"Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет жән ақпарат министрінің бұйрық жобасы

 

Ақпарат иеленушілердің

ашықтық стандартын бекіту туралы

 

 

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының              6-2-бабы 1-тармағының 13-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарты бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Бәсекелестікті қорғау және

дамыту агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ғылым және жоғары білім министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Жоғары аудиторлық палатасы

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Көлік министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржылық мониторинг агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын реттеу және

дамыту агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Оқу-ағарту министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және құрылыс

даму министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Су ресурстары және ирригация

Министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы қызмет)

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Туризм және спорт министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Экология және табиғи

ресурстар министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрлігі

 

 

бұйрығымен бекітілген

 

 

Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарты

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабы 1-тармағының 13-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ақпарат иеленушілермен ақпаратқа қол жеткізуді және қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген, ең төмен талаптар жүйесін білдіреді.
  2. Осы Стандартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия – ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган жанындағы консультативтік-кеңесші орган;

2) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган – ақпаратқа қол жеткізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3) ақпарат иеленушілер – мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелері; мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер; квазимемлекеттік сектор субъектілері;мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты ақпарат бөлігінде – бюджет қаражатын алушылар болып табылатын заңды тұлғалар; өздері өндіретін (өткізетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына қатысты ақпарат бөлігінде - мемлекеттік монополия субъектілері; экологиялық ақпаратқа, төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдарлары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және азаматтардың денсаулығына, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін басқа да факторлар туралы ақпарат бөлігінде – заңды тұлғалар; орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар;

4) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

5) ашық бюджеттердің интернет-порталы – бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;

6) ашық деректердің интернет-порталы – ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылған сақталуын қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;

7) ашық диалогтың интернет-порталы – мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы ақпарат пайдаланушылардың сұрау салуды жіберу, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференцияларға және сауалнамаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;

8) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы – жария талқылау рәсімін жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және осы Заңға сәйкес өзге де ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;

9) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпарат;

10) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын орналастыруға арналған технологиялық платформа (бұдан әрі – МОИР БП);

11) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталы – мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметін жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;

12) мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы – азаматтардың сұрау салуды жіберу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларынан оларға жауап алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі.

  1. Осы Стандарт Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті органның әдістемелік ұсынымдары негізінде әзірленді.
  2. Стандарттың мақсаты Заң талаптарына сәйкес ақпарат иеленушілердің ақпаратқа қол жеткізуін және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
  3. Стандарттың міндеттері:

- ақпарат иеленушілердің проактивтілігін арттыру;

- ақпарат иеленушілер қызметінің ашықтығы мен айқындығын кеңейту;

- ашық қолжетімділікте ақпаратты орналастырудың өзектілігі мен уақтылығын қамтамасыз ету.

  1. Стандарт ақпарат иеленушілердің қызметінде қолданылады.
  2. Стандарттың сақталуын жалпы үйлестіруді және оған мониторингті ақпарат иеленуші айқындаған ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше), ал ол болмаған жағдайда – ақпарат иеленушінің бірінші басшысы жүзеге асырады.

 

 

2-тарау. Ақпарат иелерінің сақтауы үшін ең төменгі талаптар

 

  1. Мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелері (бұдан әрі-мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары) иелік ететін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін мынадай ең төменгі талаптарды сақтауға тиіс:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген ақпаратты, сондай-ақ қызметі туралы ақпаратты уақтылы және анық ашу;

2) иеленетін ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ішкі мониторингті және үйлестіруді жүзеге асыру. Осы мақсаттарда ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті құрылымдық бөлімшені айқындау немесе уәкілетті тұлғаны тағайындау;

3) ашық отырыстардың онлайн-трансляциясын өткізу (өткізілетін күнін, уақытын, форматын және орнын ашық отырыс басталғанға дейін 24 сағаттан кешіктірмей хабарлай отырып);

