«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бойынша ақпарат

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бойынша ақпарат

 

2021 жылдан бастап Мемлекет басышысының бастамасымен шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайын жастарға 3 млн. теңге мөлшерінде «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа» және «Волонтерлік» бағыттары «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты беріледі (бұдан әрі - грант).

2021 жылдан бастап 2024 жыл аралығында 123 жас азамат республикалық деңгейде «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері атанды (2021 жылы - 30 адам, 2022 жылы - 33 адам, 2023 жылы - 30 адам, 2024 жылы – 30 адам).

 

2021 жыл

2021 жылы өтінімдерді қабылдау 20 шілдеден бастап 20 қыркүйекке дейін жүзеге асырылды.

Үміткерлерден барлығы 410 конкурстық өтінім түсті, оның ішінде: «Ғылым» - 77, «Медиа» - 60, «Мәдениет» - 47, «Бизнес» - 154, «Ақпараттық технологиялар» - 72.

Конкурстың қорытындысы бойынша 30 грант иегері анықталды, оның ішінде: «Ғылым»-6 адам, «Мәдениет»-5 адам, «Ақпараттық технологиялар»-5 адам, «Бизнес»-9 адам, «Медиа»-5 адам.

 

2022 жыл

2022 жылғы 13 маусымда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурс басталды. Конкурсқа 790 жас өтініш берді, оның ішінде «Ғылым»-61, «Мәдениет»-105, «Ақпараттық технологиялар»-75, «Бизнес»-454, «Медиа»-95 бағыттары бойынша.

Конкурстың қорытындысы бойынша 33 жас азамат грантқа ие болды, оның ішінде: «Ғылым»-6 адам, «Мәдениет»-6 адам, «Ақпараттық технологиялар»-6 адам, «Бизнес»-9 адам, «Медиа»-6 адам.

 

2023 жыл

2023 жылы өтінімдерді қабылдау 26 қыркүйектен 26 қарашаға дейін жүргізілді.

Конкурсқа өтініш берушілердің жалпы саны 1 154 адамды құрады, оның ішінде: «Ғылым» бағыты бойынша-85, «Мәдениет»-140, «Ақпараттық технологиялар»-127, «Бизнес»-462, «Медиа»-102, сондай-ақ, 238 өтінім конкурстық талаптарға сәйкес келмейді.

Конкурстың қорытындысы бойынша еліміздің 30 жас азаматы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын алды, оның ішінде: «Ғылым» бағыты бойынша-6 адам, «Мәдениет»-6 адам, «Ақпараттық технологиялар»-6 адам, «Бизнес» -6 адам, «Медиа»-6 адам.

 

2024 жыл

2024 жылы грант беру тәртібін жетілдіру мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда грант бағыттарының тізбесінде қосымша «Волонтерлік» көзделген. Осылайша, 2024 жылдан бастап грант 6 бағыт бойынша беріледі.

2024 жылы грантқа өтінімдерді қабылдау 5 тамыздан бастап
6 қазанға дейін жүзеге асырылды. Нәтижесінде 1 284 өтінім келіп түсті, Қағидалардың талаптарына сәйкес 897 өтінім қабылданды, оның ішінде: «Ғылым»-62, «Мәдениет»-107, «Ақпараттық технологиялар»-94, «Бизнес»-495, «Медиа»-66, «Волонтерлік»-73 өтінім.

Конкурс қорытындысына сәйкес 6 бағыт бойынша 30 грант иегері анықталды, оның ішінде: «Ғылым»-5 адам, «Мәдениет»-5 адам, «Ақпараттық технологиялар»-5 адам, «Бизнес»-5 адам, «Медиа»-5 адам, «Волонтерлік»-5 адам.

 

Дата публикации
25 августа 2025