Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қоғамдық кеңесінің отырысының
№ 4 ХАТТАМАСЫ
Ақтөбе қ.
Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты,
мәжіліс залы 2025 жылғы 19 желтоқсан
сағат 10.00
Төрағалық етуші:
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық кеңесінің
төрағасы - Г.Г. Шиповских
Қатысқандар: (тізімге сәйкес)
|
1. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ____________________________________________ (Е.К. Сапаров)
Қоғамдық кеңесі ұсынады : 1.1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Е.Қ.Сапаровтың ақпараты назарға алынсын.
1.2 Азаматтық қоғам істері Комитетіне: Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының екінші кезеңіне арналған Іс-қимыл жоспарын әзірлеу және іске асыру барысында төмендегі ұсыныстарға назар аудару қажет: 1) Азаматтық қоғам өкілдерінің шешім қабылдау процестеріне қатысу сапасын арттыру;2) Азаматтық қоғамды дамытудың өңірлік өлшемін күшейту;3) Азаматтық қоғам институттарының орнықтылығы мен дербес-тігін қамтамасыз ету; 4) Азаматтық қоғамның Орнықты даму мақсаттарын іске асыру-дағы рөлін кеңейту.
1.3 Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі саласындағы заңнама нормаларының және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің сақталуын және орындалуын қамтамасыз ету, оның ішінде: - азаматтық қоғам саласындағы қолданыстағы қағидаларда көзделген ҮЕҰ міндетті есептілігін тапсыру және жариялау жөніндегі талаптарды сақтау; - мемлекеттік мүлікті пайдалану туралы КЕҰ есептілік мәселелері; - волонтерлер тізілімінің, сондай-ақ НҚА көзделген өзге де цифрлық және институционалдық тетіктерді өзектендіру.
1.4 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты (МӘТ) жоспарлау мен іске асыруға қайта талдамалық шолу жүргізу: - жобалар тақырыбының азаматтық қоғамды дамыту мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі; - сатып алу тәсілдерін таңдаудың заңдылығы; - заңнамаға қайшы келетін жағдайларды, оның ішінде кәсіптік спортты қаржыландыруға байланысты сатып алуларды анықтау және тіркеу (атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы мен Ұлытау облысында). - 2026 жылға арналған МӘТ-ты жоспарлау, іске асыру тақырыптары мен тетіктерін түзету бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - жергілікті атқарушы органдарға нақты атаулы ұсынымдар әзірлеу және жолдау.
2. Қазақстан Республикасында креативті индустрияны дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы» (А.Б.Жонкина)
Қоғамдық кеңесі ұсынады : 2.1 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлі Креативті индустриялар департаментінің директоры А.Б.Жонкинаның ақпараты назарға алынсын.
2.2 Креативті индустриялар департаментіне: Креативті индустрияны дамыту қорының қызметі туралы толық ақпаратты қоғамдық кеңеске ұсыну: - Қордың құқықтық жағдайын (құрылтай құжаттары, мәртебесі), қаржыландырудың басым бағыттарын, креативті идеялар мен жобаларды іріктеу қағидаттары мен өлшемшарттарын, тиімділік пен нәтижелілік индикаторларының жүйесін, бөлінген қаражатты пайдалануды мониторингілеу және бағалау тетіктерін көрсету. 2.3 Креативті индустрия бойынша жобалардың сапалы іріктеуін қамтамасыз ету - Күтілетін және нақты қол жеткізілген нәтижелерді, нақты авторлар мен жобаларды қолдаудың мерзімдері мен шектерін, қаржыландыруды аяқтау не ұзарту шарттарын қоса алғанда, қолдау нәтижелері мен жоспарлау туралы ақпарат ұсыну.
2.4 Креативті индустрия орталықтарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің тізбесін ұсыну.
