Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысының 2025 жылғы 28 сәуірдегі №1 хаттамасы

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

 

 Астана қ.                                              № 1                                         2025 жылғы 28 сәуір

 

 

Төрағалық еткен:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Құрманова А.А.

 

Қатысқандар: (тізім бойынша)

  1. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының мәслихаттары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері туралы

(Құрманова А.А., Рақымов Б.Р.,

Зейнұлкабден Т.К., Керімбеков А.А., Исабай С.Б.)

 

  1. 1. Астана қаласы мәслихатының төрағасы Зейнұлқабден Т.К., Алматы қаласы мәслихатының аппараты басшысының орынбасары Керімбеков А.А., Шымкент қаласы мәслихаты аппаратының басшысы Исабай С.Б.-ның мәслихаттардың ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараты назарға алынсын;
  2. Барлық деңгейдегі мәслихаттарға:

- Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заңнамасын қатаң сақтау;

-  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жүргізген мәслихат сайттарына қашықтан мониторинг жүргізу нәтижесінде анықталған ескертулерді (Астана қ. – шығыс №04-20/1557 2025 жылғы 15 сәуір; Алматы қ. – шығыс №04-20/1583 2025 жылғы 16 сәуір) 2025 жылғы 15 мамырға дейін жою бойынша ақпаратты ұсыну;

- контентті мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ҚР СТ 2191-2023 «Ақпараттық технологиялар. Мүгедектігі бар адамдарға арналған веб-контенттің қолжетімділігі» ұлттық стандартына сәйкес тұрақты түрде бейімдеу;

- ақпаратқа қол жеткізу бойынша ресми сайтты қамтамасыз ету мәселелеріне жауапты тұлға арқылы тоқсан сайын ішкі мониторинг пен бақылау жүргізу;

  • Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалар туралы мәліметтерді интернет-ресурста тұрақты түрде өзектендіру;
  1. Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының мәслихаттары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне 2025 жылғы 8 мамырға дейін мәслихаттары қызметтерінің ашықтығын қамтамасыз етудің туралы ақпаратты ұсынсын (шығыс № 04-20/1805 2025 жылғы 29 сәуір).

 

 

 

  1. 4. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне:

- Комиссияның кезекті отырысында Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының ұлттық стандартына сәйкестігін  ҚР СТ 2191-2023 «Ақпарттық технологиялар. Мүгедектігі бар адамдар үшін веп-контенттің қолжетімділігі», 2024 жылғы комиссия жұмысының қорытындылары бойынша берілген тапсырмаларды орындау, Қостанай, Павлолар, Солтүстік Қазақстан облыстары маслихаттары қызметінің ашықтығын қаматамысыз ету және басқа мәселелерді 2025 жылғы мамыр айының соңына дейін қарастыру;

- ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына енгізілген өзгерістер бойынша мәслихат өкілдерімен оқыту семинарын 2025 жылғы шілде айының соңына дейін өткізу;

- ҚР Ұлттық экономика министрлігіне мәслихаттарда ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлғаның функцияларын орындау үшін бір штаттық бірлікті бөлу жөнінде 2025 жылғы 10 мамырға дейін ұсыныс жолдау (9-баптың 2-1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес);

  1. ҚР Ұлттық экономика министрлігіне (жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласындағы салаларалық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде) мәслихаттарымен бірлесіп, 2025 жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңдарының талаптарына сәйкес мәслихаттардың жабық отырыстарын өткізу және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуы бөлігінде жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесін қарастыру және пысықтау;
  2. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне:

 - «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, МО ИРБП-да  орналастырылатын ақпараттың сапасын арттыру және мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, азаматтардың барлық санаттары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында  2025 жылдың соңына дейінгі мерзімде мемлекеттік органдар орналдастыратын құжаттардың оқылуын тексерудің автоматты құралдарын енгізу мәселелерін қарастыру; 

- Қазақстан Республикасының Еңбек, әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту министрлігімен, Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына ҚР СТ 2191-2023  «Ақпараттық технологиялар. Мүгедектігі бар адамдар үшін веб-контенттің қолжетімділігі» сәйкестігі туралы ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігіне ағымдағы жылдың 8 мамырына дейінгі мерзімде Комиссияның кезекті отырысында тыңдалым үшін ұсыну;

- Денсаулық сақтау, Ғылым және жоғары білім министрліктерімен және Ақмола облысы әкімдігімен бірлесіп, МАМ-ға 2024 жылғы Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы тапсырмалардың орындалуы туралы ақпаратты 2025 жылғы 8 мамырға дейін ұсыну (шығыс № 04-20/1805 2025 жылғы 29 сәуір).

 

 Комиссия төрағасының орынбасары,

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі

 

 

А. Құрманова

 

Комиссия хатшысы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры

 

 

 

 

 

Б. Рақымов

 

Дата публикации
10 июня 2025