Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Қоғамдық кеңес туралы ереже

Мәдениет және ақпарат

Министрлігінің Қоғамдық кеңестің

Отырысының 2023 жылғы

07 желтоқсандағы

хаттамасымен бекітілген

 

 

Мәдениет және ақпарат Министрлігінің

Қоғамдық кеңес туралы ереже

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы ереже Мәдениет және ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық Кеңес туралы (бұдан әрі – Ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және «Қоғамдық Кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 Бұйрығына сәйкес әзірленді.
  2. Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Қоғамдық кеңес (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) Қазақстан Республикасы Мәдениет жәнке ақпарат министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құратын консультативтік – кеңесші, байқаушы орган болып табылады.
  3. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

2 тарау. Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері

 

  1. Қоғамдық кеңес қызметінің мақсаты азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру болып табылады.
  2. Қоғамдық кеңестің міндеттері:

1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;

2) орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын дамыту болып табылады;

3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және орталық атқарушы органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

 

3 тарау. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру

 

  1. Қоғамдық кеңес республикалық деңгейде құрылады, автономды және дербес болып табылады.
  2. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.
  3. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынады. Оның ішінде өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынады. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар Заңның 10-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
  4. Қоғамдық кеңесті министрлік өкілдерінен және конкурстық негізде - коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрады. Азаматтық қоғам өкілдері арасынан көпшілік дауыспен сайланған жұмыс тобының мүшесі жұмыс тобының басшысы болып табылады. Жұмыс тобы осы органның мүшелері шығып қалған жағдайда қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімін айқындайды. Жұмыс тобының сандық құрамын Министр жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізілгенге дейін айқындайды.

Жұмыс тобы құрамындағы министрліктен өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бірінен аспауға тиіс. Осы өкілдіктің дербес құрамын Министр айқындайды.

  1. Министрлік жұмыс тобының сандық құрамын, құжаттарды беру мерзімдерін, сондай-ақ құжаттар жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) өзінің Интернет-ресурсында орналастырады. Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.
  2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды тапсырады:

1) 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

4) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

  1. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жұмыс тобына кандидаттардың тізімі қалыптастырылады. Кандидаттардың тізімін қалыптастыру аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіледі. Ашықтылық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушылар қатыса алады.
  2. Министрлік жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландырумен бір мезгілде құжаттарды тапсыру мерзімдерін, сондай-ақ құжаттар жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) өзінің Интернет-ресурсында байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу жүргізу туралы хабарландыру жариялайды.
  3. Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін Министрлікке өтініш береді не электрондық поштасына жібереді.
  4. Жұмыс тобының отырысын өткізу уақыты мен орны туралы жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттарды, байқаушыларды Министрлік отырыс өткізілгенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын хабар етеді. Министрлік жұмыс тобының отырысын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді.
  5. Жұмыс тобының бірінші отырысын Министр өткізеді. Жұмыс тобының келесі отырыстарын жұмыс тобының басшысы өткізеді. Жұмыс тобының бірінші отырысында азаматтық қоғам өкілдері қатарынан жұмыс тобының басшысы көпшілік дауыспен сайланады, сондай-ақ Заңның 8-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған жұмыс тобы басшысының, мемлекеттік орган өкілдерінің, коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан жұмыс тобының мүшелігіне кандидаттардың дауыс беруге қатысуға құқығы бар. Коммерциялық емес ұйымнан кандидат, азамат өз кандидатурасы үшін дауыс беруге қатыспайды. Кандидаттардың отырысқа қатысуы міндетті.
  6. Отырысқа келмеген кандидаттар бойынша дауыс беру өткізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жұмыс тобының құрамына сайланды деп есептеледі. Бірдей дауыс санын алған кандидаттарға қатысты жұмыс тобының басшысы шешуші дауыс құқығын өзіне қалдырады.
  7. Жұмыс тобының шешімі отырыс аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Министрліктің ресми Интернет-ресурсында жарияланады. Жұмыс тобының отырысында хаттама жүргізіледі, оған жұмыс тобының басшысы мен хатшы қол қояды.
  8. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) халықты Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;

2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;

3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін жүргізеді;

4) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын әзірлейді;

5) Қоғамдық кеңеске кандидаттардың резервтік тізімін қалыптастырады.

  1. Жұмыс тобының отырысы жұмыс тобының басшысын ескере отырып, жұмыс тобы мүшелерінің жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.

Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) Министрліктің интернет-ресурсында орналастырады. Хабарландыруда мыналар көрсетіледі:

1) мемлекеттік органның атауы;

2) Заңның 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес құжаттар жіберілетін пошталық және электрондық мекенжайларды, беру мерзімдерін, конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесін және кандидаттарға қойылатын талаптарды қамтиды;

3) Қоғамдық кеңестің сандық құрамы бекітілсін.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар бойынша ұсыныстарды хабарландыруда көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, қолма-қол береді немесе мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе жергілікті өкілді органның электрондық мекенжайына жібереді.

Жұмыс тобы құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін он жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардан келіп түскен құжаттарды талқылайды, әрбір кандидатпен әңгімелесу және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беру өткізеді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар қоғамдық кеңестің құрамына сайланды деп есептеледі. Бірдей дауыс санын алған кандидаттар бойынша жұмыс тобының басшысы шешуші дауыс құқығын өзіне қалдырады.

Қоғамдық кеңестің жұмыс істеп жүрген мүшелері конкурсқа қатысу үшін өз өтініштерін Заңның 10-бабында көзделген жалпы негіздерде береді.

Жұмыс тобының мүшелері ұсынылған құжаттардың негізінде жұмыс тобы белгілеген нысан бойынша кандидаттарды бағалау парағын толтырады.

Жұмыс тобының мүшелері талқылау қорытындылары бойынша кандидаттарды бағалаудың жиынтық балдарын ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастырады.

Жұмыс тобының және оның басшысының өкілеттіктері Қоғамдық кеңес туралы ережені Қоғамдық кеңес бекіткеннен кейін тоқтатылады.

Комиссиялардың саны мен құрамы орындылығы болған және қоғамдық кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылданған жағдайда қайта қаралуы мүмкін.

 

 

4 тарау. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Қоғамдық кеңестің қалыптастырылған құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) Министрліктің Интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
  2. Қоғамдық кеңес өкілеттігінің мерзімі үш жылды құрайды.
  3. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады және онда ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы мен төралқасының құрамы сайланады. Қоғамдық кеңестің төрағасы оның мүшелері - мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін белгілі қоғам қайраткерлері арасынан сайланады.
  4. Қоғамдық кеңестің мүшелері екіден көп емес комиссиялардың құрамына кіре алады. Қоғамдық кеңестің құрамында алты комиссия – Азаматтық қоғам саласындағы комиссия, Ақпарат саласындағы комиссия, Қоғамдық келісім саласындағы комиссия, Жастар және отбасы саласындағы Комиссия, Мәдениет саласындағы комиссия, Дін саласындағы комиссия құрылады. Комиссиялардың құрамы мен басшылары Қоғамдық кеңестің бірінші отырысында ашық дауыс беру арқылы сайланады.

Комиссиялардың саны мен құрамы орындылығы болған және қоғамдық кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен шешім қабылданған кезде қайта қаралуы мүмкін.

  1. Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі. Қоғамдық кеңестің отырыстарын бейнеконференцбайланыс режимінде және онлайн форматта өткізуге жол беріледі.

Қоғамдық кеңестің отырыстарына қажет болған жағдайда мүдделі мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, Кәсіподақ және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылады.

Отырыстарға шақырылғандардың мәселелерді талқылауға қатысуға, ұсыныстар, ұсынымдар мен ескертулер енгізуге құқығы бар.

  1. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады және бір жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.
  2. Жұмыс жоспары Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде қалыптастырылады және оны Қоғамдық кеңестің төрағасы бекітеді.
  3. Қоғамдық кеңестің өкілеттігі Заңның 5-бабы сәйкес жүзеге асырылады.
  4. Қоғамдық кеңестің отырысын ұйымдастыру және өткізу тәртібі:

1) Қоғамдық кеңес мүшелерін оның өткізілетін уақыты мен орны туралы, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік 10 күн бұрын күні бұрын хабар етуге міндетті;

2) отырысқа шығарылатын нормативтік құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларымен, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей күні бұрын таныстыру;

  1. Қоғамдық кеңестің отырысын өткізу барысында хаттама жүргізіледі, онда мыналар тіркеледі:

1) отырысты өткізу күні мен орны;

2) қатысушылардың саны;

3) қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

4) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны қамтылуға тиіс.

  1. Қажет болған жағдайда кезектен тыс отырыстар өткізіледі. Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысының бастамашысы Қоғамдық кеңес төрағасының қарауына талқылауға арналған қоғамдық маңызды мәселелердің тізбесін (Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретілігіне кірмейтіндерді қоса алғанда) және олар бойынша шешімдердің жобаларын енгізеді, ол оларды Қоғамдық кеңестің мүшелеріне жібереді. Кезектен тыс отырыс өткізу туралы шешім Қоғамдық кеңес мүшелерінің көпшілігімен дауыс беру арқылы қабылданады.
  2. Отырысқа жеке өзінің қатысуы мүмкін болмаған жағдайда, қоғамдық кеңестің мүшесі оған бейне-конференц байланыс немесе телекоммуникациялық байланыстардың басқа да түрлері арқылы қатыса алады.
  3. Қоғамдық кеңестің шешімдері Қоғамдық кеңес төрағасының шешуші дауысы кезінде көпшілік дауыспен қабылданады. Қоғамдық кеңестің шешімдеріне оның төрағасы қол қояды.
  4. Қоғамдық кеңес мүшелері Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау және олар бойынша шешімдер қабылдау кезінде тең құқықтарға ие болады. Қоғамдық кеңес мүшелерінің қаралатын мәселелер мен қабылданған шешімдер бойынша ерекше пікірлері жазбаша ресімделеді және қоғамдық кеңес отырысының хаттамасына енгізіледі.
  5. Қоғамдық кеңестің қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңестің төралқасы сайланады.
  6. Заңға және Үлгілік Ережеге сәйкес бекітілген Қоғамдық кеңестің төралқасы:

1) Қоғамдық кеңес комиссияларының жұмысын үйлестіреді;

2) Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;

3) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.

4) Қоғамдық кеңес ұсынымдарының орындалу мониторингін жүзеге асырады.

  1. Қоғамдық кеңестің төрағасы:

1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;

2) Қоғамдық кеңестің отырыстарында төрағалық етеді;

3) Қоғамдық кеңес атынан құжаттарға қол қояды;

4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;

5) Министрліктің отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;

6) өзі болмаған уақытта Төрағаның міндетін атқаруды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне береді.

  1. Қоғамдық кеңестің хатшысы:

1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;

2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.

Қоғамдық кеңестің хатшысы нормативтік құқықтық актінің жобасын алған кезден бастап ұсыныстар енгізу үшін бір жұмыс күні ішінде қоғамдық кеңес мүшелеріне қағаздық немесе электрондық жеткізгіште не электрондық пошта арқылы таратуды ұйымдастырады.

  1. Қоғамдық кеңестің мүшелері екі жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің жобасын қарайды және қоғамдық кеңестің хатшысына нормативтік құқықтық актінің жобасын қарау не нормативтік құқықтық актінің жобасын қараусыз қалдыру жөнінде қабылданған шешім туралы хабарлайды.
  2. Қоғамдық кеңестің хатшысы Қоғамдық кеңес мүшесі болып табылмайды.
  3. Министр Қоғамдық кеңес төрағасымен келісу бойынша Қоғамдық кеңес хатшысының міндеттерін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шарты бойынша тартылатын жұмыскерге жүктейді.
  4. Азаматтық қоғам жөніндегі Комитеті (бұдан әрі - АҚЖК) Қоғамдық кеңестің жұмысын үйлестіреді.
  5. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері өз құзыреті шегінде АҚЖК -не Қоғамдық кеңестің отырысында талқылау үшін барлық қажетті материалдарды ұсынады.
  6. Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге қатысты өзге де мәселелер оның шешімдерімен айқындалады.

 

5 тарау. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктеріне жататын мәселелерді қарау тәртібі

 

  1. Қоғамдық кеңес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты министрліктің орталық мемлекеттік органдар , жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы органдар жіберген нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын Қоғамдық кеңеске және қоғамдық кеңес мүшелерінің электрондық мекенжайларына талқылау және ұсынымдар әзірлеу үшін қарайды.
  2. Тармақшаларда көзделген өкілеттіктерді орындау қорытындылары бойынша 2), 3), 4), 4-1), 6), 7), 8), 13) Заңның 5 - бабы 2-тармағының 2-тармағы бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органға ұсынымдар енгізеді, ол бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша - он жұмысшы ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайды және (немесе) тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қоятын дәлелді жауап береді.

Заңның 5-1-бабы 1-тармағының 2), 3) және 7) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерді орындау қорытындылары бойынша Қоғамдық кеңес квазимемлекеттік сектордың тиісті субъектісіне ұсынымдар енгізеді, ол бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша-он жұмыс күні ішінде тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысы не тұлға қол қоятын дәлелді жауап береді, оны алмастырады.

  1. Ұсынымдар Қоғамдық кеңес қабылдағанға дейін оның құзыретіне жатқызылған құжатқа, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде міндетті қосымша болып табылады.
  2. Қоғамдық кеңестің ұсынымдары Қоғамдық кеңес төрағасының қолы қойылып, Министрлікке жіберіледі.
  3. Қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен келіспеген жағдайда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері 10 жұмыс күні ішінде қоғамдық кеңес төрағасының атына келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді. Осы ұсынымдар мен олардың негіздемелері Қоғамдық кеңес қабылдағанға дейін оның құзыретіне жатқызылған құжатқа міндетті қосымша болып табылады.
  4. Қажет болған жағдайда, қоғамдық кеңес төрағасының келісімі бойынша қоғамдық Кеңестің құзыретіне жатқызылған құжаттарды талқылау үшін кезектен тыс отырыс ұйымдастырылады.

 

 

6 тарау. Қоғамдық кеңестің азаматтық қоғам, ақпарат, қоғамдық келісім, жастар және отбасы, мәдениет, мұрағат, құжаттама және кітап жұмыстары саласындағы комиссиялары қызметтерінің тәртібі

 

  1. Комиссиялардың өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.
  2. 53. Комиссия жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Комиссиялардың отырысы оның мүшелерінің қарапайым көпшілігі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
  3. 54. Комиссиялардың отырыстары ашық болып табылады және Қоғамдық кеңестің бір жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.
  4. 55. Комиссия отырыстарын ұйымдастыру және өткізу тәртібі:

1) комиссия мүшелерін олардың өткізілетін уақыты мен орны туралы, бірақ олар өткізілетін күннен кемінде 3 жұмыс күнінен кешіктірмей күні бұрын құлақтандыру;

2) комиссиялардың отырыстарына шығарылатын материалдарымен алдын ала өткізілетін күннен кемінде 3 жұмыс күні бұрын танысуға құқығы бар.

  1. 56. Комиссия отырыстарын өткізу барысында хаттама жүргізіледі, онда мыналар тіркеледі:

1) комиссия отырыстарын өткізу күні мен орны;

2) қаралатын мәселелер бойынша күн тәртібі мен қабылданған шешімдер қамтылуға тиіс.

  1. 57. Қажет болған жағдайда кезектен тыс отырыстар өткізіледі. Кезектен тыс отырыстардың бастамашылары комиссия басшыларының қарауына талқылауға арналған мәселелердің тізбесін және олар бойынша шешімдердің жобаларын енгізеді.
  2. 58. Отырыстарға қатысу мүмкін болмаған жағдайда, комиссиялардың мүшелері отырыстарға бейне-конференц байланыс немесе телекоммуникациялық байланыстардың басқа да түрлері арқылы қатыса алады.
  3. 59. Комиссиялардың шешімдері комиссия басшыларының шешуші дауысы кезінде көпшілік дауыспен қабылданады. Комиссиялардың шешімдеріне олардың төрағалары қол қояды.
  4. 60. Комиссия отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау және олар бойынша шешімдер қабылдау кезінде Комиссия мүшелері тең құқықтарға ие болады.
  5. 61. Қажет болған жағдайларда комиссиялардың отырыстарына олардың шешімі бойынша Мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, Кәсіподақ және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін. Отырыстарға шақырылғандардың мәселелерді талқылауға қатысуға, ұсыныстар, ұсынымдар мен ескертулер енгізуге құқығы бар.
  6. 62. Комиссия басшылары:

1) комиссиялардың қызметін ұйымдастырады;

2) отырыстарға төрағалық етеді;

3) комиссиялардың атынан құжаттарға қол қояды;

4) комиссиялардың шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді.

