"Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрық жобасы

 

Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің
90-4-бабының үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

 

 

бұйрығымен бекітілген

 

 

Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидалары
    (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-4-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді және «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы субъектілерге келіп түсетін петицияларды тіркеу және есепке алу тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау – петиция беруші петиция беретін ақпараттық жүйе;

2) петиция – мемлекеттік органға, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органға электрондық құжат нысанында жіберілген және Кодексте белгіленген тәртіппен қаралатын ұжымдық хабар, үн қосу немесе ұсыныс;

3) петиция беруші – Кодексте белгіленген тәртіппен петиция берген Қазақстан Республикасының азаматы;

4) субъект – өз құзыретіне сәйкес петицияларды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы орган;

5) уәкілетті орган – мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті орган.

 

 

2-тарау. Тіркеу және есепке алу тәртібі

 

  1. Субъектінің атына келіп түскен петиция «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесінің «Е-петиция» модулінде тіркелуге жатады.

Петицияны қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

  1. Петицияны тіркеу ол субъектіге келіп түскеннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  2. Петицияның тіркеу нөмірі алғашқы тіркеу кезінде толассыз тәртіппен тек бір рет беріледі және әріптік индекстен, сондай-ақ бірегей нөмірден тұрады.
  3. Петиция үшін «П» әріптік индексі беріледі.
  4. Бірегей нөмірде алғашқы төрт сан тіркелген жылды, келесі сегіз сан реттік нөмірді білдіреді.
  5. «Е-петиция» модулінде петиция тіркелгеннен кейін петиция берушіге бірінші жұппен – тіркеу жылы, екінші жұппен – тіркеу айы, үшінші жұппен – тіркеу күні, мынадай сегіз санмен-реттік нөмірі көрсетілген петицияның бірегей нөмірі бар хабарлама жіберіледі.
  6. Петицияны қарау мерзімі:

1) орталық атқарушы органмен петицияны тіркеген күннен бастап қырық жұмыс күнінен аспайды;

2) жергілікті өкілді және (немесе) атқарушы органмен петицияны тіркеген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайды.

  1. Тіркелген петицияларды есепке алуды субъект «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесінің «Е-петиция» модулінде жүзеге асырады.
  2. Субъектінің петицияны қарау нәтижелері уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша тіркеледі.

Нысан субъект қабылдаған әрбір шешімге жеке толтырылады.

Дата публикации
30 октября 2023