КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА «Театр өнері бағытындағы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру (ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істейтін мәдениет және өнер саласындағы ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар шығармашылық адамдар мен қызметкерлер арасында «Ónerpaz bolsań…» фестивалі» )» бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бағыты бойынша

«Театр өнері бағытындағы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру (ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істейтін мәдениет және өнер саласындағы ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар шығармашылық адамдар мен қызметкерлер арасында  «Ónerpaz bolsań…» фестивалі» )» бойынша стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бағыты бойынша

Осы конкурстық құжаттама (бұдан әрі – КҚ) келесіні қамтиды: 1) конкурс жариялаған мемлекеттік органның атауы және орналасқан жері: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй. 2) жобаның тұжырымдамасы, осы КҚ-ңың 1-қосымшасына сәйкес; 3) іске асыру мерзімдері: 2024-2026 жж. 4) осы КҚ-ның 2-қосымшасына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты орындауға арналған шарт жобасы; 5) конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру тәртібі, тәсілі және түпкілікті мерзімі және конкурсқа қатысуға өтінімдердің талап етілетін қолданылу мерзімі: Конкурстық іріктеуге қатысу үшін осы КҚ-да көрсетілген талаптарға сәйкес келетін әлеуетті стратегиялық әріптестер өздерінің өтінімдерін Стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 248-НҚ бұйрығымен бекітілген қағидаларының 10-тармағына сәйкес құжаттарды (PDF форматында) хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде тиісті мемлекеттік органның электрондық мекенжайға мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде жолдайды. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі-конкурс жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдер ашылған күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнді құрайды. 6) осы КҚ-ның 3-қосымшасына сәйкес арыз нысаны; 7) осы КҚ-ның 4-қосымшасына сәйкес сауалнама нысаны; 8) осы КҚ-ның 5-қосымшасына сәйкес жоба нысаны; 9) жобаны іске асыру үшін бөлінген сомалар туралы мәліметтер: 2024 жылға – 26 900 000 теңге (ҚҚС қоса алғанда); 2025 жылға – 26 900 000 теңге (ҚҚС қоса алғанда); 2026 жылға – 26 900 000 теңге (ҚҚС қоса алғанда). 10) конкурстық құжаттаманы түсіндіруді және конкурстық өтінімді дайындау мәселелері бойынша консультацияны жүзеге асыратын мемлекеттік орган өкілінің байланыс деректері Нурбекова Алтынгуль Жаксылыковна 74-04-75
Дата публикации
14 марта 2024