«Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру
енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Порталда қол жеткізу шектелген ақпаратты қамтымайтын бюджеттік есептілік, шоғырландырылған қаржылық есептілік, қаржылық есептілік, азаматтық бюджет, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері орналастырылады.
Ақпаратты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі порталға қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жылдық есебін бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орналастырады.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
|
К. Искаков |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 19.09.2024
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 35087 болып енгізілді