Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі Комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ
Астана қ. № 3 2023 жылғы 15 желтоқсан
Төрағалық етті:
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Д.Р. Қадыров
Қатысқандар: (тізім бойынша)
- Ұлытау, Жетісу, Абай және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің қызметтің ашықтық дәрежесін арттыру бойынша
қабылдаған шаралары туралы
(Қадыров, Рақымов, Халмұрадов, Сәрсебаев, Жайлыбаев, Егінбаев)
- Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры – Комиссия хатшысы Б.Р. Рақымовтың, Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы А.А. Жайлыбаевтың, Жетісу облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Ж. Егінбаевтың, Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Ж.Б. Сәрсебаевтың және Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы А.Х. Халмұрадовтың әкімдіктер қызметтерінің ашықтық дәрежесін арттыру бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпараты назарға алынсын.
- Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент ққ. әкімдіктері 2024 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде:
- жергілікті атқарушы органдардың ашықтық дәрежесінің жоғары көрсеткішін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруді;
- мемлекеттік органдардың ашықтық дәрежесін бағалау шеңберінде тоқсан сайынғы скоринг өткізу үшін Мәдениет және ақпарат министрлігіне (бұдан әрі – МАМ) толық және дұрыс ақпаратты жедел ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Маңғыстау облысының әкімдігі 2024 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде:
- жұмыстағы барлық кемшіліктерді жойсын және бағалау критерийлері бойынша деректерді (оның ішінде тоқсан сайынғы скоринг шеңберінде) МАМ-ға уақтылы ұсынуды қамтамасыз етсін;
- әкімдік бойынша ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі уәкілдің МАМ-да тағылымдамадан өту күні мен уақытын келіссін;
- Ведомстволық ашықтық жоспарын және уәкілетті тұлғаның жеке жұмыс жоспарында (ЖЖЖ) тиісті KPI-ді бекітсін.
- Абай облысының әкімдігі 2024 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде:
- Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесімен (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығы) көзделген барлық ашық деректер жиынтықтарын орналастыруды;
- интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізу (әр айда кемінде 1-ден) және «Ашық диалог» порталында әкімнің блогындағы жазбаларды дұрыс толтыруды;
- ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес ресми интернет-ресурсты (оның ішінде қалалардың, аудандардың ЖАО-ры) уақтылы өзектендіруді және контентпен толтыруды (құрылымдық бөлімшелердің/уәкілетті тұлғалардың байланыс деректері, ведомстволық бағынысты ұйымдар туралы ақпарат және т. б.) қамтамасыз етсін.
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы туралы
(Қадыров, Рақымов, Диденко)
- Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры – Комиссия хатшысы Б.Р. Рақымов пен «Internews Kazakhstan» өкілі О.А. Диденконың «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы туралы ақпараты назарға алсын.
- МАМ Комиссия мүшелерінің отырыста Заң жобасына ұсынған барлық ұсыныстарын ескерсін және оның Парламент Сенатының қарауына уақтылы енгізілуін қамтамасыз етсін.
- Мүгедектігі бар адамдардың қазақ тіліндегі контентке және
мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігі туралы
(Қадыров, Елікбаев, Абзалбек, Арықбекова)
- Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы К.Н. Елікбаевтың, Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ғ.М. Абзалбектің және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық шешімдер департаментінің директоры Ү.Ш. Арықбекованың мүгедек адамдардың қазақ тіліндегі контентке және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігі туралы ақпараты назарға алынсын.
- Ғылым және жоғары білім министрлігі келесі отырыста Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 60-тармағын іске асыру барысы туралы Комиссияны хабардар етсін («2024-2029 жылдарға арналған мемлекеттік тілдегі инновациялық IT-жобаларды және тілді ақпараттық насихаттау жобаларын, оның ішінде мүгедектер үшін әзірлеу және шығару»).
- Ғылым және жоғары білім, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Сауда және интеграция министрліктері 2024 жылғы 12 қаңтарға дейінгі мерзімде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сайттарында қазақ тілінің сөйлеу синтезі функциясын (көру қабілеті бұзылған адамдардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін) енгізу мәселесі бойынша бірыңғай келісілген ұстанымды дайындасын және МАМ-ға енгізсін.
Комиссия Төрағасының
орынбасары,
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
вице-министрі Д. Қадыров
Комиссия хатшысы,
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрлігінің
Мемлекет пен қоғам
коммуникацияларын
дамыту департаментінің
директоры Б. Рақымов