«Ақпарат иеленушілердің отырыстарына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 605-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 11 наурыздағы №89-НҚ бұйрық

 

«Ақпарат иеленушілердің отырыстарына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 605-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Ақпарат иеленушілердің отырыстарына қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 605-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33861 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпарат иеленушілердің отырыстарына қол жеткізу қағидаларында:

2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ «таратылуы шектелген» қызметтік ақпарат;».

  1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2025 жылғы 17 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

 

А. Балаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 12.03.2025

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 35810 болып енгізілді

Дата публикации
07 апреля 2025