Қазіргі уақытта 23 мыңнан астам ҮЕҰ (оның ішінде: жұмыс істейтін (әрекет ететін) ҮЕҰ саны – 18 мыңнан астам) тіркелген.
Жұмыс істейтін (әрекет ететін) ҮЕҰ-лар қоғамдық даму мәселелерінің кең ауқымын келесі бағыттар бойынша қамтиды:
Бүгінгі таңда республика бойынша 264 қоғамдық кеңес жұмыс. Олардың құрамына Қазақстанның 4000-ға жуық азаматы кірді.
Қазіргі уақытта қалалық және аудандық деңгейдегі 217 (81%) қоғамдық кеңестің құрамы жаңартылды.
2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 32,3 млрд. теңгеге 2185 әлеуметтік жоба іске асырылуда (оның ішінде орталық мемлекеттік органдар – 9 жоба, жергілікті атқарушы органдар – 2176 жоба).
2025 жылы 1,8 млрд теңге сомасына 104 гранттық жоба іске асырылуда.
Оның ішінде:
- жергілікті атқарушы органдар бойынша (7 өңір: Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Атырау, Алматы, Жетісу облыстары, Алматы, Астана ққ.) - 68 грант.
- орталық мемлекеттік органдар бойынша (Мәдениет және ақпарат министрлігі – 1,1 млрд. теңгеге 29 грант; ҚР Сыртқы істер министрлігі 75,7 млн. теңгеге 7 грант) 36 грант.
2025 жылы стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс аясында 532,7 млн. теңгеге 5 әлеуметтік жоба іске асырылуда.