Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті (Ақпарат комитетінің мекенжайы Астана қ. Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 14 кіреберіс) 2026 жылға Қазақстан Республикасының мерзімді баспа басылымдарында Конституциялық Соттың заңнамалық актiлерін және қорытынды шешімдерін ресми жариялау құқығын алуға конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.
Конвертке салынып, мөрмен бекітілген конкурстық құжаттамалар 2025 жылғы «22» желтоқсан сағат 17.00 дейін (Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, рұқсаттама бюросындағы «МКИ» жәшігінде) қабылданады.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер 2025 жылғы «23» желтоқсан сағат 11:00-де мына мекенжай бойынша ашылады: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 14-кіреберіс, 745 кабинет.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
- конкурсқа тұрақты атауы, ағымдағы нөмері бар мерзімді басылымдар (тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде үш айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень және олардың қосымшалары) қатыса алады;
- мерзімді басылымның тиражы 30 000 кем емес;
- конкурстық өтінімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген мерзімді баспасөз басылымы конкурсты ұйымдастырушыға мөр басылған конвертте баспа басылымдарының таралымы мен шығарылу кезеңділігін растайтын баспаханадан анықтама қоса берілген өтінімді ұсынады.
Хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Өтініш нысаны мен конкурс талаптары және тағы да басқа қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитетінде Астана қ. Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 14 кіреберіс мекенжайы арқылы немесе +7 (7172) 74-05-35, 74-04-73 байланыс телефондары арқылы біле аласыз.