2.5 Өңірлік креативті хабтардың жұмыс уақытына өзгерістер енгізу мәселесін қарастыру. - Ақтөбе облысындағы креативті индустрия орталығы бойынша (С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы базасында) бағдарламалардың (музыкалық кабинетпен, компьютерлік техникамен жабдықтандырудан басқа), мазмұнын, жұмыс форматтары мен нысаналы топтарды қоса алғанда, Орталық қызметінің креативті құрамдас бөлігінің жан-жақты негіздемесін және нақты, өлшенетін нәтижелерін ұсыну (жобалар, қатысушылар, өнімдер, әсерлер).
|
|
3. «Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету туралы» (Б.Н. Әлімжанов) Қоғамдық кеңесі ұсынады : 3.1 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Б.Н. Әлімжановтың ақпараты назарға алынсын.
3.2 Жастар және отбасы істері комитетіне: Жастар ресурстық орталықтарының (ЖРО) штаттық және кадрлық қамтамасыз ету мәселесіне мониторинг жүргізу, оның ішінде келесі фактілерге ерекше назар аудару: - Жастармен жұмыс жөніндегі менеджерлер лауазымдарын өзіне тән емес мамандармен (оның ішінде теологтармен) алмастыру; - Дін мәселелері бойынша мамандандырылған орталықтар болған жағдайда штат бірліктерін мақсатсыз пайдалану. 3.3 NEET-жастар санатын есепке алу және қалыптастыру проблемасын ерекше бақылауға алу (тізімдер жылына бір рет қалыптастырылады, деректердің өзектілігі, есепке алудың бірыңғай және ашық әдістемесі).
3.4 Қазақстан Республикасының аумағында «Жасыл ел» жобасын іске асырудың бірыңғай тетігін қалыптастыру: - «Таза Қазақстан» Ұлттық жобасын ескере отырып, отрядтардың жұмыс істеуінің базалық қағидаттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар дайындау, оның ішінде: идеологиялық және имидждік толықтыру; - «Жасыл ел» бағдарламасын тек жұмысқа орналастыру құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар жастарды патриоттық және экологиялық тәрбиелеу тетігі ретінде қарастыру.
|
|
4. Отбасын қолдау орталықтарының қызметі туралы (Б.Н. Әлімжанов)
Қоғамдық кеңесі ұсынады : 4.1 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің Отбасы саясатын үйлестіру басқармасының басшысы Т. Е. Ерманованың ақпараты назарға алынсын.
4.2 Жастар және отбасы істері комитетіне: Отбасын қолдау орталықтарының мәселелеріне жетекшілік етудің және ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүйесінің проблемалары анықталды: - орталық деңгейде отбасын қолдау орталықтары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарауында; - өңірлік деңгейде бұл функциялар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомстволық бағынысты жұмыспен қамту орталықтары арқылы іске асырылады. Осыған орай жауапты мемлекеттік органдардан өкілеттіктерді институционалдық және функциональдық шектеу немесе оларды шоғырландыру бойынша келісілген ұсыныстарды әзірлеуді қарастыру. 4.3 Отбасы қолдау орталықтары функцияларының өңірлік жастар ресурстық орталықтары мен жұмыспен қамту орталықтары және өзге де құрылымдармен қайталануына функционалдық талдау жүргізілсін және әлеуметтік тапсырыс ретінде қаржыландыру мәселесі қарастырылсын.
5. Осы хаттаманың орындалуы бойынша ақпарат 2026 жылғы 20 ақпанға дейін ұсынылсын.
|
Төраға: Г. Шиповских
Хатшы: А. Копбаева
Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңесі отырысының қатысушылар тізімі
|
Ақтөбе қаласы Ақтөбе облысы әкімшілігінің мәжіліс залы |
2025 жылғы 19 желтоқсан сағат 10:00
|
Қоғамдық кеңес мүшелері
(оффлайн)
|
1. |
ШИПОВСКИХ Геннадий Геннадьевич |
|
Қоғамдық кеңестің төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі |
|
2. |
МӘЖИТ Әлишер Мәжитұлы |
|
«Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті |
|
3. |
ТАЛАЕВА Тәттігүл Жақсыбайқызы |
|
Ақтөбе облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы |
|
(онлайн) |
|||
|
4. |
ӘЛМАДИЕВ Әлібек Бекболатұлы |
|
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының эстрада бөлімінің әртісі |
|
5. |
АЙТМАҒАНБЕТОВ Жаслан Болатұлы |
|
«Еуразиялық құқық қорғау ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің, «Қазақстан тұтынушыларының Республикалық Қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы |
|
6. |
АТАХАНОВА Кайша Якубовна |
|
«АРГО» Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығының Заңды Тұлғалар бірлестігінің Өңірлік даму жөніндегі кеңесшісі |
|
7. |
ӘМИША Нұрбек Шынтемірұлы |
|
«Qyzylordа» облыстық телеарнасының директоры |
|
8. |
ӘШІЛОВА Мәдина Серікбекқызы |
|
PhD докторы, қауымдастырылған профессор, «бас продюсер, «Almaty Nomad» саяхатшылар клубы» Қоғамдық бірлестігінің мәдени жобалар мен медиа-экспедициялардың жетекшісі |
|
9. |
БАШАРОВА Малина Бакенқызы |
|
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігінің заңгері
|
|
10. |
ВОЛКОВА-МИХАЛЬСКАЯ Оксана Олеговна |
|
«Женский луч» қоғамдық ұйымының директоры, гендерлік саясат мәселелері жөніндегі сарапшы
|
|
11. |
ДАСТАН Исламбек Дастанұлы |
|
«Жамбыл облысы Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы
|
|
12. |
ЖАНСЕРІКОВА Айгүл Жексенбайқызы |
|
«Qazaq-Oner» Ұлттық Қауымдастығының президенті |
|
13. |
ОЙШЫБАЕВ Кемелбек Бақтығұлұлы |
|
«Хабар» Агенттігі» Акционерлік қоғамының төрағасы
|
|
14. |
ОМАШЕВ Мұрат Аманжолұлы |
|
«Communiti Hub» қоғамдық қорының құрылтайшысы |
|
15. |
ОРАЗБАЕВ Аманжол Зейноллаұлы |
|
«Әскери-патриоттық және іздестіру қозғалысының қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы |
|
16. |
ПУЛАТОВ Шерзод Аббозович |
|
«Өзбек этномәдени орталығы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы
|
|
17. |
ТИКЕЕВА Әсия Қабдуллақызы |
|
«Мама про» әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту қоры» Қоғамдық қорының басшысы
|
|
18. |
ТОҚШЫЛЫҚ Ерлан Бейсенұлы |
|
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің муниципалды телеарна» ЖШС дирек-торы |
|
19. |
ТЫШХАН Кеңшілік
|
|
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің дінтану кафедрасының доценті |
|
20. |
ШАРДАРБЕКОВА Света Мухамедиевна |
|
«Zolotaya seredina» қоғамдық бірлестігінің төрағасы |
|
21. |
ХАЙРУШЕВА Рада Хайрушевна |
|
«Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының басшысы, BEST өнер мектебінің директоры |
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
(оффлайн)
|
22. |
САПАРОВ Елдар Қайсарұлы |
|
Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары
|
|
(онлайн) |
|||
|
23. |
АЛИМЖАНОВ Біржан Нұржанұлы |
|
Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары |
|
24. |
ЖОНКИНА Айгерим Балтабекқызы |
|
Креативті индустриялар департаментінің директоры |
|
Ақтөбе облысының маслихаты
|
|||
|
25. |
СҮЙІНТАЕВА Гүлкасима Рамазанқызы |
|
Ақтөбе облысы маслихатының төрағасы |
|
Ақтөбе облысының әкімдігі
|
|||
|
26. |
БАЙНЕШОВ Әлібек Мұқтарұлы |
|
Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы |
|
27. |
ТУЛЕУОВ Арыстанбек Жұмабайұлы |
|
Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары |
|
28. |
МУХАМБЕТОВ Тайман Еркінұлы |
|
Ақтөбе облысының Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы |
|
29. |
ТАУАНОВ Ермек Аманжолұлы |
|
Ақтөбе облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары
|
|
30. |
ТҰРАЛИЕВ Әлімбек Жәнібекұлы |
|
Ақтөбе облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы |