2020 жығы 21 қазандағы №349
«Ақпаратқа қол жеткізу
мәселелері жөніндегі комиссияның
құрамы туралы» Қазақстан
Республикасы Ақпарат және
қоғамдық даму министрінің
2019 жылғы 30 мамырдағы
№ 148 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
|
«Нұрғазиева Бану Ғаниқызы |
– «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісу бойынша); |
|
Матишев Әлиақпар Болатұлы |
– «САПА» тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұлттық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша);»; |
|
«Кужукеева Гүлмира Мұратқызы |
– Халықаралық коммерциялық емес құқық орталығы (ICNL) Орталық Азияда құқықтық ортаны жетілдіру жөніндегі бағдарламаның басшысы (келісу бойынша);» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
|
«Кужукеева Гүлмира Мұратқызы |
– коммерциялық емес құқық бойынша тәуелсіз сарапшы (келісім бойынша);»; |
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия құрамынан Бағлан Әбдәшымұлы Бекбауов шығарылсын.
Министр А. Балаева