Министрдің бұйрығымен бекітілетін Халықаралық байланыстарды жүзеге асыру кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.
- Шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесу (келіссөздер) Министрдің келісімімен Министрлікте және оның құрылымдық бөлімшелерінде өткізіледі.
- Халықаралық ұйымдардың және шет мемлекеттердің өкілдерінің Министрлікте кездесу (келіссөздер) өткізу туралы жолданымдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің хатымен бірге жүруге тиіс. Мұндай хаттың болмауы сұратылған іс-шараларды жүргізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
- Мәдениет және ақпарат министрінің қатысуымен шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулерді (келіссөздерді) ұйымдастыруды (шетелдік азаматтарға рұқсаттама беруді және олармен бірге жүруді қамтамасыз ету, кездесу (келіссөздер) өткізілетін орынды дайындау, материалдарды дайындау және хаттама жүргізу) Халықаралық ынтымақтастық департаменті, ал өзге жағдайларда жетекшілік ететін мәселелерге сәйкес құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырады.
- Алдағы кездесу (келіссөздер), оны (оларды) өткізу мақсаттары және қатысушылардың құрамы туралы материалдар Халықаралық ынтымақтастық департаментіне және Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасына оны өткізу күніне дейін 2 жұмыс күні бұрын ұсынылады.
- Кездесуге (келіссөздерге) қатысушылардың қол жеткізілген уағдаластықтарын міндетті түрде көрсете отырып, кездесудің қорытындысы жөніндегі ақпарат Халықаралық ынтымақтастық департаментіне және Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасына кездесу (келіссөздер) өткізілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
Халықаралық ынтымақтастық департаменті Министрдің халықаралық деңгейдегі негізгі сөз сөйлеуіне, кездесулеріне арналған әртүрлі мәтіндерді (сұхбат және сөз сөйлеу тезистері) құрылымдық бөлімшелермен пысықтай отырып, ағылшын тіліне тиісінше аударуды қамтамасыз етеді.
Халықаралық ұйымдардың техникалық сипаттағы есептерін, ұсынымдарын және қорытынды шешімдерін салалық департаменттер мен комитеттер өздері дербес аударады.
17-тарау. Министрліктің заң шығару қызметі
- Министрліктің заң шығару қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстарының жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
- Перспективалық жоспарда көзделген заң жобалары бойынша әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер тиісті заң жобаларын әзірлеу және келісу жөніндегі іс-шаралардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізілгенге дейін бір жылдан кешіктірмей жүргізілуін қамтамасыз етеді.
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелері жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде (бұдан әрі – Үкімет регламенті) белгіленген мерзімде Әділет министрлігіне жіберілгенге дейін 2 айдан кешіктірмей заң жобаларының тұжырымдамаларын міндетті түрде қоса бере отырып, Жоспардың жобасына енгізу үшін Министрліктің Заң департаментіне ұсыныстар береді.
Заңдардың сол немесе өзге де жобаларын Жоспарға енгізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысы қағидаларының талаптарына сәйкес реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын дайындау міндетті шарт болып табылады.
- Қазақстан Республикасының Президенті арнайы Жолдауында басым деп айқындаған заңдардың жобаларын (бұдан әрі – Басым заң жобалары) әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер Үкімет Аппаратына заң жобаларын заң жобасы басым деп айқындалған күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей енгізуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте басым заңдардың жобаларын құрылымдық бөлімшелердің келісу мерзімі олар келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 3 күннен аспауы тиіс.
- Қазақстан Республикасының Президенті арнайы Жолдауда басым деп айқындаған және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына әлі енгізілмеген заң жобаларын әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер тиісті мемлекеттік органдармен келісуге және Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қарауына енгізуі тиіс.
ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісілгеннен кейін мұндай заң жобаларын ҚР Үкіметі он күн мерзімде ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізеді.
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелері жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде (бұдан әрі – Үкімет регламенті) белгіленген мерзімде Әділет министрлігіне жіберілгенге дейін 2 айдан кешіктірмей заң жобаларының тұжырымдамаларын міндетті түрде қоса бере отырып, Жоспардың жобасына енгізу үшін Министрліктің Заң департаментіне ұсыныстар береді.
- Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзімдерін ауыстыру туралы, сондай-ақ заң жобаларын Жоспардан алып тастау немесе оған қосымша заң жобаларын енгізу туралы мәселелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулыларын қабылдау жолымен шешіледі. Мұндай қаулылардың жобалары заң жобасын әзірлеушінің өтінішхаты бойынша Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады.
Бұл ретте қабылданған Жоспарға заң жобалары енгізілген жағдайда аталған заң жобасының тұжырымдамасының жобасын Үкіметке енгізгенге дейін Ведомствоаралық комиссия мақұлдауы тиіс.
Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы болған кезде әзірлеуші осы Регламентте белгіленген тәртіппен тиісті жобаны Кеңсеге енгізеді, бұл ретте жобаға түсіндірме жазбада міндетті түрде аталған мәселе бойынша Ведомствоаралық комиссияның негіздемесі мен шешімі көрсетіледі.
- Қабылданған Жоспарға заң жобаларын енгізу және Жоспарда көзделген заң жобаларын енгізу мерзімдерін ауыстыру үшін Президенттің, Премьер-Министрдің не Президент Әкімшілігінің тапсырмалары негіз болып табылады.
Мыналар:
1) Президенттің, Премьер-Министрдің не Президент Әкімшілігінің тапсырмалары;
2) Республикалық бюджет комиссиясының теріс қорытындысы;
3) реттеудің бір нысаны бойынша бірнеше заң жобаларын біріктіру қабылданған Жоспардан заң жобаларын алып тастаудың негіздері болып табылады.
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе Үкімет Аппаратының атына Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделмеген заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныспен жүгінген жағдайда Министрлік қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заң жобаларын қоспағанда, тиісті заң жобасының тұжырымдамасын алдын ала әзірлейді және Заң жобалау жұмыстарының қағидаларына сәйкес Ведомствоаралық комиссияда қарау үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынады.
- Заң жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу, сондай-ақ олар бойынша келіспеушіліктерді қарау тәртібі «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының Регламенттерінде және осы Регламентте көзделген ерекшеліктермен бірге Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын енгізу үшін белгіленген тәртіпке ұқсас.
- Әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер апта сайын Заң департаментіне өздері әзірлейтін реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары, заң жобалары немесе заң жобаларының тұжырымдамалары туралы ақпарат береді.
- Әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер заң жобасын әзірлеу басталғанға дейін Заң шығармашылығы жұмысының қағидаларына сәйкес реттеушілік саясаттың консультациялық құжатын және заң жобасы тұжырымдамасының жобасын жариялау және талқылау рәсімдерін қамтамасыз етуі тиіс.
- «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес оларға осы талаптар қолданылмайтын, заң жобаларын қоспағанда, ғылыми құқықтық, экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа да сараптамалар жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға, қоғамдық кеңеске (қажет болған жағдайда), жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына (қажет болған жағдайда) және «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК-ға одан әрі жіберуді, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында, Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.
- Әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер заң жобасы тұжырымдамасының жобасын және Заң жобасының алдын ала мәтінін заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына шығару мүмкіндігі туралы алдын ала қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етеді.
- Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия заң жобасының тұжырымдамасын мақұлдаған жағдайда, әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер құрамына жетекшілік ететін вице-министр, «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК қызметкері, сондай-ақ Министрліктің Заң департаментінің қызметкері енгізілетін заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құруды қамтамасыз етеді.
- Әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер, егер тиісті заң жобасында оларды қабылдау және келісуге енгізу үшін қажетті заң жобасына ілеспе материалдар көзделген болса, заң жобасын, оның ішінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді қамтамасыз етеді.
Әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында айқындалатын тәртіппен Ақпараттық сүйемелдеу бағдарламасын және заң жобасы бойынша түсіндіруді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және Министрліктің Ақпарат комитетіне жіберуді қамтамасыз етеді.
- Әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер Заң шығару жұмысы қағидаларында айқындалған тәртіппен жария талқылау үшін, қоғамдық кеңестердің, сараптамалық кеңестердің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (қажет болған кезде) және «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК-ның ғылыми сараптамаларының (лингвистикалық сараптаманы қоспағанда) қорытындыларын алу үшін заң жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыруды қамтамасыз етеді.
- Реттеуші құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты реттеуді қатаңдатуды жүзеге асыруды көздейтін заң жобалары бойынша әзірлеуші құрылымдық бөлімше реттеушілік әсерге талдау жүргізуді қамтамасыз етеді.
- Әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер мемлекеттік органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы адамның шешімі бойынша заң жобасы бойынша жария тыңдаулар өткізуді қамтамасыз етеді.
- Құзыреті шеңберінде келісу сатысында оларды қарауға қатысқан Министрлік қызметкерлерінің кандидатуралары заң жобалары бойынша Парламенттің жұмыс топтарының отырыстарына енгізіледі.
- Заң жобаларын жұмыс топтарында қарау кезінде Министрліктің қызметкерлері құзыреті шеңберінде заңға тәуелді актілерді әзірлеу қажеттігі туралы өзге де құрылымдық бөлімшелерді хабардар етеді.
Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде заңнамалық бастамалар туындаған жағдайда мұндай ұсыныстар міндетті түрде Заң департаментімен, аппарат басшысымен және Министрмен келісіледі.
Заң жобаларын әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер Парламентегі жұмыс топтарының отырыстарында заң жобаларының қаралу барысы туралы Министрліктің басшылығын міндетті түрде хабардар етеді.
Министрліктің қызмет салаларына қатысты Парламент депутаттарының заңнамалық түзетулеріне арналған ресми ұстанымы Заң департаментімен, аппарат басшысымен (және/немесе) министрмен келісуді талап етеді, бұл ретте Министрліктің жауапты лауазымды адамы ресми түрде ұсынғанға дейін Министрліктің әзірленген ұстанымын жария етуге жол берілмейді.
Әзірлеушісі Министрлік болып табылатын заң жобаларын қарау бойынша Парламент палаталарындағы жұмыс топтарының отырыстарына Министрліктің лауазымды адамдарының қатысуы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жұмыс топтарына – департаменттердің директорлары немесе комитеттердің төрағалары;
2) бас комитеттердің отырыстарына – вице-министрлер;
3) Палаталардың жалпы отырыстарына – министр.
Заң жобаларын әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер немесе Парламентте қаралатын өзге де заң жобаларына қатысушылар Заң департаментінен алдын ала нұсқама алуы және заң жобаларын сүйемелдеу жөніндегі жаднамамен танысуы тиіс.
Заң жобаларын әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер Парламент палаталарының отырыстарына қатысу барысында Үкіметтің бірыңғай ұстанымын қатаң сақтауға міндетті.
18-тарау. Министрліктің актілерін тіркеу,
мемлекеттік органдарға және ұйымдарға жіберу тәртібі
- Министр немесе Министрліктің аппарат басшысы қол қойған негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды тіркеу БҚА-ның «Бұйрықтар» деректер базасында оларға Кадр және әкімшілік жұмыс департаментінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының реттік/тіркеу нөмірін беруі арқылы жүзеге асырылады, кадр бұйрықтарын Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің Кадр жұмысы басқармасы тіркейді.
- Журнал нөмірленуі, тігілуі және Министрліктің мөрімен және Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті директорының қолымен бекітілуге тиіс.
- Таратуды талап ететін бұйрықтар бұйрықты әзірлеуге және орындауға жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы не оның міндетін атқарушы адам бекіткен тарату тізбесіне сәйкес қажетті мөлшерде көшірмелері таратылады.
Сыртқы адресаттарға жіберілетін бұйрықтарды таратуға және танысуға әзірлеуші жауапты болады.
- Кадр мәселелері жөніндегі бұйрықтарды нөмірлеу араб цифрларымен жылдың басынан бастап өсу түрінде жүзеге асырылады және күнтізбелік жылдың соңында аяқталады.
Номенклатуралық қызметкерлердің жеке құрамы, іссапарлары, демалыстары, номенклатуралық қызметкерлердің демалыстары және олардан өндіріп алу жөніндегі бұйрықтар олардың нөміріне тиісінше «к», «І», «д», «ж», «н» индексін беру жолымен сыныпталады.
- Негізгі қызмет жөніндегі бұйрықтар мәтіндерінің түпнұсқалары және оларға қоса берілетін құжаттар істер номенклатурасына сәйкес Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінде сақталады.
Кадр мәселелері жөніндегі бұйрықтар мәтіндерінің түпнұсқалары істер номенклатурасына сәйкес Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінде сақталады, жеке құрам жөніндегі бұйрықтар екі жыл өткеннен кейін Министрліктің ведомстволық архивіне беріледі.
- Қажет болған жағдайда Министрлік басшылығының және құрылымдық бөлімшелердің сұрау салуы бойынша «дұрыс», «көшірме», «көшірме дұрыс» мөртабанымен не Министрліктің аумағынан тыс жерлерге тарату кезінде Министрліктің мөрімен бекітілген бұйрықтардың көшірмелері беріледі.
- Бұйрықтардың арнайы бланкілері белгіленген нысан бойынша баспаханалық тәсілмен дайындалады, төменгі сол жақ бұрышында алты таңбалы нөмірлері болады.
19-тарау. Нормативтік құқықтық, құқықтық актілердің және
шарттардың жобаларын дайындау, ресімдеу, келісу және жариялау
тәртібі
- Министрлік өз құзыреті шегінде әзірлейтін құқықтық актілердің (нормативтік те, нормативтік емес те) жобаларын дайындауды тиісті құрылымдық бөлімшелер Кодекстің талаптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Құқықтық актілер туралы» заңдарына, «Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығы, «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы», Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 3 шiлдедегi № 448 бұйрығы, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығы, Үкіметтің регламентіне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырады.
- Министрліктің әзірлеуші құрылымдық бөлімшелері Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық актілердің жобаларын бастамашылық тәртіппен әзірлейді.
