Жоба
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
138-бап мынадай мазмұндағы 118) тармақшамен толықтырылсын:
«118) ақпаратқа қол жеткізу саласында жүзеге асырылады.».
45-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ақпараттық рәсімдер мемлекеттік құпияларды, таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты және заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты құрайтын мәліметтердің жария болуына жол бермеуге тиіс және барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметіне және күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіп сіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларына байланысты ақпаратқа қол жеткізуді шектеуді қамтамасыз етуге тиіс.
«Қызметтік бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа мәліметтерді жатқызу «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздерде және шектерде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік ақпарат өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін ғана беріледі. Бұл ақпарат қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланылмайды.».
5-бап мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:
«21) денсаулық сақтау саласының жай-күйі туралы ақпаратпен және оның жұртшылық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету.»;
мынадай мазмұндағы 62-1-баппен толықтырылсын:
«62-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету
1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру барысы туралы;
2) денсаулық сақтау саласына бөлінетін бюджет қаражатын қалыптастыру және жұмсау туралы мәліметтер;
3) сырқаттанушылық, өлім-жітім, аурулардың таралу көрсеткіштерін қоса алғанда, денсаулық сақтау статистикасы;
4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау деректері;
5) аурудың атауын, жағдайлардың санын және ауру ошағы орналасқан жерін қоса алғанда, жұқпалы аурулардың өршуі туралы;
6) атмосфералық ауаның ластануын және өмірге қауіпті өнімдерді қоса алғанда, адам денсаулығы үшін ықтимал қауіптер туралы;
7) пандемияны қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қою жоспарлары;
8) улы химикаттарды, қоршаған ортаның қорғасынмен ластануын немесе қауіпті ауыз суды қоса алғанда, денсаулыққа экологиялық қатерлер туралы;
9) жұмыс орнындағы қауіпсіздік техникасы қағидалары және денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілер.
21-бапта:
1) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жыл сайын 1 мамырға дейін ресми интернет-ресурста өткен жылғы:
1) қоршаған орта сапасының бекітілген нысаналы көрсеткіштері және барлық тиісті индикатордың нақты нәтижелері туралы;
2) мемлекеттік экологиялық саясаттың жергілікті деңгейде іске асырылу барысы туралы;
3) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін жергілікті бюджетке түскен төлемнің жалпы сомасы туралы ақпаратты орналастырады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей ресми интернет-ресурста:
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы және осындай іс-шараларға жергілікті бюджеттің шығыстары туралы есеп;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепте көрсетілген мәліметтерді растайтын фото-, және (немесе) бейнематериалдармен бірге ауызсу, шаруашылық-ауызсумен жабдықтау және (немесе) мәдени-тұрмыстық су пайдалану мақсаттары үшін пайдаланылатын су объектілерін немесе олардың бөліктерін (су алу орындарын) салуды және жөндеуді қоса алғанда, су пайдалану жөніндегі есепті орналастырады.»;
2) 68-баптың 7-тармағының бірінші бөлігіндегі «орналастырылған күнінен бастап, қатарынан күнтізбелік отыз күн ішінде» деген сөздер алып тасталсын;
3) 73-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігіндегі «орналастырылған күнінен бастап кемінде күнтізбелік отыз күн» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қоғамдық тыңдаулар бірыңғай экологиялық порталда ашық жиналыстар және жария талқылаулар арқылы өткізіледі.
Қоғамдық тыңдаулар ашық жиналыстар арқылы гибридті түрде физикалық қатысу мүмкіндігімен (оф-лайн) немесе интернет-конференция (онлайн) арқылы өткізіледі.»;
4) 95-баптың 3-тармағындағы «орналастырылған күнінен бастап кемінде отыз жұмыс күні» деген сөздер алып тасталсын;
5) 379-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің интернет-ресурсында құрамында ПХД бар жабдықты есепке алу тізілімі орналастырылады.»;
6) 385-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қалдықтардың мемлекеттік кадастрына жұртшылықтың еркін және тегін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.».
3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) білім беру саласының жай-күйі туралы ақпаратпен және оның қолжетімділігін қамтамасыз ету;»;
мынадай мазмұндағы 9-2-баппен толықтырылсын:
«9-2-бап. Білім беру саласындағы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету
1) білім беру ұйымдарын бағалау және педагогтерді аттестаттау нәтижелерін қоса алғанда, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру барысы туралы;
2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары;
3) білім беру саласына бөлінетін бюджет қаражатын қалыптастыру және жұмсау туралы мәліметтер;
4) мектептердің санын, оқушылар санын, республика бойынша білім алушылар мен педагогтер туралы демографиялық ақпаратты (жынысы, жасы) қоса алғанда, мектептер туралы деректер;
5) білім беру гранттары және оларды алушылар туралы мәліметтер;
6) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның нәтижелерін қоса алғанда, сараптау және сынақтан өткізу туралы;
7) педагогтердің білімі мен кәсіби тәжірибесін қоса алғанда, олардың біліктілігі туралы;
8) біліктілікті арттыру курстары мен конференцияларды қоса алғанда, педагогтер үшін қолжетімді кәсіби даму мүмкіндіктері туралы;
9) республика бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу, кешенді тестілеу нәтижелерін қоса алғанда, білім алушылардың үлгерімі туралы жиынтық деректер;
10) қауіпсіздік проблемаларын және жәбірлеудің (буллингтің) кез келген жағдайларын шешу жөніндегі саясат пен рәсімдерді қоса алғанда, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік туралы;
11) құралдар мен қосалқы қызметтерді қоса алғанда, мүмкіндігі шектеулі балаларға қолжетімді арнайы білім беру бағдарламалары туралы;
12) білім беру ұйымдарында оларды енгізу мен пайдалануды қоса алғанда, оқытудың жаңа технологиялары, педагогтерге арналған оқыту бағдарламалары және осы технологияларға негізделген оқу материалдары туралы;
13) білім беру саласындағы халықаралық әріптестер, шетелдік оқу орындары және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық туралы.
1) әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша бөліністе оқушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды, Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу нәтижелері туралы жиынтық деректер;
2) баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі жоспар және оны іске асыру барысы;
3) білім беру қызметін жыл сайынғы өзін-өзі бағалау нәтижелері.
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) ақпаратты проактивті тарату – осы Заңның 10-бабының 5) - 8) тармақшаларында көрсетілген тәсілдермен ақпарат иеленушінің өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және (немесе) адамдардың шектеусіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын актілер мен шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуына жәрдемдесу мүддесі үшін ақпарат иеленушінің бастамасы бойынша ақпаратты пайдаланушының сұратуынсыз тарату;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) аудиодескрипция – есту қабілеті нашар адамға оның нысаны мен мазмұнын қабылдауға мүмкіндік беретін заттың немесе құбылыстың ауызша сипаттамасы;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) қол жеткізу шектелген ақпарат – осы Заңның 5-бабында белгіленген негіздерде және шектерде қолжетімділігі шектелген ақпарат;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталы – мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметін жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) мүгедектігі бар адамдарға арналған бейімделген құралдар – есту және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, дыбыс күшейтетін аппаратураны, аудиодескрипцияны, субтитрлерді, ымдау тіліне аударманы, экрандық оқу бағдарламаларын, тактильді ақпарат құралдарын қамтитын қазіргі заманғы құралдар мен технологиялар;»;
2) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары
1) заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату;
2) ақпарат иеленушілер қызметінің ашықтығы мен айқындығы;
3) анықтығы мен толықтығы;
4) өзектілігі мен уақтылығы;
5) мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, ақпаратқа кемсітусіз қол жеткізу;
6) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қорғауды қамтамасыз ету;
7) жеке өмірге, жеке басының және отбасының құпиясына қол сұқпау;
8) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
9) ақпаратты белсенді тарату.»;
4) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеу
1) конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау;
2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
3) сот процесінде тараптардың теңдігін қамтамасыз ету және сот төрелігін тиімді іске асыруды қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген жағдайларда қоршаған ортаны қорғау;
5) экономикалық және кредиттік-ақша саясатын қорғау, валюталық реттеу және валюталық бақылау;
6) құпиялылық шарттарында ақпарат иеленуші алған мәліметтерді қорғау;
7) оларды жария ету шешім қабылдау кезінде мемлекеттік органның тәуелсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты әкімшілік рәсімдерді сақтау тәртібін бұзуы мүмкін шешімдерді жасау процесінде, ұйымдарда шешімдер жасау процесінде өткізілген кеңестерде жүзеге асырылатын ведомствоаралық және ведомствоішілік хат алмасуды қамтитын мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету;
8) мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік органның тәуелсіздігіне, объективтілігі мен бейтараптығына қол сұғатын араласуға жол бермеу;
9) оларды ашу шарттары туралы өзара келісім қабылданбаған шет мемлекеттерден немесе халықаралық ұйымдардан келіп түскен мәліметтерді қорғау;
10) Қазақстан Республикасының келіссөздер позициясы туралы құпия шектеулі ақпаратты қамтитын халықаралық ұйымдардың мәселелері бойынша мәліметтерді, сондай-ақ салалық уәкілетті орган мен халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының өкілдігі арасында құпия-шектеулі сипаттағы шешімдерді әзірлеу процесінде жүзеге асырылатын хат алмасуды қорғау;
11) мемлекеттік құпияларды қамтымайтын жедел-қызметтік қызметті, жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын ашатын мәліметтерді қорғау;
12) мемлекеттік құпияларды қорғау;
13) құпиялылық режимін қамтамасыз ету, сондай-ақ оның сақталуын бақылау;
14) ақпарат иеленушінің электрондық ақпараттық ресурстарына рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау.
