Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі Комиссия отырысының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы хаттамасы

 

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі Комиссия отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

 

 

Астана қ.                                     № 4                                 2023 жылғы 22 желтоқсан

 

 

 

Төрағалық етті:

Қазақстан Республикасының

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Д.Р. Қадыров

 

Қатысқандар: (тізім бойынша)

 

 

  1. Мемлекеттік органдардағы ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлғалардың жұмыстары туралы: проблемалар мен кемшіліктер

 (Қадыров, Рақымов)

 

  1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті директоры – Комиссия хатшысы Б.Р. Рақымовтың мемлекеттік органдардағы ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлғалардың жұмыстары: проблемалар мен кемшіліктер туралы ақпараты назарға алынсын.
  2. Алматы қ. және Маңғыстау облысы әкімдіктері 2024 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде:

- ведомстволық ашықтық жоспарларын әзірлеу және бекітуді;

- қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарына «Ашық үкімет» порталдарымен жұмыс істеу жөніндегі функцияларды (ашық деректердің орналастырылуыа мониторинг жүргізу, ресми сайттарда ақпараттың дұрыстығы мен өзектілігін қамтамасыз ету, «Ашық үкімет» порталдарында НҚА жобаларына және бюджеттік бағдарламаларға түсініктемелер беру және т.б.) енгізуді;

- қызметкерлердің жеке жұмыс жоспарларында (ЖЖЖ) ведомстволық ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған нақты KPI бекітуді қамтамасыз етсін.

  1. Облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктері 2024 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі уәкілетті тұлғалар ретінде айқындалған қызметкерлерді «А» функционалдық блогына жатқызу мәселесін пысықтасын және Мәдениет және ақпарат министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) нақты ұсыныстарды енгізсін.
  2. 2023 жылғы Комиссия жұмысының қорытындысы және 2024 жылға арналған Комиссия жұмысының жоспары туралы

 (Қадыров)

 

  1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице министрі – Комиссия төрағасының орынбасары Д.Р. Қадыровтың 2023 жылғы Комиссия жұмысының қорытындысы және 2024 жылға арналған Комиссия жұмысының жоспары туралы ақпараты назарға алынсын.
  2. 2024 жылға арналған Комиссия жұмысының жоспары (бұдан әрі – Жоспар) мақұлдансын.
  3. МАМ 2024 жылғы 19 қаңтарға дейінгі мерзімде Комиссия мүшелерінің Жоспар жобасына берген ұсыныстарын есепке алуды және оны бекітуді қамтамасыз етсін.

 

 

     Комиссия Төрағасының

               орынбасары,

     Қазақстан Республикасы

       Мәдениет және ақпарат

               вице-министрі                                                                           Д. Қадыров

 

 

        Комиссия хатшысы,

   Қазақстан Республикасы

     Мәдениет және ақпарат

            министрлігінің

       Мемлекет пен қоғам

      коммуникацияларын

   дамыту департаментінің

               директоры                                                                               Б. Рақымов

Дата публикации
09 января 2024