Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (бюджеттік бағдарламалар паспорттарын іске асыру туралы есептерді) жария талқылау
қағидаларын бекіту туралы
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
|
К. Искаков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғарғы білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы аудиторлық палатасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 22.04.2025
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 36007 болып енгізілді
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 176-НҚ |
|
Бұйрыққа 1-қосымша
|
Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалар паспорттарын (бюджеттік бағдарламалар паспорттарын іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
2) ашық бюджеттер интернет-порталының автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторы ұсынатын, ашық бюджеттер интернет-порталында орналастырылатын баптаулар және контентті басқаруға арналған қосымша;
3) ашық бюджеттердің интернет-порталы (бұдан әрі – Портал) – бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жариялануға жататын өзге де материалдарды, ақпарат пен құжаттарды орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар мен есептерді жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы;
4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және олардың нәтижелеріне қол жеткізуге жауапты, өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген функцияларға, өкілеттіктер мен құзыреттерге сәйкес айқындалатын мемлекеттік орган;
6) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – Оператор) – өзіне бекітіп берілген «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
7) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
2-тарау. Ақпаратты ашық бюджеттердің интернет-порталында орналастыру тәртібі
Бюджеттік есептілікті жариялау және талқылау Кодекстің 40-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері порталда ақпаратты орналастыруды (ақпаратты Ақпараттық жүйелер арқылы порталға беруді) және АЖО-мен жұмысты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлерді дербес айқындайды.
3-тарау. Ашық бюджеттердің интернет-порталында бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (бюджеттік бағдарламалар паспорттарын іске асырылуы туралы есептерді) жария талқылау тәртібі
Жария талқылау үшін бюджеттік бағдарламалар паспорттарының Порталда болу мерзімі оларды Порталда орналастырған күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды.
Өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын іске асыру туралы есептерге бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру фактілерін растайтын материалдар қосымша орналастырылады.
Жария талқылау үшін өткен қаржы жылы үшін бюджеттік бағдарламалар паспорттарының іске асырылуы туралы есептердің Порталда болу мерзімі оларды Порталда орналастырған күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды.
Ақпаратты пайдаланушылардың бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына және өткен қаржы жылы үшін бюджеттік бағдарламалар паспорттарының іске асырылуы туралы есептерге ұсыныстарын жіберуі үшін электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландыру арқылы Порталда авторландыру қажет.
Бюджеттік бағдарлама паспорттарын жария талқылаудың аяқталғаны туралы есепті және өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарлама паспортын іске асыру туралы есепті жария талқылаудың аяқталғаны туралы есеп осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалар паспорттарын (бюджеттік бағдарламалар паспорттарын іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Бюджеттік бағдарлама паспортының жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп
«_______________________________________________»
(құжаттың атауы)
Бірегей нөмір:
Бюджеттік бағдарлама паспортының орналастыру күні:
Бюджеттік бағдарлама паспортының талқылауды аяқтау күні:
Есепті қалыптастыру күні:
Паспортты «жақтады» деген дауыстың барлығы:
Паспортты «қарсы» деген дауыстың барлығы:
Барлық ұсыныстар:
«Жақтады» деген дауыстың барлығы (ұсыныстар):
«Қарсы» деген дауыстың барлығы (ұсыныстар):
Бюджет түрі:
Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы:
Қамтылатын кезең:
Бюджеттік бағдарламаның басшы:
|
№ р/с |
Орналастыру күні |
Құжаттың құрылымдық бөлігі |
Порталды пайдаланушының ұсынысының мәтіні |
Мемлекеттік орган жауабы-ның мәтіні |
Ұсынысты «жақтады» деген дауыс саны |
Ұсыныс-қа «қарсы» деген дауыс саны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалар паспорттарын (бюджеттік бағдарламалар паспорттарын іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарлама паспортының іске асыру туралы есепті жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп
«_______________________________________________»
(құжаттың атауы)
Бірегей нөмір:
Бюджеттік бағдарлама паспортының іске асыру туралы есептің орналастыру күні:
Бюджеттік бағдарлама паспортының іске асыру туралы есептің талқылауды аяқтау күні:
Есепті қалыптастыру күні:
Паспортты «жақтады» деген дауыстың барлығы:
Паспортты «қарсы» деген дауыстың барлығы:
Барлық ұсыныстар:
«Жақтады» деген дауыстың барлығы (ұсыныстар):
«Қарсы» деген дауыстың барлығы (ұсыныстар):
Бюджет түрі:
Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы:
Қамтылатын кезең:
Бюджеттік бағдарламаның басшы:
|
№ р/с |
Орналастыру күні |
Құжаттың құрылымдық бөлігі |
Порталды пайдаланушының ұсынысының мәтіні |
Мемлекеттік орган жауабының мәтіні |
Ұсынысты «жақтады» деген дауыс саны |
Ұсынысқа «қарсы» деген дауыс саны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 176-НҚ |
|
Бұйрыққа 2-қосымша
|
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі