Ашық үкімет порталдары бойынша статистикасы
(2023 жылғы 3 сәуірге)
Бүгінгі танда «Ашық деректер» порталында орналастырылған деректер жиынтығының саны 3 752-ды құрайды. Сондай-ақ портал деректері негізінде 37 қосымша әзірленді. «Ашық деректер» порталы Мекенжай тіркелімі және бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат сияқты жүйелермен интеграцияланған. Мемлекеттік органдардың ашық деректерін өзектендірудің орташа деңгейі 27 наурызда 87% құрады.
«Ашық НҚА» порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын қоса алғанда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау жүргізіледі. Портал жұмыс істеген барлық уақыт ішінде 109 299 НҚА жобасы жарияланды.
«Ашық бюджеттер» порталында бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы жобалар мен есептерді орналастыру және жария талқылау жүргізіледі. Бүгінгі күні порталда бюджеттік бағдарламалардың 143 931 жобасы жарияланды, 61 793 жоба қоғамдық кеңеске берілді. Сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуы туралы есептер жарияланды.
Бұдан басқа, «Ашық диалог» порталында мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен интернет-конференциялар өткізіледі. Осындай конференциялар кезінде азаматтар өз сұрақтарына интерактивті режимде жауап алады. 2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін өткізілген интернет-конференциялар саны 2 818 және 1 518 сауалнаманы құрады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдары мен Үкіметі бірінші басшыларының блог-платформасының көмегімен әрбір тілек білдіруші түсініктемелер қалдыра және қызықтырған сұрақтар қоя алады. Блог-платформаға 2012 жылдан бастап 483 241 өтініш келіп түсті. 464 496 өтінішке жауаптар жолданды.