  1. Министрліктің Ақпарат комитеті Ақпарат саласындағы комиссияның хатшылығы болып табылады, оның құзыретіне БАҚ, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру және ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мәселелер кіреді.

Азаматтық қоғам саласындағы комиссияның хатшылығы Министрліктің Азаматтық қоғам істері комитеті болып табылады, оның құзыретіне азаматтық қоғам саласындағы мәселелер кіреді.

Жастар және отбасы саласындағы комиссияның хатшылығы Министрліктің Жастар және отбасы істері комитеті болып табылады, оның құзыретіне жастар және отбасы саясаты саласындағы мәселелер кіреді.

Қоғамдық келісім саласындағы комиссияның хатшылығы көтерілген сұраққа байланысты Министрліктің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті, Дін істері комитеті және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаменті болып табылады, оның құзыретіне дін, этносаралық қатынастар, «Рухани жаңғыру» саласындағы мәселелер кіреді.

Мәдениет саласындағы Комиссия хатшылығы министрліктің Мәдениет комитеті болып табылады, оның құзыретіне мәдениет, тарихи-мәдени мұра және кинематография объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мәселелер кіреді.

Мұрағаттар, құжаттама және кітап дела саласындағы Комиссия Хатшылығы Министрліктің мұрағаттар, құжаттама және кітап дела комитеті болып табылады, оның құзыретіне мемлекеттік рәміздер, мұрағат жұмысы  және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық мұрағаттар, ономастика, геральдика, кітап және кітапхана жұмысы саласындағы мәселелер кіреді.

  1. Комиссия хатшылықтары:

1) комиссиялардың отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;

2) комиссияларда іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдерін бақылайды;

3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

  1. Комиссиялар өз мүшелері бастамашылық жасаған мәселелерді қарайды, талқылайды және Кеңес қызметінің қандай да бір бағыты шеңберінде, қандай да бір мәселе бойынша бірыңғай пікір мен көзқарас тұжырымдау мақсатында, Қоғамдық кеңестің қарауына шығарар алдында шешімдер (ұсынымдар, ұсыныстар, ескертулер және т.б.) шығарады.

 

7 тарау. Қоғамдық кеңес сарапшылық топтарының қызметінің тәртібі

 

  1. Қоғамдық кеңестің құзіретіне жататын тиісті саланың нақты мәселелерін зерделеу үшін, Қоғамдық кеңес шемімен уақытша жұмыс органдар – сараптама топтар құрылады.
  2. Сараптама топтарының құрамы Қоғамдық кеңес мүшелерінің, мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, ғылыми, кәсіподақ және басқа да мүдделі ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар қатарынан қалыптастрылады.
  3. Қоғамдық кеңестің сараптама топтары:

1) зерделенетін мәселелер бойынша материалдармен алдын ала танысуды және қарау қорытындылары бойынша оның бағытына сәйкес мәселелерді Қоғамдық кеңес комиссиясының отырысында қарауға дайындауды жүзеге асырады; және оның бағыттарына сәйкес оларды Қоғамдық кеңестер комиссияларына қарауға ұсынады;

2) зерделенетін мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылардың жобаларын дайындайды және оларды қоғамдық кеңестер комиссияларында қарау үшін оның бағытына сәйкес ұсынады.

  1. Нақты мәселе жөніндегі материалдарды зерделеу қорытындылары бойынша сараптама тобы қорытынды жасайды және оның бағытына сәйкес Қоғамдық кеңестің тиісті комиссиясына қарауға жібереді.

Сараптама тобының зерделенетін мәселелер бойынша қорытынды материалдарын Қоғамдық кеңес Қоғамдық кеңестің тиісті комиссиясының ұсынысы бойынша қарайды.

 

8 тарау. Өзге де ережелер

 

  1. Осы Ережеде көзделмеген өзге де мәселелер заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерімен регламенттеледі.

 

Дата публикации
31 июля 2025