4) келіп түскен ақпарат сұратуларына толық және дұрыс жауаптарды уақтылы (келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде) ұсыну және олардың есебін жүргізу. Сұратылып отырған ақпаратты беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, ақпарат пайдаланушыны шақыра отырып, тыңдауды жүргізу (Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес);

5) Заңның 16-бабының 3 және 6-тармақтарында көзделген барлық ақпаратты МО ИРБП-ға орналастыру. Интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілуге тиіс;

6) МО ИРБП-да жаңалықтар лентасын күн сайын, өзге де бөлімдерді -ақпаратты алған немесе жасаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өзектендіру;

7) бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылауды жүргізу. Жүргізу кезінде ашық бюджеттердің интернет-порталында бюджеттік бағдарламалар жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) орналастыру және жария талқылау қағидаларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын, сондай-ақ ашық нормативтiк құқықтық актiлердiң интернет-порталында заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларын басшылыққа алу;

8) әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, бюджеттік бағдарламалардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге олардың жария талқылауларын өткізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған баспасөз релиздерін (анонстарды), ақпараттық хабарларды (ашық бюджеттер мен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталдарына тиісті сілтемелермен) орналастыру;

9) ашық диалог интернет-порталында интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізу. Интернет-конференциялар мен сауалнамалардың тақырыптарын айқындау кезінде ашық диалог интернет-порталына келіп түскен ақпаратты пайдаланушылардың өтінімдерін ескере отырып, қоғамдық қажеттіліктер мен тақырыптың өзектілігіне сүйену;

10) ашық диалог интернет-порталында интернет-конференциялар мен сауалнамалар жүргізу кезінде құлақтандыруларды орналастыру. Интернет-конференция бойынша өткізілетін күнге дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын, сауалнама бойынша - ол ашық диалог интернет-порталында іске қосылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;

11) ашық диалогтың интернет-порталында бірінші басшының блогында аптасына кемінде бір жазба орналастыруға міндетті. Жазбалардың тақырыптарын анықтау кезінде қоғамдық қажеттіліктер мен тақырыптың өзектілігіне сүйену қажет;

12) нормативтік құқықтық актілердің, бюджеттік бағдарламалар жобаларының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептердің жобаларына келіп түсетін түсініктемелерге уақтылы жауап беруге міндетті. Жауаптар беру кезінде «назарға алынды», «назарға алынды», «түсініктеме үшін рахмет» және басқа да ресми жауаптарды қолдануға жол бермеу қажет;

13) ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесінде көзделген ашық деректерді орналастыру, сондай-ақ ашық деректерді орналастыру және өзекті ету мерзімдерін сақтау. Деректерді қолмен енгізудің тиімсіздігіне және ашық деректер жиынтығын орналастыруды автоматтандыру қажеттілігіне назар аудару;

14) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың интернет-порталында мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыру. Орналастыру кезінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын басшылыққа алу;

15) орналасқан үй-жайда өз қызметі туралы ақпараты бар ақпараттық стендті және (немесе) осыған ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралды орналастыру. Ақпараттық стендтерге қол жетімділік қандай да бір сыртқы кедергілермен шектелмеуі керек, мысалы, күзет бекеті, жабық турникеттер және басқалар;

16) ақпараттық стендте және (немесе) осыған ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралда мынадай ақпаратты (бірақ онымен шектелмей) орналастыру: жұмыс режимі; азаматтарды қабылдау кестесі; өтініштерді беру, қарау және шешімдерге (іс-қимылдарға) шағым жасау тәртібі; кеңсе телефондары мен персоналды басқару қызметін қоса алғанда, байланыс деректері; әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары және ресми интернет-ресурсқа сілтеме;

17) мүгедек адамдардың ақпараттық стенділерге, сондай-ақ 2.1. Web Content Accessibility Guidelines (WCAG) халықаралық стандартының талаптарына сәйкес ресми интернет-ресурсқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету. Мүгедектігі бар адамдардың өкілдерімен олардың ақпаратқа қажеттілігін айқындау үшін тұрақты кездесулер өткізу;

18) қоғамның ашық деректерге қажеттілігін анықтауға бағытталған іс-шараларды тоқсанына кемінде бір рет өткізу;

19) бұқаралық ақпарат құралдары, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, халық жиі сұрататын ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру;

20) мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтитын жыл сайын ведомстволық ашықтық жоспарын әзірлеуге міндетті;

21) Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары бойынша шаралар қабылдау;

22) ақпаратты пайдаланушылармен белсенді өзара іс-қимыл жасау.