5) 6-баптың тақырыбы мен бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Қоғамдық маңызы елеулі болып табылатын ақпарат
«Қоғам үшін оның елеулі маңыздылығына байланысты мынадай ақпарат шектелуге жатпайды:»;
6) 6-2-бап мынадай мазмұндағы 1-1), 10-1) және 12-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) ақпаратқа қол жеткізу саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
«10-1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен, тіл саясаты саласындағы уәкілетті органмен, мүгедектегі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мүгедектегі бар адамдар үшін ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету қағидаларын бекітеді;»;
«12-1) Қазақстан Республикасының Президентіне енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есептің жобасы бойынша парламенттік тыңдауларды ұйымдастырады;»;
7) 7-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ақпаратқа қол жеткізу құқығының заңсыз шектелуіне, лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға: сұрау салу бойынша ақпарат беруден бас тартуға; сұрау салуға жауап бермеуге; анық емес немесе толық емес ақпарат беруге; ақпаратты уақтылы бермеуге; ақпарат иеленушілердің осы Заңның 12, 13, 14, 15, 16, 17 және 17-1-баптарына сәйкес қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауына; ақпарат пайдаланушының заңды құқықтары мен мүдделерін бұзған өзге де шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздіктерге);»;
8) 9-бапта:
2-тармақта:
1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, оның қызметі процесінде жасалатын және (немесе) жиналатын ақпаратты белсенді түрде таратуға;
2) оның қызметі процесінде құрылатын және (немесе) жиналатын ақпаратқа қол жеткізу тиімділігін арттыру үшін қажетті ұйымдық-техникалық және басқа да жағдайларды өз өкілеттіктері шегінде қамтамасыз етуге;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеу туралы шешім қабылдаған кезде осындай шешімнің заңдылығына бағалау жүргізуге;»;
4) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) берілетін ақпаратта лауазымды адам туралы мәліметтердің сәйкестендіру үшін жеткілікті көлемде, ақпаратқа қол жеткізу құқығын іске асыру тәсілдерінің және осы құқықты шектеу жөніндегі іс-әрекеттер мен шешімдерге шағымдану тәртібінің болуын қамтамасыз етуге;»;
«13) ақпаратқа осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де тәсілдермен қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті.»;
2-1-тармақтағы «ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге ішкі мониторингті және оны үйлестіруді» деген сөздер «ақпарат иеленушінің иелігіндегі ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, үйлестіруді және ішкі бақылауды» деген сөздермен ауыстырылсын.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген міндеттерге қосымша ретінде орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары және әкімдер халықпен тұрақты кездесулер өткізуге міндетті.»;
9) 10-бапта:
3) тармақшадағы «интернет-ресурстарда» деген сөздер «және тиісті ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында жазбаның өзін және (немесе) жалпыға қолжетімді интернет-ресурста сақталған ашық отырыс жазбасына сілтемелерін орналастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) орталық атқарушы органдар басшыларының (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) және әкімдердің халықпен тұрақты кездесулер өткізуі;»;
10) 11-бапта:
4-тармақтың үшінші бөлігі «сондай-ақ телефон қоңырауларын есепке алу журналына тиісті жазба енгізіледі.» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-1 және 16-2-тармақтармен толықтырылсын:
«16-1. Қол жеткізуді шектеуге құжат емес, ақпарат жатады. Егер құжатта қол жеткізу шектелген ақпарат болса, танысу үшін қолжетімділігі шектелмеген ақпарат беріледі.
