Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысының 2023 жылғы 19 шілдедегі хаттамасы

 

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

 

 

Астана қ.                                                  № 1                          2023 жылғы 19 шілде

 

 

Төрағалық еткен:

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму

вице-министрі Д.Р. Қадыров

 

Қатысқандар: (Тізім бойынша)

 

 

  1. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері қызметінің ашықтығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы

 (Қадыров, Ильницкий, Ыдырысов, Қырықбаев, Байкен)

 

  1. 1. Қарағанды облысы Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы К.П. Ильницкийдің, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы О.Н. Ыдырысовтың, Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.О. Қырықбаевтың, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Байкеннің әкімдіктер қызметінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы ақпараты назарға алсын.
  2. Қарағанды облысының әкімдігі а.ж. 11 тамыз мерзіміне дейін:

- заңнаманың талаптарына сәйкес ресми интернет-ресурсты (оның ішінде қаланың, аудандардың жергілікті атқарушы органдардың) уақтылы өзектендіруді және контентпен толтыруды;

- «Ашық деректер» порталында ашық деректер жиынтығының үлгілерін ашық деректердің бірыңғай тізбесіне сәйкес екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) толтырудың дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз етсін.

  1. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі а.ж. 11 тамыз мерзіміне дейін:

- «Ашық НҚА» порталында нормативтік құқықтық актілердің жобаларына пайдаланушылардың ұсыныстары мен түсініктемелерін уақтылы қарау мониторингін күшейтсін;

- «Ашық деректер» порталында ашық деректер жиынтығының үлгілерін ашық деректердің бірыңғай тізбесіне сәйкес екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) толтырудың дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз етсін;

- ресми сайтты өзекті күйде ұстасын және мемлекеттік органның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарына сілтемелерді орналастырсын.

  1. Астана қаласының әкімдігі ағымдағы жылдың 14 тамызына дейінгі мерзімде:

- «Ашық деректер» порталында ашық деректер жиынтықтарын ашық деректердің бірыңғай тізбесіне сәйкес екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) өзектендірілуін және дұрыс толтырылуын қамтамасыз етсін;

- халықтың ашық деректерге қажеттілігін анықтауға бағытталған іс-шараларды іске асырсын (сауалнамалар, интернет-конференциялар және т.б.);

- «Ашық бюджеттер» порталында бюджеттік бағдарламалар жобаларын орналастырудың дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз етсін;

- әкімдіктің ресми интернет-ресурсында нормативтік құқықтық актілер жобаларын және бюджеттік бағдарламалар жобалары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылауды жүргізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламалардың, баспасөз релиздерінің жариялануының бақылауын күшейтсін.

  1. Алматы қаласының әкімдігі а.ж. 11 тамыз мерзіміне дейін:

- ведомстволық ашықтық жоспарының орындалуын бақылауды күшейтсін және қалалық пен аудандық деңгейде ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалардың сапалы өзара іс-қимылын ұйымдастырсын;

- «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының әкімдік пен мәслихаттың ашық отырыстарына қол жеткізуін қамтамасыз етсін.

  1. Алматы қаласының, Маңғыстау және Атырау облыстарының әкімдіктері а.ж. тамыз айының соңына дейін ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлғалардың АҚДМ-де тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етсін.
  2. ҰЭМ облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлғалардың лауазымын жергілікті атқарушы органдардың үлгілік құрылымына енгізу мәселесін қарасын және а.ж. 10 тамызға дейінгі мерзімде АҚДМ-ге ақпарат енгізсін.
  3. Комиссия хатшысы Комиссияның келесі отырыстарын ұйымдастыру кезінде Комиссия мүшесі О.А. Диденконың комиссия отырыстарында оң және теріс кейстерді қарау жөніндегі ұсынысын ескерсін.
  4. АҚДМ комиссия мүшесі О.А. Диденконың ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамаға уәкілетті органға есептілікті ұсыну жөніндегі ақпарат иелеріне қойылатын талаптарды енгізу жөніндегі ұсынысын пысықтасын.

 

 

  1. Мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары сайттарының қолжетімділігі

 (Қадыров, Тұрысов, Қожа-Ахмет, Есенбекова, Асқаров)

 

  1. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ә.Н. Тұрысовтың, Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Б.Б. Қожа-Ахметтің, Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ж.Р. Есенбекованың, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ департаментінің директоры А.Н. Асқаровтың мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары сайттарының қолжетімділігі мәселесі бойынша ақпараттары назарға алынсын.
  2. СИМ ЦДИАӨМ-мен бірлесіп а.ж. 30 қыркүйегіне дейін ҚР СТ «Ақпараттық технологиялар. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін интернет-ресурстың қолжетімділігі» (бұдан әрі – Стандарт) комиссия мүшелерімен (Л.М. Қалтаева, З.Н. Әбдіқайымов) және басқа да мүдделі тұлғалармен келісе отырып бекітілуін қамтамасыз етсін.
  3. ЦДИАӨМ «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп (келісім бойынша) Стандарт бекітілгеннен кейін бір ай мерзімінде Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларына және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға өзгерістерді енгізсін.
  4. ҒЖБМ а.ж. 21 тамызға дейінгі мерзімде:

- SpechLab компаниясымен серіктестіктің нақты мерзімдері мен нысанын анықтасын;

- дыбыстық қорды қалыптастыруды аяқтасын және оны SpechLab компаниясы мен басқа да мүдделі ұйымдарға ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. АҚДМ а.ж. 14 тамызына дейінгі мерзімде Комиссия жанында мүгедектігі бар адамдар үшін ақпараттың қолжетімділігі мәселелері жөніндегі жұмыс тобын (бұдан әрі – Жұмыс тобы) қалыптастырсын.
  2. Мүдделі мемлекеттік органдар (ҒЖБМ, ЕХӘҚМ, ЦДИАӨМ, СИМ, ДСМ) а.ж. 4 тамызға дейінгі мерзімде Жұмыс тобының құрамына енгізу үшін кандидатураларды ұсынсын.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және қоғамдық даму

вице-министрі, Комиссия

төрағасының орынбасары

 

 

Д. Қадыров

 

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және қоғамдық даму

министрлігі Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры,

Комиссия хатшысы

 

 

 

 

 

Б. Рақымов

 

 

Дата публикации
01 августа 2023