2025 жылғы 1 жартыжылдықта жүргізілген тексерулер бойынша ақпарат
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2 - бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Заңның 19-1-бабының негізінде ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік бақылау қашықтан бақылау жүргізіледі, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.
Атап айтқанда, 2025 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен мәслихаттарға қашықтықтан бақылау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша келесі мемлекеттік органдар мен мәслихаттардың атына анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар жіберілді: сауда және интеграция, көлік, төтенше жағдайлар, туризм және спорт, ауыл шаруашылығы министрліктері, Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері, сондай-ақ Жамбыл, Қарағанды облыстары, Жетісу облыстары, сондай-ақ Абай, Алматы қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстары мәслихаттары.
Аталған мемлекеттік органдар мен мәслихаттар заң бұзушылықтарды жойды.
2025 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға қатысты қашықтықтан бақылау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша Білім және денсаулық сақтау министрлігінің, сондай-ақ Ұлытау және Түркістан облыстары әкімдіктерінің атына тиісті ұсынымдар жіберілді.