  1. Иеленетін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері мынандай ең төменгі талаптарды сақтауға тиіс:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген ақпаратты, сондай-ақ қаржылық жай-күйін, қызмет нәтижелерін, меншік және басқару құрылымын қоса алғанда, қызмет туралы ақпаратты уақтылы және анық ашу;

2) ақпаратты ашу мен қорғауға қойылатын қағидаттар мен тәсілдерді айқындайтын ішкі құжаттарды, мүдделі тұлғаларға ашылатын ақпарат тізбесін, ақпаратты ашу мерзімдерін, тәртібін, тәсілін, нысанын бекіту;

3) ақпаратты қолжетімділік санаттарына жатқызу тәртібін, ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын, сондай-ақ коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын ақпаратқа еркін қол жеткізу құқығы бар тұлғалар тобын айқындау;

4) интернет-ресурста, ашық деректер интернет-порталында ақпараттың толықтығы мен өзектілігі және ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің басқа да мәселелері үшін жауап беретін функциялары мен міндеттерін көрсете отырып, жауапты лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерді бекіту;

5) келіп түскен ақпарат сұратуларына толық және дұрыс жауаптарды уақтылы (келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде) ұсыну және олардың есебін жүргізу;

6) құрылымдалған, пайдалану және навигация үшін ыңғайлы болатын ресми интернет-ресурсы болуға тиіс;

7) Заңның 16-бабының 8-тармағында, сондай-ақ Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексінде көзделген ақпаратты интернет-ресурста орналастыру;

8) интернет-ресурсты өзектендіруді аптасына кемінде бір рет, жаңалықтар лентасын – күн сайын жүзеге асыру. Интернет-ресурста орналастырылған ақпараттың толықтығы мен өзектілігін бақылау, сондай-ақ интернет-ресурстың қазақ, орыс және өзге де (бар болса) нұсқаларында орналастырылған осы ақпараттың сәйкестігін анықтау тұрақты негізде жүзеге асыру;

9) ашық диалог интернет-порталында бірінші басшының блогын құру және келіп түскен сұрақтарға уақтылы (келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде) жауап беруді қамтамасыз ету;

10) тұрақты негізде ашық диалог интернет-порталында интернет-конференциялар мен пікіртерімдер өткізу. Интернет-конференциялар мен сауалнамалардың тақырыптарын айқындау кезінде ашық диалог интернет-порталына келіп түскен ақпаратты пайдаланушылардың өтінімдерін ескере отырып, қоғамдық қажеттіліктер мен тақырыптың өзектілігіне сүйену;

11) ашық деректердің интернет-порталында ашық деректерді орналастыру және кейіннен оларды уақтылы өзектендіруді қамтамасыз ету. Осы мақсатта қоғамның қажеттіліктеріне қарай ашық деректер тізбесін (орналастыруға жауапты тұлғалармен және орналастыру мерзімдерімен) айқындау және оны тиісті актімен (шешімімен) бекіту;

12) орналасқан үй-жайда өз қызметі туралы ақпараты бар ақпараттық стендті және (немесе) осыған ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралды орналастыру. Ақпараттық стендтерге қол жетімділік қандай да бір сыртқы кедергілермен шектелмеуі керек, мысалы, күзет бекеті, жабық турникеттер және басқалар;

13) ақпараттық стендте және (немесе) осыған ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралда мынадай ақпаратты (бірақ онымен шектелмей) орналастыру: жұмыс режимі; азаматтарды қабылдау кестесі; өтініштерді беру, қарау және шешімдерге (іс-әрекеттерге) шағым жасау тәртібі; байланыс деректері; әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар және ресми интернет-ресурсқа сілтеме;