- Қабылданған заңнамалық актілерді іске асыру шеңберінде Премьер-Министрдің өкімінде көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге жауаптылық, егер мерзімі 1 айдан астам мерзімге бұзылса (заңға тәуелді актінің жобасы Үкімет Аппаратына уақтылы енгізілмесе, әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге уақтылы жіберілмесе), мемлекеттік органның аппарат басшысы міндетті тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органда құқықтық актінің жобасын әзірлеуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына тәртіптік жаза қолдану туралы мәселені қарайды.
Егер Премьер-Министрдің өкімінде белгіленген мерзім 2 (екі) айдан астам мерзімге бұзылған жағдайда, Үкімет Аппараты Премьер-Министрдің өкімінде көрсетілген тиісті заңға тәуелді актіні әзірлеуге және қабылдауға жауапты саяси лауазымды адамға жаза қолдану туралы мәселені қарайды.
- Құқықтық актілер жобаларының мәтіндерін орындаушы мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді, олардың теңтүпнұсқалылығын тексеруді Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті жүзеге асырады. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармалардың халықаралық шарттардың теңтүпнұсқалы мәтіндерінің біріне сәйкестігін Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті қамтамасыз етеді.
- Құрылымдық бөлімшелер отыз және одан да астам парақты құрайтын материалдарды (хаттар, есептер, НҚА және т.б.) Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің Мемлекеттік тілді дамыту басқармасына келісуге құжаттың орындалу мерзіміне дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын ұсынуға тиіс.
- Әзірлеуші құрылымдық бөлімшенің өтінішхаты бойынша Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша келісуші құрылымдық бөлімшелердің келіспеушіліктерін қарау мақсатында Министрде және вице-министрлерде кеңестер өткізілуі мүмкін.
Министрдің тапсырмасы бойынша кеңестер аппарат басшысында өткізілуі мүмкін, олардың нәтижелері Министрге баяндалады.
- Жобаны белгіленген мерзімде сапалы әзірлеу үшін дербес жауаптылық әзірлеушіге (Министрліктің жобаны әзірлеуші құрылымдық бөлімшесінің басшысына) жүктеледі.
- Әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлейді және оң заң қорытындысын алу үшін Заң департаментіне енгізеді.
Заң департаментінің оң қорытындысын алғаннан кейін реттілікпен мынадай әрекеттерді орындайды:
1) Нормативтік құқықтық актінің жобасын «Ашық НҚА» порталында НҚА жобасын орналастырғанға дейін міндетті түрде Министрлігінің баспасөз қызметімен жобаның баспасөз парағын келіседі және оны жобамен бірге «Ашық НҚА» порталында орналыстырады;
2) НҚА жобаны жарияламас бұрын жетекшілік ететін Вице-министрдің келісімімен, Министрліктің Заң департаментінің және баспасөз қызметінің міндетті келісімімен Министрдің атына қызметтік жазба жібереді;
3) НҚА жобасын тиісті құжаттарсыз орналастыруға жол берілмейді;
4) ескертулер / ұсыныстарды қараудың белгіленген мерзімін қатаң сақтайды (3 жұмыс күні);
5) Портал пайдаланушыларының келіп түскен пікірлеріне негізделген, уәжді, нақты жауаптар беру ұсынылады;
6) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Министрмен келіскеннен кейін «Ашық НҚА» порталына орналастырады;
Әлеуметтік мәні бар қаулылардың жобалары бойынша Министрліктің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизі орналастырылады;
7) сараптама кеңесінің мүшелеріне кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын «Ашық НҚА» порталында орналастырылғаны туралы, оның ішінде аталған жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келісу кезінде сараптамалық кеңестің мүшелеріне НҚА жобасыны жібереді;
Әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер «Ашық НҚА» порталында орналастырылған ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және сараптамалық кеңес мүшелерінің қорытындыларын, Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды және негіздемелерін көрсете отырып, «Ашық НҚА» порталында оларды қабылдау не қабылдамау туралы қабылданған шешімді орналастырады.
8) нормативтік құқықтық актінің жобасын Министрліктің қоғамдық кеңесіне жібереді;
9) нормативтік құқықтық актінің жобасын НҚА-ға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларына (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 473, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 135 және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 223 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33104 болып тіркелген) сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жібереді.
Осы тармақтың 6) – 9) тармақшаларында көзделген рәсімдерді нормативтік құқықтық актінің жобасы Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған күні жұмыс күнінің соңына дейін жүргізу қажет.
- Жобаларды «Ашық НҚА» порталында мемлекеттік органдар дербес айқындайтын жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдардың қызметкерлері «Ашық НҚА» порталының автоматтандырылған жұмыс орны арқылы қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.
- Консультативтік құжаттарды және заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын, сондай-ақ заң жобаларын «Ашық НҚА» порталына орналастыру және жария талқылау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында айқындалады.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын «Ашық НҚА» порталына орналастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 849 бұйрығымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру қағидаларында айқындалады.
- Мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуға немесе мемлекеттік кірістерді азайтуға әкеп соғатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына Республикалық бюджет комиссиясының қорытындылары не шығын нормалары бойынша қаржыландыру көздері (бюджеттік бағдарламаның нөмірі мен атауы, бюджет қаражатын игерудің ағымдағы жағдайы) көрсетілген егжей-тегжейлі анықтамалар қоса беріледі.
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 386 қаулысымен бекітілген Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларына сәйкес ғылыми сараптама жасауға жататын нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті сараптама қорытындысының көшірмесі қоса беріледі.
- Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жоспарын уақтылы және сапалы орындау мақсатында Министрліктің құрылымдық бөлімшелері (нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеушілер) Заң департаментіне норма шығармашылығы қызметінің орындалу барысы туралы, олардың қызметін есепке алу және үйлестіру үшін, сондай-ақ Әділет министрлігіне қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы ақпаратты ай сайын ұсыну үшін апта сайын (жұмада) ақпарат береді.
- Әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер Үкімет регламентінің 42-тармағының талаптарын ескере отырып, қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберумен бір мезгілде өзінің интернет-ресурсында қаулы жобасын, түсіндірме жазбаны және оған басқа да қажетті құжаттарды, оның ішінде кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелері бар қаулылардың жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын мемлекеттік және орыс тілдерінде жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері жөнінде, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) «Қызметтік бабында пайдалану үшін» белгісі бар шектеулі таратылатын қызметтік ақпаратты орналастырады. Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және күні) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдардың атауы) қаулы жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.
- Әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасы деп адамның және жалпы қоғамның құқықтары мен мүдделерін тікелей немесе жанама түрде қозғайтын қаулы жобасын түсіну керек.
- Нормативтік құқықтық актілерді Министрліктің интернет-ресурсында, «Ашық НҚА» порталында уақтылы орналастыруды және Министрліктің бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі бөлімшесіне ақпаратты уақтылы ұсынуды Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қамтамасыз етеді.
