Ақпарат иеленушілердің отырыстарына қол жеткізу
қағидаларын бекіту туралы
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
|
К. Искаков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 29.12.2023
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 33861 болып енгізілді
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 605-НҚ |
|
бұйрығымен бекітілген |
Ақпарат иеленушілердің ашық
отырыстарына қол жеткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) ақпарат иеленушілер – орталық атқарушы органдар және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары;
2) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
3) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпарат;
4) онлайн режим – бейне байланыс арқылы қашықтан режимінде жүзеге асырылатын қызмет;
5) оффлайн режим – жергілікті жерде тікелей қатысу нәтижесінде жүзеге асырылатын қызмет.
2-тарау. Ақпарат пайдаланушылардың орталық атқарушы органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары алқалы органдарының отырыстарына қол жеткізу тәртібі
Анонс отырысты өткізу орны, күні, уақыты, форматы (онлайн, оффлайн), қарау жоспарланған мәселелерді және байланыс деректерін (жұмыс телефонының нөмірі және электрондық пошта мекенжайы) көрсете отырып, дайындауға жауапты адам туралы ақпаратты қамтиды.
Өтінімде отырысқа қатысқысы келетін адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, сондай-ақ кері байланыс үшін байланыс деректері көрсетіледі.