"Ашық деректер интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрық жобасы

 

 

Ашық деректер интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы

 

 

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңның                  6-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 44) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары бекітілсін;
  2. Келесі бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 144 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22651 болып тіркелген);

2) «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 33 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31773 болып тіркелген).

  1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық 2025 жылдың 17 наурыздан қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Әділет министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Бәсекелестікті қорғау және

дамыту агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ғылым және жоғары білім министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Көлік министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу және

дамыту агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржылық мониторинг агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Оқу-ағарту министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Су ресурстары және ирригация министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы қызмет)

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Туризм және спорт министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Экология және табиғи ресурстар

министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Жоғыры аудиторлық палатасы

 

 

 

бұйрығына қосымша

 

 

 

Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 44) тармақшасына сәйкес әзірленді және ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – мемлекеттік органның ашық деректерін орналастыру үшін интернет-порталдағы жұмыс орны;

2) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

3) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпаратқа қол жеткізу саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

4) ақпаратты проактивті тарату – қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, ақпарат пайдаланушының сұрау салуынсыз және ақпарат иеленушінің бастамасы бойынша өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және (немесе) адамдардың шектеусіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын актілер мен шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуы мүддесінде ақпаратты тарату;

5) ашық деректер – машинада оқылатын түрде ұсынылған және одан әрі пайдалануға, өзгертілмеген түрде қайта жариялауға арналған деректер;

6) ашық деректердің интернет-порталы (бұдан әрі – Портал) – ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылған сақталуын қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;

7) әкімші – мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелерінің (бұдан әрі – мемлекеттік орган), мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушыларының жұмысын ұйымдастыратын мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушының ашық деректердің интернет-порталындағы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар  өкілі;

8) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар (бұдан әрі – функцияларды орындаушылар) – «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген тәртіппен орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар;

9) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы                             (бұдан әрі – сервистік интегратор) – «лектрондық үкіметтің» архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.

 

 

2-тарау. Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және өзектендіру тәртібі

 

  1. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларын орындаушылар ақпаратты Порталда орналастыру тәртібі ашық деректерді орналастыруды және өзекті етуді қамтиды.
  2. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларын орындаушылар қазақ және орыс тілдеріндегі ашық деректерді Порталда орналастырады және өзектендіреді.

Мемлекеттік органдармен, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелермен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, функцияларды орындаушылармен Порталында ашық деректерді орналастырады және уақтылы жаңартып отырады.

Мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, функцияларды орындаушылар ақпаратты проактивті тарату мақсатында ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыруға да құқылы.

  1. Порталда мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылардың ашық деректердің орналастыруы Excel шаблонына сәйкес жүзеге асырылады және түрлендіргіш деректерді JSON (Java Script Object Notation) немесе XML (Java Script Object Notation) форматтарында аударады.

Орналастыру алдында мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушының қызметкері ашық деректердің атрибуттарын айқындайды немесе ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесінде көзделген атрибуттарды басшылыққа алады.

Порталдың АЖО-да ашық деректердің үлгісін жасау кезінде бағанда бағанның атауын латын әріптерімен көрсету қажет. «р/с№» бағаны болған жағдайда «Жолдың идентификаторы» бағанында «id» сөзі көрсетіледі.

Порталда мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, ашық деректер функцияларын орындаушылардың орналастыруы осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес JSON немесе XML форматтарында жүзеге асырылады.

Ашық деректерді өзектендіру порталда сақталған Excel шаблонының деректерін жаңарту арқылы жүзеге асырылады.

Ашық деректерді JSON немесе XM форматына аудару ашық деректер жиынтығының барлық атрибуттарын АЖО арқылы толтырғаннан кейін автоматты түрде жүзеге асырылады.

Құралды пайдалану үшін мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың  функцияларын орындаушылар осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген ашық деректерін JSON немесе XML форматына аудару жөніндегі құралды пайдалануға арналған сипаттамаға сәйкес ашық деректерін қалыптастырады.

  1. Порталда орналастырылатын ашық деректер ашық деректердің сипаттамасын, ашық деректер өрістерінің сипаттамасын және машинада оқылатын түрдегі ашық деректерін қамтиды.

Мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларын орындаушының АРІ (Application Programming Interface) қолдана отырып, ашық деректерді ұсынуы берілетін ақпарат мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларын орындаушының ақпараттық жүйесінде қамтылған жағдайда жүргізіледі.

