2025 жылы халықпен өткізілген кездесулер туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қаңтардағы № 12 «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» қаулысына сәйкес Министрлік жыл сайын халықпен кездесулер, азаматтарды жеке қабылдау, брифингтер, сондай-ақ өзге де ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізеді.
Іс-шаралар Орталық атқарушы орган басшыларының халықпен кездесулерін өткізу тәртібіне сәйкес ұйымдастырылды.
2025 жылға бекітілген кестеге сәйкес Министрлік басшылығының халықпен кездесулері Ұлытау, Абай, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе облыстарында және Шымкент қаласында өткізілді.
2025 жылы халықпен кездесулер 9 өңірде өтті:
Аталған кездесулер аясында азаматтарды жеке қабылдау және бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифингтер өткізілді. Іс-шаралар барысында жастар және отбасы саясаты, мәдениет, азаматтық қоғамды дамыту, ақпараттық саясат, архив және кітапхана ісі, сондай-ақ Министрліктің қызметіне қатысты өзге де өзекті бағыттар бойынша азаматтардың өтініштері, сұрақтары мен ұсыныстары қаралды.