"Кейбір бұйрықтардың күшін жою туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 13 ақпандағы № 64-НҚ бұйрығы

№ 64-НҚ от 13.02.2025

 

 

 

Кейбір бұйрықтардың күшін жою туралы

 

 

Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының                               65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрық бекітілгеннен кейін оны Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
  4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                                                   А. Балаева

 

 

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және ақпарат министрінің

2025 жылғы «__» _______

№ ___ бұйрығына қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің күші жойылуға жататын бұйрықтарының тізбесі

 

1) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 565 бұйрығы;

2) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы  29 желтоқсандағы № 565 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 442-НҚ бұйрығы;

3) «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 565 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 19-НҚ бұйрығы.

Дата публикации
17 февраля 2025