«Азаматтардың қабылдау орталықтарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

 

Азаматтарды қабылдау орталықтарының

кейбір мәселелері туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламентін бекіту, «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 214 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған қаулымен бекітілген орталық мемлекеттік органдар мен облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауының Үлгілік регламентінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі – қабылдау) орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде (бұдан әрі – қоғамдық қабылдау бөлмелері), сондай-ақ азаматтарды қабылдау орталықтарында мына лауазымды және өзге де адамдар:

1) орталық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары және олардың орынбасарлары;

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері (бұдан әрі – әкімдер) және олардың орынбасарлары;

3) орталық мемлекеттік органдар аппараттарының басшылары (олар болған жағдайда);

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының басшылары және олардың орынбасарлары;

5) орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының басшылары;

6) орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де қызметкерлері жүзеге асырады.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Азаматтарды қабылдау орталықтарында мемлекеттік органдардың регламенттерінде белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау жүзеге асырылады.»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда, сондай-ақ азаматтарды қабылдау орталықтарында жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі.»;

мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. Осы Үлгілік регламенттің 2-тармағында көрсетілген адамдардың азаматтарды қабылдау орталықтарында қабылдауы Үлгілік регламенттің қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Басшысы бекіткен кестеге сәйкес айына кемінде бір рет жүргізіледі.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қабылдау күндері көрсетілген қабылдау кестелері мемлекеттік және орыс тілдерінде қоғамдық қабылдау бөлмелерінің, азаматтарды қабылдау орталықтарының үй-жайларында көпшілікке көрінетін жерлерге ілінеді, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің ресми сайттарында орналастырылады.»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Орталық мемлекеттік органдардың, азаматтарды қабылдау орталықтарының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының тиісті қызметкерлері қабылдау өткізген кезде, егер көтерілетін мәселе олардың құзыретіне қатысты болса, басқа да мүдделі органдар өкілдерінің қатысуы қамтамасыз етіледі.»;

26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«26. Жауапты қызметкер орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің, азаматтарды қабылдау орталықтарының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының қатысуымен материалдарды жинап, талдағаннан кейін орталық мемлекеттік орган басшысының немесе облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің атына қабылдау күнін белгілеу немесе бас тарту туралы ұсыныспен анықтамалық ақпаратты қабылдау басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын дайындайды.»;

28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің және азаматтарды қабылдау орталықтарының жауапты қызметкері бекітілген тізімдерді қабылдау кестесіне кезектілік тәртібімен бөледі.

  1. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің және азаматтарды қабылдау орталықтарының жауапты қызметкері жолданым тіркелген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей арыз иесіне қабылдау уақыты мен күні көрсетілген жауапты жолдайды.»;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«31. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің және азаматтарды қабылдау орталықтарының уәкілетті қызметкерлерінің лауазымды адамдар мен олардың орынбасарларының қабылдауды ұйымдастыруы үшін қажетті материалдарды ұсыну, қабылдауды өткізу практикасын талдау және қорыту туралы талаптары орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері мен облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдері аппараттары үшін орындауға міндетті болып табылады.»;

39-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) қоғамдық қабылдау, азаматтарды қабылдау орталықтарының шеңберінде жұмыс істейтін сall-орталықтардың, оның ішінде төтенше жағдай режимдерін, төтенше жағдайды, эпидемиологиялық сипаттағы карантиндік шараларды, техногендік аварияларды және халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өзге де апаттармен байланысты шектеу шараларын қабылдаған жағдайда үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.»;

40-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«40. Қоғамдық қабылдау бөлмелері және азаматтарды қабылдау орталықтары жұмысының нәтижелері туралы тұрақты негізде (тоқсанына кемінде бір рет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратын хабардар ету қажет.».

осы қаулының қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

  1. Орталық мемлекеттік органдарға және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына осы қаулы қабылданғаннан кейін бір ай ішінде:

1) мемлекеттік органдардың регламенттеріне тиісті өзгерістер енгізсін;

2) азаматтарды қабылдау орталықтарында орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің қызмет тәртібін регламенттейтін ішкі актілерді әзірлесін және бекітсін.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

    Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі                                                       Ә. Смайылов

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

 2023 жылғы «    »                    

қаулысына қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2023 жылғы 15 наурыздағы

№ 214 қаулысымен бекітілген

Үлгілік Регламентке қосымша

 

Бекітемін

______________

Қазақстан Республикасы Үкіметі

аппаратының басшысы

 

Мемлекеттік органдар басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі

 

Мемлекеттік органның атауы

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның Т. А. Ә.

Азаматтарды қабылдауды жүргізетін адамның лауазымы

Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты

Мемлекеттік органның, ұйымның орналасқан жері

Байланыс телефоны, электрондық мекенжайы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

Дата публикации
01 июня 2023