"Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы жазбаша арыз нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 470-НҚ бұйрық

 

Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы жазбаша

 арыз нысанын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі                  90-2-бабының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы жазбаша арыз нысаны бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

 

А. Балаева

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 28.11.2023

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 33693 болып енгізілді

 

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

2023 жылғы 28 қарашадағы

№ 470-НҚ

бұйрықпен бекітілген

 

 

Нысан

 

Кімге____________________________, (мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті органның атауы)

 

Кімнен__________________________,

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

 

ЖСН:____________________________

(нөмірді көрсету)

 

Нақты тұратын жерінің мекенжайы:_______________________

(нақты тұратын жерінің мекенжайын көрсету)

 

Тіркеу орнының мекенжайы: _

(тіркеу орнының мекенжайын көрсету)

 

Байланыс телефоны:______________

(телефон нөмірін көрсету)

 

 

Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы арыз

 

 

Мен, Қазақстан Республикасының азаматы_________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) интернет-ресурста __________________________ (мемлекеттік органның, жергілікті өкілді және (немесе) атқарушы органның атауы) атына жіберілетін (петицияның нысанасы бойынша дәлелдермен және ұсыныстармен) мынадай мазмұндағы петицияны орналастыруды сұраймын: «__________________________________________________________________».

Арызға мынадай құжаттар:

1) жеке куәліктің көшірмесі;

2) өкілдің тиісті өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (егер петицияны арыз иесінің өкілі берсе);

3) петицияға қатысты растайтын құжаттар және (немесе) өзге де материалдар (қажет болған кезде) қоса беріледі.

Осы арызбен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзім ұсынатын (толтырған) ақпараттың анықтығына жауапты болатынымды растаймын.

 

Дербес деректерді өңдеуге келісемін:

_____________________________________________________________

(қолы)                                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

 

 

Толтыру күні: 20__ жылғы «__»  __________

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 28.11.2023

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 33693 болып енгізілді

Дата публикации
29 ноября 2023