Петицияға қосылу қағидаларын және петицияға қосылу туралы
жазбаша арыз нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 90-3-бабының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Петицияға қосылу қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Интернет-ресурста петицияға қосылу туралы жазбаша арыз нысаны бекітілсін.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі |
|
А. Балаева |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 07.12.2023
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 33733 болып енгізілді
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 489-НҚ |
|
бұйрыққа 1-қосымша |
Петицияға қосылу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
3) уәкілетті орган – мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті орган.
2-тарау. Петицияға электрондық нысанда қосылу тәртібі
3-тарау. Петицияға жазбаша түрде қосылу тәртібі
1) жеке куәлікті;
2) арыз иесі өкілінің тиісті өкілеттіктерін растайтын құжаттың көшірмесін (егер петиция оның өкілімен берілсе);
3) петицияға қатысты растайтын құжаттарды және (немесе) өзге де материалдарды (қажет болған кезде) қоса бере отырып жазылады.
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 489-НҚ |
|
бұйрыққа 2-қосымша |
Нысан
Кімге____________________________, (мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті органның атауы)
Кімнен__________________________,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
ЖСН:____________________________
(нөмірді көрсету)
Нақты тұратын жерінің мекенжайы:_____________________
(нақты тұратын жерінің мекенжайын көрсету)
Тіркеу орнының мекенжайы: _____________
(тіркеу орнының мекенжайын көрсету)
Байланыс телефоны:______________
(телефон нөмірін көрсету)
Интернет-ресурста петицияға қосылу туралы арыз
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы _____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) интернет-ресурста орналастырылған «______________________________» тақырыбындағы (петицияның мазмұны) петицияға қосыламын.
Петицияға мынадай құжаттар:
1) жеке куәліктің көшірмесі;
2) өкілдің тиісті өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (егер петицияны арыз иесінің өкілі берсе);
3) петицияға қатысты растайтын құжаттар және (немесе) өзге де материалдар (қажет болған кезде) қоса беріледі.
Осы арызбен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзім ұсынатын (толтырған) ақпараттың анықтығына жауапты болатынымды растаймын.
Дербес деректерді өңдеуге келісемін:
_____________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Толтыру күні: 20__ жылғы «__» __________
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 07.12.2023
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 33733 болып енгізілді