16-2. Қол жеткізу шектелген ақпаратты, егер бұл ақпаратты бұрын ақпарат иеленуші заңды түрде жариялаған болса, ақпарат иеленуші беруі керек.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектеу жөніндегі іс-әрекеттер мен шешімдерге шағымдану тәртібін көрсете отырып, жазбаша сұрау салу бойынша ақпарат беруден бас тарту туралы уәжді жауап сұрау салу тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпарат пайдаланушының назарына жеткізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 19-тармақпен толықтырылсын:
«19. Сұрау салуға жауап бермеу не ауызша сұрау салуды қоса алғанда, сұрау салуға анық емес немесе толық емес ақпарат беру не сұрау салуға жауапты уақтылы бермеу Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасын бұзу болып есептеледі.»;
11) 12-баптың 1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «және мүгедектігі бар адамдардың оларға еркін қол жеткізуіне жағдайлар жасайды.» деген сөздер алып тасталсын;
12) 13-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жабық форматта заңсыз өткізілген отырыстарда қабылданған шешімдер қайта қаралуға жатады және заңды күші жоқ деп есептеледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Адамдардың шектеусіз тобының құқықтары мен мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылданатын орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметі интернет-ресурста онлайн-трансляция ұйымдастырыла отырып, ашық сипатта болады.»
13) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің және ұлттық жоғары оқу орындары басшыларының есептері
Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары және әкімдер халықпен тұрақты кездесулер өткізеді.
Тұрақты кездесулерді өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
14) 16-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде «мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілуін ескере отырып» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде орналастыру күнін көрсете отырып, интернет-ресурстарда:»
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, құқықтық актілерді ресми түсіндірудің қабылданған актілерінің тізбесін;»;
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:
«түсіндірме жазбамен, әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Тіл саясаты саласындағы уәкілетті орган негізгі стационарлық және мобильді операциялық жүйелер платформаларында мемлекеттік тілде сөйлеу синтезаторларын енгізуді қамтамасыз етеді.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында жаңалықтар легін өзектендіру күн сайын жүзеге асырылуға тиіс, өзге бөлімдерді өзектендіру ақпарат алынған немесе жасалған күннен бастап, жаңарту күнін көрсете отырып, үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.»;
14-1-тармақ алып тасталсын;
15) 17-бапта:
1-тармақтағы «мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілуін ескере отырып» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ашық деректердің интернет-порталында осы Заңның 8-бабының 1), 2), 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген ақпарат иеленушілер ашық деректерді орналастырады және уақтылы өзектендіреді.»;
5-тармақтағы «стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының» деген сөздер «мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету
1) мүгедектігі бар адамдар үшін мерзімді, ғылыми, оқу-әдістемелік, анықтамалық-ақпараттық және көркем әдебиет шығару, оның ішінде Брайльдің рельфті-нүктелік шрифтін қоса алғанда, мүгедектігі бар адамдар үшін қазіргі заманғы бейімделген құралдар мен технологияларды пайдалана отырып шығарылатын әдебиеттер шығару;
2) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасына сәйкес жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарламаны, Қазақстан Республикасы Президентінің ресми мәлімдемелері мен сөйлеген сөздерін ымдау тіліне аудару немесе субтитрлеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және орталық атқарушы органдардың алқалы органдарының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының отырыстарының онлайн-трансляциялау;
3) әлеуметтік қызметтер порталын, «электрондық үкіметтің» веб-порталын және оның компоненттерін, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасын қоса алғанда, ақпарат иеленушілердің ақпараттық жүйелерінің ұлттық стандарттарына сәйкестігі;
4) ақпарат иеленушілердің қызметі туралы ақпаратпен бірге ақпараттық стенділерге және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарға еркін қол жеткізу;
5) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің ресми интернет-ресурсында әлеуметтік қорғау шаралары туралы өзекті және толық ақпаратты орналастыру;
6) негізгі стационарлық және мобильді операциялық жүйелер платформаларында мемлекеттік тілде сөйлеу синтезаторларын енгізу;
7) мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін қажетті сипаттамаларға сәйкес келетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды ұсыну;
8) ақпарат беру кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін өзге де қажетті жағдайлар жасау арқылы.
17) 20-бап мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы Заңның 12, 13, 14, 16, 17, 17-1-баптарының талаптарын сақтамау ақпарат беруден заңсыз бас тартуға теңестіріледі және жауаптылыққа әкеп соғады.».
1) мынадай мазмұндағы 17-2-баппен толықтырылсын:
«17-2-бап. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы құқығын іске асыру тәртібі
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы міндетті түрде талқылауға тиіс.
Консультативтік құжатты жұртшылықтың талқылауы оны жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыруды, сондай-ақ жария тыңдаулар мен дебаттарды қамтиды.
Реттеу жоспарланған қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты талқылаулар жоғарыда аталған тәсілдердің біреуін немесе бірнешеуін пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін.
2) 19-баптың 8-тармағы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ. Тоқаев