«Цифрлық эфирлік телерадио
хабарларын таратуға көшу мерзімдерін
белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы
№ 262 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшудің мынадай мерзімдері айқындалсын:
1) бірінші кезең, 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін: Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы;
2) екінші кезең, 2019 жылғы 1 шілдеге дейін: Алматы, Павлодар және Қостанай облыстары;
3) үшінші кезең, 2021 жылғы 1 ақпанға дейін: Солтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласы;
4) төртінші кезең, 2021 жылғы 1 желтоқсанға дейін: Қарағанды облысы және Нұр-Сұлтан қаласы;
5) бесінші кезең, 2022 жылғы 1 шілдеге дейін: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |