Ашық үкімет порталдары бойынша Статистика (2025 жылғы 4 сәуір)

Ашық үкімет порталдары бойынша Статистика

(2025 жылғы 4 сәуір)

 

 

Бүгінгі танда «Ашық деректер» порталында орналастырылған деректер жиынтығының саны 3 821-ды құрайды. Сондай-ақ портал деректері негізінде 37 қосымша әзірленді. «Ашық деректер» порталы Мекенжай тіркелімі және бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат сияқты жүйелермен интеграцияланған. Мемлекеттік органдардың ашық деректерін өзектендірудің орташа деңгейі 17 наурызына 79% құрады.

«Ашық НҚА» порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын қоса алғанда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау жүргізіледі. Портал жұмыс істеген барлық уақыт ішінде 146 636 НҚА жобасы жарияланды (оның ішінде, 312 227 түсініктемелер).

«Ашық бюджеттер» порталында бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы жобалар мен есептерді орналастыру және жария талқылау жүргізіледі. Бүгінгі күні порталда бюджеттік бағдарламалардың 193 640 жобасы жарияланды, 82 712 жоба қоғамдық кеңеске берілді. Сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуы туралы есептер жарияланды.

Бұдан басқа, «Ашық диалог» порталында мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен интернет-конференциялар өткізіледі. Осындай конференциялар кезінде азаматтар өз сұрақтарына интерактивті режимде жауап алады. 2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін өткізілген интернет-конференциялар саны 4 613 және 2 654 сауалнаманы құрады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдары мен Үкіметі бірінші басшыларының блог-платформасының көмегімен әрбір тілек білдіруші түсініктемелер қалдыра және қызықтырған сұрақтар қоя алады. 2023 жылдың бірінші тоқсаннан бастап барлық өтініштер Бірыңғай e-otinish жүйесіне келіп түседі.

Дата публикации
04 апреля 2025