2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бойынша қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурс өткізу туралы
хабарландыру
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» ММ (бұдан әрі – Министрлік) 2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бойынша қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурс жариялайды.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының конкурстық өтінімдерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалардағы (бұдан әрі – Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде 2024 жылдың 5-12 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау қызметтерін көрсететін әлеуетті өнім берушілердің тізбелерін қалыптастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары Министрлікке электрондық форматта мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінімді ұсынады:
1) конкурстық өтінімді;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының сауалнамасын;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ақпараттық картасын;
4) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсынысты.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттарға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының бірінші басшысының қолы қойылады, олар мөрмен расталады және электрондық форматта k.kense@mki.gov.kz электрондық мекенжайға немесе Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, № 14 кіреберіс мекенжайы бойынша ұсынылады.
Конкурстық өтінім Министрлікке электрондық форматта 2024 жылы 12 шілде сағат 18.30 кешіктірілмей жіберіледі. Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен конкурстық өтінім кешігу себептеріне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтінімдерге оларды беру мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.