№ 68-НҚ от 21.02.2024
Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу тәртібін бекіту туралы
«Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қаңтардағы № 12 қаулысының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының назарына жеткізсін.
Министр А. Балаева
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2024 жылғы «__» ______
№ ____ бұйрығымен бекітілген
Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1) бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны;
2) жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
3) орталық атқарушы орган – тиісті салаға (аяға) басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын министрлік;
4) уәкілетті орган – ақпаратқа қол жеткізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
2-тарау. Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу тәртібі
Төтенше жағдай кезінде карантиндік режим жағдайында, сондай-ақ авариялардан, апаттардан, дүлей зілзалалардан және басқа да форс-мажорлық жағдайлардан туындаған төтенше жағдайларда кездесулер онлайн-форматта өткізілуі мүмкін.
денсаулық жағдайы нашарлаған;
шетелдік іссапарларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Президентінің және (немесе) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімі бойынша үкіметтік делегация құрамында іссапарға шыққан;
Қазақстан Республикасы Президентінің және (немесе) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша өзге де іссапарларға шыққан және жоспардан тыс кеңестерге қатысқан жағдайда жоспарланған кездесуді өткізуіне жол беріледі.
Сондай-ақ орталық атқарушы органның бірінші басшысы өз лауазымын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымымен қоса атқарған жағдайда, орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары халықпен кездесулер өткізе алады.
1) ресми интернет-ресурстарға, басқа да коммуникацияның нысандарында және әкімдердің халықпен кездесулерінің қорытындылары бойынша халықтан келіп түскен сұрау салулар мен ұсыныстарды жинауды, талдауды жүзеге асырады, олардың нәтижелері бойынша өңірлік деңгейде көтерілетін салалық проблемалар мен мәселелерді жүйелендіреді;
2) халықты кеңінен қамту өлшемшартын негізге ала отырып, кездесу өткізілетін күнді, уақытты және орынды айқындайды;
3) кездесу өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердегі аккаунттарда хабарландыру орналастырады.
1) кездесуге қатысушыларды толық қамти отырып, азаматтарды жеке қабылдау және жеке қабылдау кезінде шешілмеген мәселелерге жазбаша жауаптар беру;
2) бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг өткізу;
3) коммуникациялардың ресми арналары арқылы мемлекеттік органдарға жүгінудің маңыздылығы туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
онлайн-трансляция өткізуде, кездесу өтетін орынды таңдауда, дайындауда және жабдықтауда ұйымдастырушылық-техникалық қолдауды қамтамасыз етеді;
өңірлік БАҚ-та және әкімдіктердің (әкімдер аппараттарының) әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында және жалпыға қолжетімді орындарда ақпараттық-үгіттеу жұмыстарын жүргізеді;
орталық атқарушы органдар деңгейінде шешуді талап ететін әкімдердің халықпен кездесулерінің қорытындысы бойынша өңірдің жүйелі проблемаларын жинақтайды және жарты жылда бір рет кездесулерді өткізу кезінде есепке алу үшін құзыреті бойынша орталық атқарушы органдарға жібереді;
әкімдердің кездесулерге қатысуын қамтамасыз етеді.
1) барлық айтылған проблемалық мәселелерді жүйелендіреді;
2) кездесу мен азаматтарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, өткізілген кездесудің қорытындылары туралы ақпаратты, проблемалық мәселелердің тізбесін, проблемалық мәселелерді шешудің нақты мерзімдерін, жауапты орындаушыларды көрсете отырып, оларды шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарын бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде ресми интернет-ресурстарда орналастырады;
3) кездесулерде халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын ресми интернет-ресурста орналастырады;
4) кездесулерді өткізу барысы және олардың нәтижелерін республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердегі аккаунттарда кеңінен жария етеді;
5) бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде қаржыландыруды талап ететін жүйелі мәселелерді шешуге қаражатты жоспарлау мақсатында халықпен өткізілген кездесулердің қорытындыларын назарға алады;
6) әрбір кездесудің қорытындысы бойынша кездесу өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті толтырады және уәкілетті органның осы Тәртіпті үйлестіру және оның сақталуына мониторинг жүргізуді жүзеге асыруы үшін «Google Docs» онлайн-мәтіндік процессорында орналастырады;
7) жартыжылдықтағы кездесулердің қорытындыларын қалыптастырады және ақпаратты қорыту және кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізу үшін уәкілетті органға жібереді.
Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу тәртібіне
қосымша
Нысан
Халықпен өткізілген кездесу бойынша орталық атқарушы органның есебі
|
Кездесуөтетін күн |
Кездесу өткізілетін өңір |
Хабарландыруды орналастыру (растайтын сілтемелермен, скриншоттармен) |
Жеке қабылдау өткізу (қабылданған азаматтардың санын көрсете отырып) |
Брифинг өткізу (қатысқан БАҚ санын көрсете отырып) |
Онлайн-трансляция өткізу (растайтын сілтемелермен, скриншоттармен) |
Өткізілген кездесудің қорытындылары туралы ақпаратты орналастыру, проблемалық мәселелердің тізбесі, проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспары (растайтын сілтемелермен, скриншоттармен) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|