«Петицияға қосылу қағидаларын және петицияға қосылу туралы жазбаша арыз нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 489-НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасы

 

«Петицияға қосылу қағидаларын және петицияға қосылу туралы жазбаша арыз нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің  2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 489-НҚ бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Петицияға қосылу қағидаларын және петицияға қосылу туралы жазбаша арыз нысанын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33733 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 489-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің          90-3-бабы бірінші және үшінші бөліктеріне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 496-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Петицияға қосылу қағидаларында:

2-тарау. Петицияға электрондық нысанда қосылу тәртібі мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:

 «7-1. Петиция бойынша комментарийге немесе оның бөлігіне шағым түскен кезде уәкiлеттi орган комментарийлердің Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларын бұзуы тұрғысынан тексереді.

Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының бұзылуы анықталған кезде уәкiлеттi орган шағымды алған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде «Электрондық Үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысымен айқындалған «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына (бұдан әрі – Оператор) хабарлайды.

7-2. Оператор комментарийлерді немесе оның бір бөлігін уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу туралы хабарламасын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жояды (жасырады).».

  1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының                                                 

Мәдениет және ақпарат

министрі                                                                                               А.Балаева          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Келісілді

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Дата публикации
17 октября 2024