Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Министр А. Балаева
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің
2024 жылғы « » қаңтардағы
№_____ бұйрығына
қосымша
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның
2024 жылға арналған
жұмыс жоспары
|
Р/с № |
Мәселенің атауы |
Аяқталу нысаны |
Күтілетін әсер |
|
I тоқсан |
|||
|
1. |
Мемлекеттік органдардың ашықтық дәрежесін бағалау (скоринг) нәтижелерін қоса алғанда, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жыл сайынғы есептің жобасы туралы
Баяндамашы: МАМ |
Комиссияның жылдық есептің жобасына ұсыныстары
|
Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласында іске асырылып жатқан саясат және қабылданып жатқан шаралар туралы қоғамды хабардар ету |
|
2. |
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың ашық отырыстарында жергілікті өкілді органдардың журналистердің және жұртшылықтың басқа да өкілдерінің ақпаратқа қол жеткізу жағдайы туралы есептерін тыңдау
Баяндамашылар: мәслихаттардың өкілдері |
Комиссияның барлық деңгейдегі мәслихаттарға ұсынымдары |
Мәслихаттар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету |
|
3. |
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 60-тармағын («2024-2029 жылдары мемлекеттік тілде инновациялық IT-жобаларды және тілді ақпараттық насихаттау жобаларын, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін әзірлеу және шығару») іске асыру барысы туралы
Баяндамашылар: ҒЖБМ, ЦДИАӨМ |
Комиссияның Тұжырымдаманың 60-тармағын іске асыру жөніндегі ұсыныстары |
Мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету |
|
II тоқсан |
|||
|
4. |
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасын және «Ашық үкімет» интернет-порталдарын дамыту және толықтыру туралы
Баяндамашылар: ЦДИАӨМ, «ҰАТ» АҚ (келісім бойынша) |
Комиссияның МО ИРБП-ның және «Ашық үкімет» порталдарының одан әрі жұмысы жөніндегі ұсынымдары |
Азаматтық қоғамның қажеттіліктеріне бағдарлана отырып, МО ИРБП-ның және «Ашық үкімет» порталдарының функционалын жақсарту. МО ИРБП-дағы мемлекеттік органдар парақшаларының ақпараттылығын арттыру. |
|
5. |
Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау саласындағы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы есебін тыңдау
Баяндамашылар: ДСМ, Комиссия мүшесі Б. Уақпаев |
Комиссияның Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынымдары |
Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттың түсінікті болуын және қолжетімділігін арттыру |
|
6. |
Журналисттер арасында ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша жүргізілген сауалнама қорытындыларын таныстыру
Баяндамашылар: Комиссия мүшелері Г. Біржанова, О. Диденко |
Комиссияның жағдайды жақсарту жөніндегі ұсыныстары |
БАҚ пен журналистердің ақпаратқа қолжетімділігін арттыру |
|
III тоқсан |
|||
|
7. |
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның талаптарын орындау мониторингісінің нәтижелері туралы
Баяндамашылар: МАМ, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері (келісім бойынша) |
Комиссияның жағдайды жақсарту жөніндегі ұсынымдары
|
Квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету |
|
8. |
Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі позициялары туралы (Дүниежүзілік Банктің халық пікірін есепке алу индексі және есептілігі, еркіндік/ақпаратқа қол жеткізу туралы ұлттық заңдардың жаһандық рейтингі (Global RTI), ЮНЕСКО-ның 16-шы ТДМ шеңберіндегі сауалнамалары)
Баяндамашылар: МАМ, ЮНЕСКО өкілі, Комиссия мүшелері О. Диденко, Т. Зинович |
Комиссияның Қазақстанның позицияларын жақсарту, халықаралық стандарттар мен практикаларды енгізу жөніндегі ұсыныстары |
Қазақстанның халықаралық рейтингтердегі позицияларын жақсарту |
|
IV тоқсан |
|||
|
9. |
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті адамдардың жұмысы мен мәртебесі туралы
Баяндамашылар: МАМ, МҚІА (келісім бойынша) |
Комиссияның уәкілеттілердің жұмысын жақсарту жөніндегі ұсынымдары |
Ведомстволық ақпараттың қолжетімділік деңгейін, толықтығы мен өзектілігін және БАҚ-пен, азаматтармен, бизнеспен коммуникациялар сапасын арттыру
|
|
10. |
Мемлекеттік органдардың өз қызметінде ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарттарын сақтауы туралы
Баяндамашылар: МАМ |
Комиссияның бекітілген стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдары
|
Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету
|
|
11. |
Комиссияның 2024 жылғы жұмысының қорытындысы және Комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспары туралы
Баяндамашы: МАМ |
2025 жылға арналған жұмыс жоспары |
Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделерді ескеру |