Ақпарат иеленушілердің отырыстарына қол жеткізу
қағидаларын бекіту туралы
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
|
бұйрығымен бекітілген |
Ақпарат иеленушілердің ашық
отырыстарына қол жеткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) ақпарат иеленушілер - орталық атқарушы органдар және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдары;
2) ақпарат пайдаланушы - ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
3) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпарат;
4) онлайн режим – бейне байланыс арқылы қашықтықтан жүзеге асырылатын қызмет;
5) офлайн режим – жергілікті жерде тікелей қатысу нәтижесінде жүзеге асырылатын қызмет.
2-тарау. Ақпарат иеленушілердің ашық
отырыстарына қол жеткізу тәртібі
Анонс отырысты өткізу орны, күні, уақыты, форматы (онлайн, офлайн), қарауға жоспарланған мәселелер және дайындауға жауапты тұлғалар (олардың байланыс деректерін көрсете отырып) туралы ақпаратты қамтиды.
Өтінімде отырысқа қатысқысы келетін адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, жұмыс орны және лауазымы, сондай-ақ кері байланыс үшін байланыс деректері көрсетіледі.
Жазылған ақпарат пайдаланушылар отырысқа қатысушылар үшін орындардың бар-жоғы, отырыстың күні, орны және отырысқа дейін бір күн бұрын келушілердің мінез-құлық қағидалары туралы хабардар етіледі.
1) отырыста қабылданатын шешім құқықтары мен бостандықтарына тікелей әсер етуі мүмкін ақпарат пайдаланушылар;
2) отырыстарға бұрын қатыспаған немесе басқа жазылғандарға қарағанда ұзақ қатыспаған ақпарат пайдаланушылар;
3) отырысқа қатысуға басқалардан бұрын жазылған ақпарат пайдаланушылар.
Белгіленген тәртіп ережелерін бұзатын ақпарат пайдаланушыға отырыста төрағалық етуші ескерту жасайды, қайталап бұзған кезде оны отырыс залынан шығарып жібереді.
Мұндай ашық отырыс, егер жабдық пен байланыс арнасы қатысушылар үшін жақсы көрінуді және естуді қамтамасыз еткен жағдайда ғана өткізілуі мүмкін.