- Үкімет қаулысының жобасын, заң жобасын әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер Мемлекеттік органдардың интранет-порталында Заң департаменті басшысының (немесе оның міндетін атқарушы адамның) және Министрдің мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдана отырып куәландырылған қаулы (өкім) жобасын, оған түсіндірме жазбаны және басқа да қажетті құжаттарды электрондық құжаттар нысанында орналастырады, ал ұйымдарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен куәландырылған электрондық құжаттың қағаз көшірмесі келісуге жіберіледі.
- Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің жобалары және Қазақстан Республикасының заң жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен олардың заңнамада белгіленген құзыретіне орай келісуге жатады, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік Жобада қаралатын мәселелердің мәні негізге алына отырып, сондай-ақ жобада мемлекеттік органдардың немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгіленеді.
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкіметтің Регламентіне сәйкес дайындалған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындыларының жобаларын Үкімет Аппаратына енгізген кезде Министрлік оларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесін, Әділет, Ұлттық экономика министрліктері хаттарының көшірмелерін, қажет болған кезде мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайту бөлігінде қаржылық-экономикалық есептеулерді қоса береді.
- Жобаны Үкімет Аппаратына енгізген кезде оған Министрдің міндетін атқарушы адам қол қойған жағдайда, жобаға Министрдің міндеттерін атқаруды жүктеу туралы актінің көшірмесі қоса беріледі.
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрдің, Президент Әкімшілігі басшыларының, Мемлекеттік кеңесшінің, Премьер-Министр орынбасарларының, сондай-ақ Үкімет Аппараты Басшысының тапсырмалары бар жобаларды қоспағанда, әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын Үкімет Аппаратына ағымдағы жылғы 10 желтоқсанға дейін енгізеді.
- Мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібергенге дейін әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер өзінің интернет-ресурсында және жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда «Ашық НҚА» порталына сілтеме жасай отырып, әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасы туралы баспасөз баянын орналастырады.
- Әділет органдарына жіберілген кезде әзірленген жобаға мүдделі ұйымдармен келісу нәтижелері, сараптамалық қорытындылар, ұсынымдар, бұрынғы және жаңа редакциядағы салыстырмалы кесте (қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда), жүргізу міндеттілігі «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында және (немесе) тиісті саладағы құқықтық қатынастарды реттейтін заңнамалық актіде көзделген жария талқылаулар мен сараптамалардың нәтижелері қоса беріледі.
Әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасына сондай-ақ «Ашық НҚА» порталында орналастыру туралы анықтама және орналастыру күнін көрсете отырып, жобаны жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп қоса беріледі.
- Әзірленген жоба және оған қоса берілетін құжаттар мүдделі органдар мен ұйымдарға келісуге электрондық құжат айналымы шеңберінде Мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы басшының орынбасарының немесе аппарат басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырыла отырып, қазақ және орыс тілдерінде *docx форматында жіберіледі.
- Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келіскен не бірлескен актіні қабылдаған жағдайларда мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілер, көрсетілген акт Мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы электрондық түрде мемлекеттік тіркеуге мүдделі мемлекеттік органдардың соңғысы келіскен не олар бекітілген күні қол қойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынылады.
- Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге қайтадан ұсынған кезде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге қайта жасалған сараптамалық қорытындының және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қорытындысының көшірмелері қоса беріледі.
20-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді ішкі және сыртқы келісу
- Құқықтық актілердің жобалары өздерінің құзыретіне қарай мүдделі құрылымдық бөлімшелермен міндетті түрде келісіледі, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік Жобада қаралатын мәселелердің мән-жайы негізге алына отырып, сондай-ақ жобада құрылымдық бөлімшелердің немесе олардың басшыларының атына тапсырмалар болған кезде белгіленеді.
- Министрліктің Ішкі аудит департаменті енгізетін Министрдің бақылау іс-шараларын тағайындау туралы бұйрықтарының жобаларын қоспағанда, Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы виза қоюды жүзеге асыратын құқықтық актілердің жобалары, оның ішінде ведомстволардың құқықтық актілерінің және Министрліктің құқықтық актілерінің жобалары Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық актілеріне, Президенттің, Үкіметтің және Премьер-Министрдің актілеріне сәйкестігі нысанасында заң сараптамасын жүргізуге жауапты Министрліктің Заң департаментімен, сондай-ақ Министрліктің Экономика және қаржы департаментімен (бюджет қаражатын бағыттау тәртібін қамтитын немесе оларды іске асыруға қаржылық шығындарды талап ететін актілер не мемлекеттік қолдау құралдарын қаржыландыру нормалары) міндетті түрде келісуге жатады.
Көрсетілген департаменттер теріс қорытынды берген кезде, егер Министр өзгеше ескерту жасамаса, құқықтық актілердің жобалары – Министрге, ал ведомстволардың актілері ведомство басшысына қол қоюға ұсынылмайды.
- Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері жөніндегі Үкімет қаулыларының жобалары Халықаралық ынтымақтастық департаментімен, Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментімен және Заң департаментімен келісіледі.
- Құқықтық актілер жобаларын ішкі келісу БҚА Деректер базасында жүзеге асырылады.
- Құрылымдық бөлімшелер жобаны алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей әзірлеушіге жауап береді.
Акт жобасын әзірлеуші ескертулермен және осы ескертулерді нақты жоюмен келіскен жағдайда, егер мәтін пысықтау барысында өзгермесе, акт жобасын қайта келісу үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Құжатты жедел орындау мақсатында жобаны жұмыс тәртібінде пысықтауға жол беріледі, бұл туралы бұрын ұсынылған жобада белгі қойылады.
- Министрлікте, басқа да мемлекеттік органдарда қарау процесінде нормативтік құқықтық актілердің жобалары тұжырымдамалық тұрғыда өзгерген жағдайда олар мүдделі құрылымдық бөлімшелермен міндетті түрде қайта келісілуге тиіс.
Редакциялық өзгерістері бар актінің жобасын құрылымдық бөлімшелермен екінші рет қайта келісу талап етілмейді.
Жобаны қарау процесінде мәтіні өзгерген жағдайда мемлекеттік тілдегі жобаны Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті қайта қарауға тиіс.
- Құрылымдық бөлімшелермен келісілгеннен кейін құқықтық актінің жобасы тиісті мәселелерге жетекшілік ететін вице-министрге және аппарат басшысына келісуге ұсынылады. Жетекшілік ететін вице-министрмен және аппарат басшысымен келісілген жоба Министрге келісуге ұсынылады.
- Құқықтық актінің жобасын Министрге виза қоюға енгізген кезде жауапты құрылымдық бөлімше жобаға құқықтық актінің жобасы туралы анықтаманы қоса береді.
- Министрлікке келіп түскен қаулылардың жобаларын қарау және келісу келіп түскен күннен бастап мынадай мерзімнен аспауға тиіс:
Сыртқы істер министрлігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде келісетін халықаралық шартқа қол қою, бекіту, қабылдау және оған қосылу мәселелері бойынша жобаларды қоспағанда, жобаларды (заңнамалық актілердің жобаларын Парламент Мәжілісіне енгізуді көздейтін Үкімет қаулыларынан басқа) мемлекеттік органдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде келіседі.