14) мүгедек адамдардың ақпараттық стенділерге, сондай-ақ 2.1. Web Content Accessibility Guidelines (WCAG) халықаралық стандартының талаптарына сәйкес ресми интернет-ресурсқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету. Мүгедектігі бар адамдардың өкілдерімен олардың ақпаратқа қажеттілігін айқындау үшін тұрақты кездесулер өткізу;

15) ашық отырыстардың онлайн-трансляциясын өткізу (өткізілетін күнін, уақытын, форматын және орнын ашық отырыс басталғанға дейін 24 сағаттан кешіктірмей хабарлай отырып);

16) бұқаралық ақпарат құралдары, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, халық жиі сұрататын ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру;

17) жыл сайын ведомстволық ашықтық жоспарын әзірлеу, ол квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтитын болады;

18) ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары бойынша шаралар қабылдау;

19) ақпаратты пайдаланушылармен белсенді өзара іс-қимыл жасау.

  1. Иеленетін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер мынадай ең төменгі талаптарды сақтауға тиіс:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген ақпаратты, сондай-ақ қызметі туралы ақпаратты уақтылы және анық ашу;

2) интернет-ресурста, ашық деректер интернет-порталында ақпараттың толықтығы мен өзектілігі үшін жауап беретін функциялары мен міндеттерін көрсете отырып, жауапты лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерді және ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің басқа да мәселелерін бекіту;

3) ашық отырыстардың онлайн-трансляциясын өткізу (өткізілетін күнін, уақытын, форматын және орнын ашық отырыс басталғанға дейін 24 сағаттан кешіктірмей хабарлай отырып);

4) келіп түскен ақпарат сұратуларына толық және дұрыс жауаптарды уақтылы (келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде) ұсыну және олардың есебін жүргізу;

5) құрылымдалған, пайдалану мен навигация үшін ыңғайлы болып табылатын интернет-ресурсты құру және Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген барлық ақпаратты орналастыру. Интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде ұсыну;

6) интернет-ресурсты өзектендіруді аптасына кемінде бір рет, жаңалықтар лентасын – күн сайын жүзеге асыру. Интернет-ресурста орналастырылған ақпараттың толықтығы мен өзектілігін бақылау, сондай-ақ интернет-ресурстың қазақ, орыс және өзге де (бар болса) нұсқаларында орналастырылған осы ақпараттың сәйкестігін анықтау тұрақты негізде жүзеге асыру;

7) ашық деректердің интернет-порталында ашық деректерді орналастыру және кейіннен оларды уақтылы өзектендіруді қамтамасыз ету. Осы мақсатта қоғамның қажеттіліктеріне қарай ашық деректер тізбесін (орналастыруға жауапты тұлғалармен және орналастыру мерзімдерімен) айқындау және оны тиісті актімен (шешімімен) бекіту;

8) орналасқан үй-жайда өз қызметі туралы ақпараты бар ақпараттық стендті және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралды орналастыру. Ақпараттық стендтерге қол жетімділік қандай да бір сыртқы кедергілермен шектелмеуі керек, мысалы, күзет бекеті, жабық турникеттер және басқалар;

9) ақпараттық стендте және (немесе) осыған ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралда мынадай ақпаратты (бірақ онымен шектелмей) орналастыру: жұмыс режимі; азаматтарды қабылдау кестесі; өтініштерді беру, қарау және шешімдерге (іс-әрекеттерге) шағым жасау тәртібі; байланыс деректері; әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар және ресми интернет-ресурсқа сілтеме;

10) мүгедек адамдардың ақпараттық стенділерге, сондай-ақ 2.1. Web Content Accessibility Guidelines (WCAG) халықаралық стандартының талаптарына сәйкес ресми интернет-ресурсқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету. Мүгедектігі бар адамдардың өкілдерімен олардың ақпаратқа қажеттілігін айқындау үшін тұрақты кездесулер өткізу;

11) бұқаралық ақпарат құралдары, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, халық жиі сұрататын ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру;

12) ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары бойынша шаралар қабылдау;

13) ақпаратты пайдаланушылармен белсенді өзара іс-қимыл жасау.

  1. Иелік ететін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін бюджет қаражатын алушылар болып табылатын заңды тұлғалар мынадай ең төменгі талаптарды сақтауға тиіс:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген ақпаратты уақтылы және дұрыс ашу;

2) келіп түскен ақпарат сұратуларына толық және дұрыс жауаптарды уақтылы (келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде) ұсыну және олардың есебін жүргізу;

3) мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру;

4) мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге жауап беретін олардың функциялары мен міндеттерін көрсете отырып, жауапты лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерді бекіту;

5) Заңның 16-бабының 9-тармағында көзделген ақпаратты интернет-ресурста орналастыру;

6) мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты бұқаралық ақпарат құралдары, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, халық жиі сұрататын ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру;

7) мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді қоспағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражаттың қалыптастырылуы мен жұмсалуы туралы ақпаратқа қол жеткізуді шектеуге жатпайтынын айқындайтын Заңның 9-бабының талаптарын сақтау.

  1. Иелік ететін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік монополия субъектілері мынадай ең төменгі талаптарды сақтауға тиіс:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген ақпаратты, сондай-ақ қызметі туралы ақпаратты уақтылы және анық ашу;

2) келіп түскен ақпарат сұратуларына толық және дұрыс жауаптарды уақтылы (келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде) ұсыну және олардың есебін жүргізу;

3) өздері өндіретін (өткізетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасына қатысты ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру;

4) өздері өндіретін (өткізетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасына қатысты ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге жауапты олардың функциялары мен міндеттерін көрсете отырып, жауапты лауазымды адамдар мен қызметкерлерді бекіту;

5) Заңның 16-бабының 10-тармағында көзделген ақпаратты интернет-ресурста орналастыру.

  1. Экологиялық ақпаратқа, Төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және елді мекендердегі азаматтардың денсаулығына және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін басқа да факторлар туралы ақпаратқа және қызметтің ашықтығына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін пункттер мен өндірістік объектілер мынадай ең төменгі талаптарды сақтауы тиіс:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген ақпаратты, сондай-ақ қызметі туралы ақпаратты уақтылы және анық ашу;

2) келіп түскен ақпарат сұратуларына толық және дұрыс жауаптарды уақтылы (келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде) ұсыну және олардың есебін жүргізу;

3) экологиялық ақпаратты, төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы және азаматтардың, елді мекендер мен өндірістік объектілердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін басқа да факторлар туралы ақпаратты ашық түрде орналастыру;

4) экологиялық ақпараттың, төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдарлары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және азаматтардың, елді мекендер мен өндірістік объектілердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін басқа да факторлар туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге функциялары мен міндеттерін көрсете отырып, жауапты лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерді бекітіп беру.

  1. Иеленетін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар мынадай ең төменгі талаптарды сақтауға тиіс:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген ақпаратты, сондай-ақ қызметі туралы ақпаратты уақтылы және анық ашу;

2) келіп түскен ақпарат сұратуларына толық және дұрыс жауаптарды уақтылы (келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде) ұсыну және олардың есебін жүргізу;

3) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыруға қатысты ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру;

4) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыруға қатысты ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге жауап беретін олардың функциялары мен міндеттерін көрсете отырып, жауапты лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерді бекіту;

5) ашық деректердің интернет-порталында ашық деректерді орналастыру және кейіннен оларды уақтылы өзектендіруді қамтамасыз ету. Осы мақсатта қоғамның қажеттіліктеріне қарай ашық деректер тізбесін (орналастыруға жауапты тұлғалармен және орналастыру мерзімдерімен) айқындау және оны тиісті актімен (шешімімен) бекіту;

6) Заңның 16-бабының 11-тармағында көзделген ақпаратты интернет-ресурста орналастыру.

Дата публикации
30 октября 2023