«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
|
«Құрманова Айзада Амангелдіқызы |
– |
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары; |
|
Коняшкин Ростислав Анатольевич |
– |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі; |
|
Сайтбеков Айдар Мұтәлікұлы |
– |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары;»; |
2) аталған комиссияның құрамынан Д.Р. Қадыров, Ә.Н. Тұрысов, С.С. Сәрсенов шығарылсын;
3) мына:
|
«Әбдіқайымов Зият Нұрланұлы |
– |
Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқық қорғаушылары коалициясының мүшесі, Nazarbayev University Information Services ассистивті технологиялар және ақпараттың қолжетімділігі жөніндегі сарапшы-менеджер, К. Иманалиев атындағы Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссияның консультанты;» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
|
«Әбдіқайымов Зият Нұрланұлы |
– |
Nazarbayev University ассистивті технологиялар және ақпараттың қолжетімділігі жөніндегі сарапшысы;». |
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаева