«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 27 шілдедегі № 312-НҚ бұйрығы

№312-НҚ от 27.07.2023

 

 

«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы                                   30 мамырдағы № 148 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы                              65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:

Тұрсынбекова

Салтанат Пархатқызы

–

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың  басшысы  (келісім  бойынша)

енгізілсін;

2) аталған комиссияның құрамынан: А. Д. Ізбаев,  З. О. Өтебаева,                     М. Д. Тыныш шығарылсын;

3)

«Қалтаева                                Ләззат Молдабекқызы

 

–

«Алматы қаласы мүгедектер ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты (келісім бойынша);»

жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қалтаева                                Ләззат Молдабекқызы

–

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша);»

 

  1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-миниcтріне жүктелсін.
  3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және қоғамдық

даму министрі міндетін атқарушы                                     Д. Қадыров

Дата публикации
27 июля 2023