  1. Ашық деректерді алу қажет болған жағдайда, ақпарат пайдаланушы еркін нысанда ашық деректерді орналастыруға өтінімді Портал арқылы тиісті мемлекеттік органға, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемеге, квазимемлекеттік сектор субъектісіне, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларын орындаушыға жібереді.
  2. Сервистік интегратор ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, ақпарат пайдаланушылардан келіп түскен өтінімдерді өңдеуді жүргізеді. Өңдеуден өткен өтінімдерді сервистік интегратор АЖО арқылы әкімшіге жібереді.
  3. Егер ақпарат пайдаланушы сұратқан ашық деректер Заңның 11-бабының 16-тармағына қайшы келмесе, мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушы өтінімді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде АЖО арқылы Порталда ашық деректерді орналастырады.

Кері жағдайда мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың  функцияларын орындаушы өтінім алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде себептерін көрсете отырып АЖО арқылы ашық деректерді орналастырудан бас тартады.

  1. Ақпарат пайдаланушыға мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушысы тиісті шешім қабылдаған кезден бастап өтінімді қарау мәртебесі туралы хабарлама автоматты түрде жіберіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық деректердің
интернет-порталында ақпаратты
орналастыру қағидаларына
1-қосымша

 

 

Ашық деректерін ұсыну форматы

 

  1. Ашық деректерді жариялау форматы

«meta»: {

«apiUri»: «»,

«nameKk»: «»,

«nameRu»: «»,

«nameEn»: «»,

«descriptionKk»: «»,

«descriptionRu»: «»,

«descriptionEn»: «»,

«keywords»: [],

«responsible»: {

«fullnameKk»: «»,

«fullnameEn»: «»,

«fullnameRu»: «»,

«phone»: «»,

«email»: «»,

«owner»: {

«fullnameKk»: «»,

«fullnameEn»: «»,

«fullnameRu»: «»,

«phone»: «»,

«email»: «»

«fields»: {

«<fieldName>»: { «type»: «Int | String | Double | Boolean

|Date | Geoposition», «labelKk»: «», «labelRu»: «», «labelEn»: «»,

«datapath»: «<apiUri>.<id>», «pkey»: true},

«<fieldName>»: { «type»: «Object», «labelKk»: «»,

«labelRu»: «», «labelEn»: «»,

«fields»: {}

«<fieldName>»: { «type»: «List», «labelKk»: «»,

«labelRu»: «», «labelEn»: «», «elementType»: «Int | String | Double

|Boolean | Date | Geoposition | Object | List»

«fields»: {}

«data»: [{}..{}]

  1. Формат бойынша ашық деректер туралы жолдардың сипаттамасы

р/с №

Жолдың атауы

Қазақ/орыс тіліндегі жолдың типі

Жолдың типі

Атрибуттар мәніне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар

1.

apiUri

Ашық деректердің сәйкестендіргіші

Жол (100)

Ашық деректердің бірегей сәйкестендіргіші

2.

NameKk/NameRu

Ашық деректердің атауы

Жол (255)

Ашық деректердің толық атауы

3.

DescriptionKk/descriptionRu

Ашық деректердің сипаттамасы

Мәтін

Ашық деректердің толық сипаттамасы

4.

Keywords

Ашық деректердің түйінді сөздері

Массив/
Тізім

Түйінді сөздер

5.

Responsible.fullnameKk/ Responsible.fullnameRu

Ашық деректерге жауапты адам

Жол (100)

Ашық деректерге жауапты тұлғаның ТАӘ

6.

Responsible.phone

Телефон нөмірі

Жол (50)

жауапты тұлғаның телефон нөмірі

7.

Responsible.email

Электрондық поштаның мекенжайы

Жол (50)

Жауапты тұлғаның электрондық поштасының мекенжайы

 

  1. Ашық деректер жолдарының сипаттамасы

р/с №

Жолдың атауы

Қазақ/орыс тіліндегі жолдың типі

Жолдың типі

Атрибуттар мәніне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар

Ашық деректері мысал

1.

Жолдардың атауы

Бүтін сандар

Int

Атрибут сандық мәнді қамтиды

id: { type: «Int», labelKk: «ИД», labelRu: «ИД», labelEn: «ID», pkey: true},

2.

Бүтін емес сандар

Double

Атрибут содержит нечисловые значения

 

3.

Жол

String

Значение атрибута содержит только следующие символы:
Заглавные (прописные) и строчные буквы русского и казахского языка алфавита – (A, Я) и (а, я).

Знак «номер» Знак «дефис» «Круглые» скобки Словоразде-литель – одиночный символ «пробел»

Знак «запятая» Знак «точка»

title: { type: «String», labelKk: «Название», labelRu: «Название», labelEn: «Title»}

4.

