«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға тартылған халықтың үлесі» мақсатты индикаторы туралы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға тартылған халықтың үлесі (нақты 2019 ж. - 32,6%; 2020 ж. жоспары – 30,0%).

Қазіргі уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) 6 бағыт және 13 арнайы жоба шеңберінде іске асырылуда.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барлық қызмет салаларын қамтиды және елдің барлық халқының санасын жаңғыртуға бағытталған.

Бұл үшін бағдарламаны тиімді іске асыру факторларының бірі барлық мүдделі мемлекеттік органдарды, ҮЕҰ, бизнес пен азаматтық халықты ауқымды іс-шараларға тарту болып табылады. Сондай-ақ, демеушілер мен меценаттарды тарту бойынша үлкен жұмыстар атқарылуда.

Ағымдағы жылы Бағдарламаны іске асыру мақсатында 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. (ҚР Мемлекттік хатшысымен 2020 жылғы 5 ақпанда бекітілді). 2020 жылға арналған іс – шаралар жоспары 97 тармақтан тұрады, оның 58-і жергілікті атқарушы органдарға, 39-ы ОМО-ға бекітілген.

Үш құндылық көзделген бағыт бойынша жұмыс жоспарланған: тұлғалық даму, ұлттық бірегейлік және халықаралық ұстаным, мемлекеттің, азаматтық қоғамның және жергілікті қоғамдастықтардың дамуы. Барлық осы бағыттар аудан орталықтарынан бастап облыс орталықтарына дейін түрлі деңгейде өткізілетін іс-шаралар шеңберінде қамтылатын болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы министрлік жергілікті атқарушы органдармен Бағдарламаны іске асыру жөніндегі өңірлік жоспарларды контенттік толықтыру бойынша толыққанды жұмыс жүргізді. Негізгі екпін іс-шаралардың санына емес, сапасына жасалған.

Өз кезегінде, 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 97 тармағының 69 тармағы немесе 71% - ы тұлғалық даму семинарлары мен тренингтері, дебаттық турнирлер, конкурстар, конференциялар, қайырымдылық және спорттық іс-шаралар және т. б. сияқты әртүрлі форматты іс-шаралар өткізу арқылы парасатты қоғам құруға халықты тарту бойынша ауқымды жұмысты көздейді.

Мысалы:

- ТжКБ білім алушыларының, ЖОО студенттерінің арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ұстанымдары мен құндылықтық бағыттарын талқылауға арналған пікір-сайыс турнирлерін өткізу (облыстық және республикалық деңгейлер);

- өңірлерде театрларға, мұражайларға және кітапханаларға баруды арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;

- 3 жыл ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың қорытындысын шығару және алдағы перспективаларды анықтау жөніндегі іс-шаралар кешені;

- «Наурыз шапағаты» жалпыұлттық іс-шарасын өткізу;

- ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды түсіндіру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу;

- шетелде қазіргі заманғы мәдениет пен өнердің үздік үлгілерін таныстыру бойынша халықаралық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу: республиканың жетекші шығармашылық ұжымдарының әлемдік гастрольдері мен турнелері;

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қағидалары мен бағыттарын талқылау бойынша іс-шараларды бірыңғай тақырыптар бойынша ай сайынғы негізде жұмыс кеңестері, еңбек ұжымдарында кездесулер форматында өткізу және т. б.

Осылайша, бағдарлама бағыттарының іске асырылуын талдау 2020 жылы өткізілетін іс-шаралар негізінде мүмкін болады.

Алайда, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті енгізген төтенше жағдай режиміне байланысты (ҚР Президентінің 15.03.2020 ж. № 285 Жарлығы), орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған ірі іс-шараларды өткізу кейінге қалдырылды немесе мүлдем өткізілмейді. Сондай-ақ оларды одан болдырмау, бұл сондай-ақ нысаналы индикатордың азаю жағына қарай мәніне әсер етуі мүмкін. Мемлекеттік органдар ҚР АҚДМ осы мәселе бойынша ресми хаттар жіберді (атап айтқанда, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және СІМ).

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға тартылған халықтың үлесі» мақсатты индикаторы туралы
Дата публикации
14 августа 2020