«Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысың жобасы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде:

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Отырыстар онлайн-трансляциялауды қамтамасыз ете отырып ашық болып табылады әрі мемлекеттік тілде және қажет болған жағдайда орыс тілінде жүргізіледі.

Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша жабық отырыстар өткізілуі мүмкін.»;

мынадай мазмұндағы 18-1- тармақпен толықтырылсын:

«18-1. Қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Үкіметтің ашық отырысының қорытындылары отырыс өткізілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде интернет-ресурста орналастырылады.»;

мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

«19-1. Онлайн-трансляция жүргізу кезінде азаматтарға пікірлер қалдыруға мүмкіндік беріледі.».

  1. Осы қаулы 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                    Ә. Смайылов

 

 

Дата публикации
06 ноября 2023