Егер жоба мемлекеттік органда 3 (үш) жұмыс күнінен (Сыртқы істер министрлігінде – 5 (бес) жұмыс күнінен) астам келісуде болса және ол бойынша жауап ұсынылмаса, онда мұндай жоба әдепкі қалпы бойынша «келісілді» деп есептеледі.
Кодекстердің жобаларын қоспағанда, заңнамалық актілердің жобаларын мемлекеттік органдар 5 (бес) жұмыс күні ішінде (Әділет министрлігі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде) келіседі. Қазақстан Республикасы Кодекстерінің жобаларын мемлекеттік органдар 7 (жеті) жұмыс күні ішінде (Әділет министрлігі 10 (он) жұмыс күні ішінде) келіседі.
- Қаулы (өкім) жобасын қарау қорытындысы бойынша Министрлік әзірлеушіге электрондық құжат нысанында немесе мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының, немесе аппарат басшысының, облыс, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің (олардың міндетін атқаратын адамдардың) электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың интернет-порталында белгі қою арқылы жауаптың мынадай нұсқаларының бірін ұсынуға тиіс:
1) ескертулерсіз келісілді;
2) бар ескертулерді жою үшін пысықтауға жіберілді. Бұл ретте Министрлік міндетті түрде оларды жою жөніндегі ұсыныстарды қамтуға тиіс ескертулерді орналастырады.
Бұл жағдайда әзірлеуші ескертулермен келіскен кезде жобаларды пысықтау мемлекеттік органдардың интернет-порталында жүзеге асырылады, одан кейін әзірлеуші онда жобаның пысықталған (келесі) нұсқасын орналастырады және Министрлікке келісуге қайтадан жібереді;
3) келісуден бас тартылды. Бұл ретте Министрлік келісуден бас тартуды уәждей отырып, келісуден бас тарту туралы белгі қояды.
Құзыреті шеңберінде ескертулері болса, Министрлікке «ескертулері бар» жобаларды келісуге тыйым салынады.
- Нормативтік құқықтық бұйрықтың жобасын келісу, егер заңнамада өзгеше мерзім белгіленбесе не ол жоғары тұрған мемлекеттік органдардың (лауазымды адамдардың) тапсырмаларынан туындамаса, онда келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
- Тиісті аумақта карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу (жою) туралы, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды көздейтін нормативтік құқықтық бұйрықтың жобасын келісу, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
- Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық бұйрықтың жобасын келісу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
- Алынған ұсынымдар, ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отырып пысықталған, сондай-ақ олармен келіспеген жағдайда, нормативтік құқықтық бұйрықтың жобасын қайта келісу ол қайта келісуге келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
- Нормативтік құқықтық бұйрықтың жобасын қарау қорытындылары бойынша Министрлік жауаптың мынадай нұсқаларының бірін ұсынады:
1) ескертулерсіз келісу;
2) пысықтауға қайтару;
3) келісуден бас тарту.
Пысықтауға қайтару немесе келісуден бас тарту туралы жауап болған жағдайда нақты ескертулер және (немесе) қаралған жобаның тиісті нормаларының негіздемелері және (немесе) ұсынылатын редакциялары бар ұсыныстар ұсынылады, олар Министрлік құзыретінің мәселелеріне тікелей қатысты болуға тиіс.
Электрондық түрдегі жауаптар басшының орынбасарының немесе аппарат басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
21-тарау. Құқықтық мониторинг
- Құқықтық мониторинг қабылданған нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшылықтарды, қайталануларды, олқылықтарды, тиімсіз іске асырылатын, ескірген және сыбайлас жемқорлықтық құқық нормаларын анықтау және қабылданған нормативтік құқықтық актілерді іске асыру тиімділігін болжау, талдау, бағалау және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдау үшін жүргізіледі.
- Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін құрылымдық бөлімшелер құқықтық мониторинг жүргізетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейін аппарат басшысымен бекітілетін және бекітілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған құқықтық мониторинг жүргізудің ағымдағы жылға арналған кестесіне сәйкес жүргізеді.
- Құрылымдық бөлімшелер жыл сайын 30 қарашаға дейінгі мерзімде Заң департаментіне құқықтық мониторинг жүргізу кестесіне ұсыныстар жібереді.
- Жоғары тұрған деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері 3 жұмыс күні ішінде осы нормативтік құқықтық актілерді реттеу нысанасына байланысты заңға тәуелді актілерге талдау жасайды.
- Көрсетілген заңға тәуелді актілердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда Министрліктің құрылымдық бөлімшелері Заң департаментімен келісу бойынша жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілер күшіне енген күннен бастап бір ай мерзімде заңға тәуелді актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен олардың күші жойылды деп тану жөнінде шаралар қабылдайды.
- Нормалары жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін заңға тәуелді актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді немесе олардың күші жойылды деп тануды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты осы актілер қабылданғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде Министрліктің әзірлеуші құрылымдық бөлімшесі Заң департаментіне ұсынады.
- Заң департаменті тоқсан сайын жүргізілетін құқықтық мониторинг нәтижелерін орталық мемлекеттік органдар есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде нысаналы топтардың ескертулерімен және (немесе) ұсынымдарымен бірге (бар болса) Әділет министрлігіне қазақ және орыс тілдерінде жібереді және құқықтық мониторинг нәтижелерін Әділет министрлігіне жіберген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Министрліктің интернет-ресурсында жариялайды.
22-тарау. Кадрлық іс жүргізу
- Персоналмен жұмысты ұйымдастыруды және кадр жөніндегі шешімдерді ресімдеуді Кадр жұмысы департаменті жүзеге асырады.
316. Кадр мәселелері бойынша бұйрықтардың ресімделуі қағаз жеткізгіште, сондай-ақ «E-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік тілде (қажет болған жағдайда орыс тілінде) жүзеге асырылады.Тәртіптік жауаптылыққа тарту бойынша іс жүргізу (түсініктемелерді сұратып алу, тәртіптік жаза қолдану, тәртіптік жазаны мерзімнен бұрын алып тастау, сонымен қатар қызметтік тергеп-тексеру жөніндегі және т.б. бұйрықтар) толықтай «Е-қызмет» жүйесінде жүргізіледі.317. Министрдің не аппарат басшысының тапсырмасы бойынша тиісті құжаттарды жедел қабылдау жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік қызметшілердің кадр мәселелері жөніндегі құжаттары «е-қызмет» ақпараттық жүйесінде ресімделеді, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын жұмыскерлердің кадр мәселелері жөніндегі құжаттары кадр қызметіне жұмыс күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қағаз жеткізгіште енгізіледі.318. Аппарат басшысы қол қоятын бұйрық қажет болған кезде және заңнамада көзделген жағдайларда келісу белгісінің көмегімен қағаз жеткізгіште Министрмен келісіледі, ол құжаттың соңғы парағының сол жақ төменгі бұрышына орналастырылады және мынадай ақпарат: «КЕЛІСІЛДІ» деген сөз, құжатты келісетін адамның лауазымының атауы, жеке қолтаңбасы және оның толық жазылуы, келісу күні қамтылады.Аппарат басшысы қол қойғанға дейін құжаттың электрондық нұсқасы Министрмен электрондық цифрлық қолтаңба арқылы келісіледі.Бұл ретте вице-министрдің, аппарат басшысының немесе тиісті құрылымдық бөлімше басшысының қолы қойылған Министрмен келісілген қызметтік жазба бұйрықты ресімдеу үшін негіз болып табылады.319. «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіндегі келісу схемалары, жадынамалар, нұсқаулықтар және кадрлық іс жүргізу мәселелері бойынша басқа да материалдар Министрліктің мемлекеттік органдарының құжаттар кітапханасындағы «Кадр жұмысы департаменті» папкасында орналастырылған.