Логикалық мәні

Boolean

true/false

published: {type: «Boolean», labelKk: «Опубликован», labelRu: «Опубликован», labelEn: «Published»},

5.

Күні

Date

Атрибут күнін қамтиды. Мәні мынадай түрде: КК-АА-ЖЖЖЖ сс:мм

date: {type: «Date», labelKk: «Дата», labelRu: «Дата», labelEn: «Date»},

6.

Геопозиция

Geoposition

Атрибут жер бетіндегі нүктенің орналасуы туралы ақпаратты қамтиды–
Х координатары: У координаттары

 

7.

Парақ

List

List атрибуты деректердің кеңейтілетін массивін қамтиды

 

8.

Объект

Object

Атрибут басқа немесе салынған объектілердің сипаттамасы үшін пайдаланылады

 

 

  1. Ашық деректер жолдары атрибуттарының сипаттамасы

р/с №

Атрибуттың атауы

Атрибуттың сипаттамасы

Болжамды мәні

1.

type

Атрибут жол типін көрсетеді

Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List

2.

labelKk

Қазақ тілдегі атрибуттың атауы

 

3.

labelRu

Орыс тіліндегі атрибуттың атауы

 

4.

elementType

Атрибут массив ішіндегі объектінің типін көрсетеді

Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List

5.

pkey

Атрибут жол бірегей сәйкестендіргіш болып табылатын белгіні көрсетеді

true, false

6.

fields

Атрибут объектінің ішкі жолын сипаттайды

 

7.

datapath

Атрибут бірегей сәйкестендіргіші бар деректердің басқа да ашық деректерінің сілтемесіне арналған

«<ашық дерек сәйкестендіргіші>.< объект сәйкестендіргіші>»

 

 

 

Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларына

2-қосымша

 

 

Ашық деректерін JSON, ХМL форматына көшіру

құралын пайдалану сипаттамасы

 

Жолдың атауы

Мәні

Мысалы

Ашық деректердің сәйкестендіргіші

 

р/с №

Қазақ тілдегі ашық деректердің атауы*

 

Астана қаласының дәріханалары

Орыс тіліндегі ашық деректердің атауы*

 

Аптеки города Астана

Қазақ тілдегі ашық деректердің сипаттамасы*

 

Көрсетілген ашық деректер Астана қаласының дәріханалар ақпаратын қамтиды

Орыс тіліндегі ашық деректердің сипаттамасы*

 

Указанные открытые данные содержат информацию об аптеках города Астана

Қазақ және орыс тілдеріндегі түйінді сөздер*

 

Дәріхана, аптека

Жауапты адамның қазақ тілдегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)*

 

Ақышев Жеңіс Бекенұлы

Жауапты адамның орыс тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)*

 

Акишев Женис Бекенович

Жауапты адамның телефон нөмірі*

 

+7(7172)740479

Жауапты адамның электрондық поштасы*

 

zh.akishev@mki.gov.kz

Ескертпе: * міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар

 

  1. Ашық деректер жолдарының сипаттамасы

Жол

Қазақ тілдегі жолдың атауы*

Орыс тіліндегі жолдың атауы*

Жолдың типі*

Күнінің форматы (жолдың типі күні болса)*

Ашық деректердің ішіндегі нақты объектіге сілтеме

Жол бірегей сәйкестендіргіш болып табылатын белгіні көрсету

Массив ішіндегі объектінің типін көрсету

Үлгі

id

р/с №

№ п/п

string

 

 

true

 

name

Атауы

Название

string

 

 

false

 

region

Өңір

Регион

string

 

 

false

 

geoposition

Геонүкте

Геопозиция

geoposi-tion

 

 

false

 

address

Мекенжайы

Адрес

address

 

 

false

 

schedule

Жұмыс істеу кестесі

График работы

text

 

 

false

 

expireDate

Лицензияның аяқталу мерзімі

Срок истечения лицензии

date

 

 

false

 

Ескертпе: 1. * Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар; 2. Ашық деректер жолының сипаттамасы, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген.

 

  1. Ашық деректерін қалыптастыру шаблоны

id

name

region

geoposition

address

1.

Гиппократ

Астана

51.117469,71.428171

Астана қаласы, «Ильинка» Т.А. Есет батыр көшесі 18-үй

2.

Зеленая аптека

Астана

51.121077,71.419938

Астана қаласы, Достык шағын ауданы, Сауран көшесі 5-үй

 

 

Дата публикации
04 февраля 2025