23-тарау. Жұмысқа қабылдау
320. Мемлекеттік қызметші болып табылмайтын адамды жұмысқа қабылдауды : 1) мемлекеттік тілде (қажет болған жағдайда орыс тілінде) өз қолымен ресімделетін немесе Word форматында өлшемі мен қаріп түрі 14 Times New Roman бойынша терілетін және күні көрсетіле отырып, өтініш берушінің жеке қолымен расталатын өтініш. Өтініш лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адамның атына ресімделеді, оған құрылымдық бөлімшенің тиісті басшысы, Кадр жұмысы басқармасының басшысы және Кадр департаментінің директоры виза қояды;2) конкурстық комиссияның хаттамалары; 3) құжаттар кітапханасында орналасқан жұмысқа қабылдау үшін қажетті құжаттар тізбесі негізінде кадр қызметі жүзеге асырады. Қол қойылған және келісілген өтініш құжаттар кітапханасында орналастырылған тізбеге сәйкес құжаттармен бірге кадр қызметіне тапсырылады. Ұсынылған құжаттардың негізінде кадр қызметі 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік лауазым міндеттерін уақытша атқару үшін жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады, ол тиісті тіркеу журналында, «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде тіркеледі және 1 (бір) жұмыс күні ішінде Экономика және қаржы департаментіне қағаз нұсқасында беріледі. Құжатқа сағат 17:00-ден кейін қол қойылған жағдайда келесі жұмыс күнінде беріледі. 321. Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде арнайы тексеру нәтижелерін алғанға дейін еңбек шарты жасалады, сондай-ақ азаматтар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болдырмау мақсатында өзіне Заңда белгіленген шектеулерді қабылдайды.Бұл шектеулерді кадр қызметі мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша нысанда тіркейді.322. Кадр қызметі еңбек кітапшасының «Жұмыс туралы мәліметтер» бөлімінде лауазымның толық атауын, актінің нөмірін және тағайындалған күнін көрсете отырып жазбаны енгізеді.
24-тарау. Арнайы тексеру үшін құжаттарды ресімдеу
323. Осы регламенттің 304-тармағында көрсетілген адамдар кадр қызметіне лауазымға тағайындалғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды:1) барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптары бар, түзетусіз және шимайсыз толтырылған сауалнама;2) дипломның нотариус арқылы куәландырылған көшірмесін;3) өз қолымен толтырылған өмірбаянды;4) жеке куәліктің нотариус арқылы куәландырылған көшірмесін;5) кірістер туралы декларацияны тапсырғаны туралы анықтаманың көшірмесін;6) жұбайының/зайыбының кірістері туралы декларацияны тапсырғаны туралы анықтаманың көшірмесін;7) неке қию туралы куәліктің көшірмесін. Тегі өзгерген жағдайда нотариус арқылы куәландырылған көшірме қажет;8) жақын туыстарының (болған жағдайда) қайтыс болуы туралы куәліктердің көшірмелерін;9) мемлекеттік қызметшінің мүлкін (болған жағдайда) сенімгерлік басқару туралы шарттың нотариус арқылы куәландырылған көшірмесін ұсынады.324. Арнайы тексерудің теріс нәтижесін алған (мемлекеттік қызметке түсуге кедергі келтіретін мәліметтерді анықтау) кезде жұмыскер арнайы тексеруден өтпеген деп жұмыстан босатылады.
- Арнайы тексерудің оң нәтижесін алған кезде Кадр жұмысы департаментінің Кадр жұмысы басқармасы арнайы тексеру нәтижелерін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде адамды мемлекеттік лауазымға қабылдау туралы бұйрықты ресімдейді.
Лауазымға тағайындауға кедергі келтірмейтін фактілер болған жағдайда жұмыскер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хатымен бірге лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның қарауына және шешім қабылдауына енгізілетін түсіндірмелерді ұсынады.
- Ішкі конкурс нәтижелері бойынша, ауысу тәртібінде не заңнамада көзделген жағдайларда конкурстық рәсімдер өткізілмей лауазымға тағайындалатын адам кадр қызметіне өз қолымен ресімделген, не Word форматында, күнін көрсете отырып мемлекеттік тілде (қажет болған кезде орыс тілінде) 14 Times New Roman мөлшері мен қарпі бойынша басылған өтінішті ұсынады.
Қол қойылған және келісілген өтініш құжаттар кітапханасында орналастырылған тізбеге сәйкес құжаттармен бірге кадр қызметіне ұсынылады.
327. Өтініш лауазымға тағайындауға құқығы бар лауазымды адамның атына ресімделеді, оған тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы және кадр қызметі виза қояды.
- Тағайындауға құқығы бар адам қол қойған бұйрық тиісті тіркеу журналында және «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде тіркеледі және бір жұмыс күні ішінде Экономика және қаржы департаментіне қағаз нұсқасында беріледі. Құжатқа сағат 17:00-ден кейін қол қойылған жағдайда келесі жұмыс күнінде беріледі.
25-тарау. Әскери есепке алу жұмысын ұйымдастыру
- Министрліктің әскери міндеттілері мен әскерге шақырылушыларын әскери есепке алуды кадр қызметі «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес жүргізеді.
- Әскери есепке алуды жүзеге асыру үшін Кадр жұмысы департаментінің Кадр жұмысы басқармасы жұмысқа қабылдау кезінде әскери міндеттілерде әскери билеттердің немесе уақытша куәліктердің, ал әскерге шақырылушыларда тіркеу туралы куәліктердің түпнұсқасының (немесе нотариус куәландырған көшірмесінің) болуын тексереді. Көрсетілген құжаттар болмаған жағдайда азамат алып қою туралы қолхат береді.
- Әскери есепте тұрмаған әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар оларды тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органдарына (жергілікті әскери басқару органдары арқылы) әскери есепке қойылғаннан кейін жұмысқа қабылданады.
- Кадр жұмысы департаментінің Кадр жұмысы басқармасы жыл сайын
1 ақпанға қарай (1 қаңтардағы жағдай бойынша) жергілікті әскери басқару органдарына жұмыскерлердің, оның ішінде жұмылдыру, әскери есепке алу және броньдау кезеңінде броньдалғандардың саны туралы мәліметтерді жібереді.
- Министрліктегі қызметкерлердің әскери есебі Т-2 жеке карточкасы бойынша жүргізіледі, онда әскери есепке алу туралы мәліметтер қамтылады. Әскерге шақырылушылар үшін мерзімді әскери қызметке жататын жасөспірімдердің тізімі қосымша жүргізіледі.
- Запаста болудың шекті жасына жеткен қызметкерлердің немесе әскери есептен шығара отырып, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған қызметкерлердің Т-2 жеке карточкаларында «жасы бойынша әскери есептен шығарылды» немесе «денсаулық жағдайы бойынша әскери есептен шығарылды» деген белгі қойылады.
26-тарау. Қызметтік іссапарларды ресімдеу тәртібі
- Қызметтік іссапарлар «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысына сәйкес ресімделеді.
- Министрліктің немесе оның ведомствосының қызметкерлерін іссапарға жіберу тағайындауға құқығы бар адамның не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығы негізінде жүргізіледі.
- Іссапарға бастамашылық жасаған Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және оның ведомстволарының тікелей басшылары тапсырмаларды дайындау және іссапарға, оның ішінде топ құрамында жіберілетін қызметкерлерді іріктеу үшін жауапты болады.
- Іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды дайындау Министрге не аппарат басшысына жолданған, жетекшілік ететін вице-министрдің, аппарат басшысының немесе тиісті вице-министрмен келісу бойынша (басқарма басшысы лауазымын атқаратын және одан жоғары қызметкерлерді іссапарға жіберу кезінде) құрылымдық бөлімше басшысының қызметтік жазбалары негізінде « Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
- Кадр жұмысы департаментінің Кадр жұмысы басқармасы бұйрық тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұйрықты Экономика және қаржы департаментіне береді. Құжатқа сағат 17:00-ден кейін қол қойылған жағдайда келесі жұмыс күнінде беріледі.
Министр, вице-министрлер не аппарат басшысы іссапарға жіберілген кезде тиісті бұйрық жұмыскерлерге жіберіледі.
- Қызметтік жазбаларды жұмыскерлері іссапарға жіберілуге тиіс тиісті құрылымдық бөлімшелер мемлекеттік тілде дайындайды және онда міндетті түрде:
1) іссапарға жіберушінің тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
2) іссапарға жіберудің мақсаты;
3) межелі мекені және іссапарға жіберу мерзімі;
4) межелі мекенге келуінің және одан кетуінің нақты көліктік маршруты (егер қызметкер әртүрлі елді мекендерге іссапарға жіберілсе, барлық көлік маршруттары жеке-жеке көрсетілуге тиіс);
5) тұрғын үй-жайды жалдау, тәуліктік шығыстарды төлеу күндерінің саны;
6) көлік түрі (жоспарлы іссапарлар және мерзімі алдын ала белгілі болған іссапарлар жағдайында теміржол не автокөлік пайдаланылады; басшылықтың тапсырмасымен байланысты шұғыл іссапарлар бойынша және теміржол және автокөлікке билеттер болмаған жағдайда растау құжаттарын қоса бере отырып, авиамен ұшуға жол беріледі);
7) іссапар шығыстарын қаржыландыру көзі;
8) шақырушы тараптың қаражаты есебінен жұмыскерді іссапарға жіберу кезінде жазбаға міндетті түрде шақырухат және іссапар кімнің есебінен жүргізілетінін айқындайтын құжат қоса беріледі;
9) құрылымдық бөлімшенің басшысы іссапарға жіберілген жағдайда оның міндеттері жүктелетін адам көрсетіледі.
- Іссапарға жіберу туралы қызметтік жазбалар Қазақстан Республикасының шегінде іссапарға шыққан жағдайда сапарға шыққанға дейін 5 (бес) күннен кешіктірілмей және мемлекеттік құпияларға рұқсаты бар адамдар (бұдан әрі – құпия тасымалдаушы) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберілген жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде ресімделеді.
Министрді іссапарға жіберу туралы қызметтік жазбаларды іссапар материалдарын дайындауға жауапты салалық құрылымдық бөлімше ресімдейді.
Екі және одан астам вице-министрлердің мәселелері көзделген Министрді іссапарға жіберу туралы қызметтік жазбаларды Кадр жұмысы департаменті ресімдейді.
- Іссапарға жіберу туралы қызметтік жазбалар Министрліктің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының шегінде іссапарға жіберілген жағдайда – кадр және қаржы қызметтерімен, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберілген жағдайда – Халықаралық ынтымақтастық департаментімен міндетті түрде келісіледі.
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу үшін құпия тасымалдаушылар белгіленген тәртіппен Министрліктің Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасында сапарға шыққанға дейін 5 (бес) күннен кешіктірмей өтініш ресімдеуі қажет.
Қызметтік іссапардан оралғаннан кейін жұмыскер 5 (бес) жұмыс күні ішінде жоғары тұрған лауазымды адамға, құпия сақтаушы Министрліктің Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасына іссапар туралы есеп беруге міндетті.
Егер, іссапар басшылықтың тиісті шешімі бойынша өңірдің немесе ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін тексеру немесе талдаумен байланысты болған жағдайда келген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде есеп ұсынылады.
Осы талап, шақырушы тараптың есебінен жүзеге асырылатын немесе тексерулер жүргізуге байлнысты емес іссапарларға, сондай-ақ Министрліктің басшылығының қатысуымен жүзеге асырылатын іссапарларға қолданылмайды.
27-тарау. Демалыстарды ресімдеу тәртібі
344. Еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша және жыл сайынғы еңбек демалыстарының бекітілген кестесіне (бұдан әрі – Демалыс кестесі) сәйкес беріледі.
- Жыл сайынғы еңбек демалысын бөлуге болады. Бұл ретте жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бөліктерінің біріншісі кемінде күнтізбелік он төрт күнді құрайды.
- Демалыс кестесін құрылымдық бөлімшелер, ведомстволар басшыларының ұсыныстары бойынша кадр қызметі алдағы жылдың желтоқсан айында қалыптастырады және оны орталық аппарат бойынша – аппарат басшысы, комитет бойынша комитет төрағасы бекітеді. Демалыс кестесіне өзгерістер аппарат басшысының келісуі бойынша енгізіледі.
- Демалыс кестесі бір қаржы жылы ішінде 6 (алты) және одан да астам ай жұмыс істеген қызметкерлерді қоспағанда, бір қаржы жылы ішінде бір мемлекеттік лауазым шеңберінде 11 (он бір) айдан аз жұмыс істеген жұмыскерлерге сауықтыру жәрдемақысын төлеуге жол бермеуді ескере отырып, Министрлік бюджетінде үнемдеу болған кезде мынадай:
1) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстан шығу немесе оқу демалысынан шығу;
2) кадр қызметінен тиісті анықтама болған жағдайда басқа мемлекеттік органдардан бос мемлекеттік лауазымға ауыстыру тәртібімен тағайындалған жағдайда қалыптастырылады.
- Демалыс кестесінің сақталуын бақылауды кадр қызметі жүзеге асырады.
349. Төлемдерді қайтаруға жол бермеу мақсатында құрылымдық бөлімшелердің басшылары демалыс кестесін жасау кезінде жұмыс істеген кезеңді ескере отырып, жұмыс жылы ішінде демалыс беруді қарастыруы қажет.350. Демалыс беру туралы өтініш мемлекеттік лауазымдарға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның не оның міндетін атқарушы адамның атына «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік тілде (қажет болған жағдайда орыс тілінде) беріледі, тиісті құрылымдық бөлімшенің, кадр және қаржы қызметтерінің басшысымен келісіледі. 351. Жыл сайынғы ақы төленетін демалыс беру туралы өтініш демалыс басталғанға дейін 10 (он) күннен кешіктірілмей кадр қызметіне жіберіледі.
- Демалыс туралы бұйрықты кадр қызметі лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адам не оның міндетін атқарушы адам қол қойған өтінішті алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде шығарады және бір жұмыс күні ішінде Экономика және қаржы департаментіне қағаз нұсқасында береді. Құжатқа сағат 17:00-ден кейін қол қойылған жағдайда келесі жұмыс күнінде беріледі.
353. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге баруға демалысты ресімдеу үшін құпия тасушы адамдар белгіленген тәртіппен өтінішті Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасымен демалыс басталғанға дейін 10 (он) күннен кешіктірмей келісуі қажет.
- Ұзақтығы күнтізбелік 3 (үш) күннен асатын жалақысы сақталмайтын демалыс берілген кезде өтініште себебі көрсетіледі.
355. Министр, вице-министр немесе аппарат басшысы демалысқа шыққан кезде тиісті бұйрық қызметкерлерге жіберіледі.356. Демалысты ресімдеу үшін қызметкерлер «E-qyzmet» порталында тиісті өтінішті демалысқа шыққанға дейін 3 күннен кешіктірмей іске қосады.
28-тарау. Мемлекеттік кірістер органдарына кірістер мен мүлік туралы декларацияларды тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастыру
357. Барлық мемлекеттік қызметші жыл сайын тиісті жылдың 15 шілдесіне дейінгі (қағаз түрінде) немесе 15 қыркүйегіне дейінгі (электрондық түрде) мерзімде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырады және оны тапсырғаны туралы кадр қызметіне анықтама ұсынады.
- Кадр қызметі декларацияларды тапсыру мерзімінің басталғаны туралы Министрліктің жұмыскерлерін 2 (екі) айдан кешіктірмей хабардар етеді.
- Кадр қызметі декларацияларды тапсыру қорытындыларын шығарады, құрылымдық бөлімшелер бойынша тізімдер жасайды және анықтамаларды жеке істерге тігеді.
29-тарау. Жұмыс орнынан анықтама беру
360. Жұмыс орнынан анықтама 3 (үш) жұмыс күні ішінде себебі мен адресаты көрсетілген жазбаша өтініш негізінде беріледі.361. Жұмыс орнынан анықтама мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беріледі және анықтама беру журналында тіркеледі.362. Анықтамаға Кадр жұмысы департаменті Кадр жұмысы басқармасының басшысы немесе бас сарапшысы (қажет болған жағдайда аппарат басшысы) қол қояды және «Кадр жұмысы департаменті» деген дөңгелек мөрмен расталады. Анықтаманың жоғарғы сол жақ бұрышында нөмірі мен күні көрсетіледі.363. Қажет болған жағдайда жұмыс орнынан анықтама Министрдің немесе аппарат басшысының қолы қойылған ресми бланкіде беріледі.
30-тарау. Тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерді есепке алу және мектепке дейінгі ұйымдардан орын беру
- Министрлiктiң қызметкерлерiн жатақханадан орынмен қамтамасыз ету қызметкерлердiң өтiнiштерi және комиссияның хаттамалары негiзiнде кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Жатақханадағы квотаның (бос орындардың) болуы туралы ақпарат орындардың пайда болуына қарай Министрліктің ресми сайтында орналастырылады.
Нысандағы өтініш (үлгісі – кадр қызметінде) және Комиссияның хаттамалық шешімі негізінде Министрліктің қызметкерлеріне жатақхана тегін беріледі.
Өтініштер мен құжаттар топтамаларын қабылдау Министрліктің Кадр жұмысы департаментінің Ынталандыру және кадр әлеуетін дамыту басқармасына жүктеледі.
Өтініштердің берілген күні мен журналда тіркелуіне сәйкес қызметкерлердің жатақханаға кезегі жүргізіледі.
Жатақханадағы орындар Комиссияның шешімімен бөлінеді.
Жатақханадағы орындарды бөлу жөніндегі конкурс комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) сандық және дербес құрамын, сондай-ақ оның өкілеттіктерінің мерзімдерін Министрлік аппаратының басшысы айқындайды.
Комиссияның негізгі міндеттері:
1) өтініштерді объективті және жария қарау, сондай-ақ олардың нәтижелері бойынша қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін бұзбайтын шешімдер қабылдау;
2) комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша шешімдер қабылдау.
Комиссияның шешімі негізінде Академия бөлінген квоталар бойынша жатақханадағы орындарды бөледі.
Қызметкерлер құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынса, өтінішті қабылдаудан бас тартылады.
Жатақханаға кезекке тұру үшін құжаттар тізімі:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) Астана қаласында тұрғынжайы жоқтығы туралы анықтама.
Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша комиссия 2 (екі) жұмыс күні ішінде жатақханадан орын беру туралы шешім қабылдайды.
Егер отырысқа оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, конкурс комиссиясының шешімі заңды деп есептеледі. Дауыс беру нәтижелері конкурстық комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен анықталады.
Комиссия жатақханадағы орындарды олардың босатылуына қарай бөледі.
Хаттамалық шешім орын бөлу және шарт жасасу үшін Мемлекеттік басқару академиясына жолданады.
Егер Министрліктің жатақханада тұратын қызметкері 2 (екі) ай бойы тұру ақысына төлем жасамаса, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 107-бабы 3) тармақшасына сәйкес Министрлік Тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасымен берілген квотаны кері қайтарып алу құқығын өзіне қалдырады.
Министрлік қызметкеріне жатақханадан орын бөлу туралы мәселе Министрліктің Тұрғын үй комиссиясы отырысының хаттамасында қаралған кезде, қызметкер жатақханада тұру ақысының уақытылы төленетіні туралы қолхат толтыруы қажет.
Қызметкер Министрліктен жұмыстан шығарылған, тұрғынжай алған немесе жұбайы (зайыбы) тұрғынжай алған жағдайда ол жатақханадағы орнын босатады.
Жатақханадағы бос орындар комиссияның шешімімен хаттама түрінде ресімделеді, ол Академияға орынды одан әрі босату үшін жіберіледі.
Министрлік «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ-мен (бұдан әрі – ҚТҮК) келісім жасасты. Осы келісім бойынша квоталар болған жағдайда тұрғынжайға ішкі кезек бойынша Министрлік қызметкерлерінің мәліметтері одан әрі ҚТҮК-ке қарауға жіберіледі.
Министрлiк тек кезектi жүргiзедi, барлық басқа алым, шарттар жасау, төлемдер, мерзiмдер қызметкер мен ҚТҮК арасында келiсiледі.