«Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті бекіту туралы, «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралыы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы

 

 

Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті бекіту туралы, «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті бекітілсін (бұдан әрі – Үлгілік регламент).
  2. «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынандай редакцияда баяндалсын:

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы»;

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) бекітілсін.

  1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы қаулы қабылданғаннан кейін бір ай ішінде:

    1) әкімдер аппараттарының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы ережелерін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Үлгілік ережеге сәйкес келтірсін;

    2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдансын.»;

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға осы қаулы қабылданғаннан кейін бір ай ішінде жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің жеке қабылдауын регламенттейтін ішкі актілерді әзірлесін және бекітсін.
  3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                    Ә. Смайылов

 

 

Приложение

к постановлению Правительства

Республики Казахстан

от «      »               года

№

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы «  »

№        қаулысына

қосымша

 

 

 

Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының

үлгілік регламенті

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті (бұдан әрі – Үлгілік регламент) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-бабына сәйкес әзірленді және орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдаудың тәртібін регламенттейді.
  2. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі – қабылдау) орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде (бұдан әрі – қоғамдық қабылдау бөлмелері) мына лауазымды адамдар:

1) орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және олардың орынбасарлары;

2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері (бұдан әрі – әкімдер) және олардың орынбасарлары;

3) орталық мемлекеттік органдар аппараттарының басшылары (олар болған жағдайда);

4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының басшылары және олардың орынбасарлары;

5) орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының басшылары;

6) орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де қызметкерлері жүзеге асырады.

  1. Орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті басшылары аталған лауазымды адамдар қабылдауға келіскен жағдайда жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін олар өтініш берген күні қабылдауды жүргізеді.

 

 

2-тарау. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін

жеке қабылдаудың тәртібі

 

  1. Қабылдауға жазуды қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер күн сайын жұмыс күндері жұмыс уақытында түскі үзіліспен «электрондық үкімет» веб-порталындағы немесе «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесiндегі, электрондық құжаттар, қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол түскен өтініштер немесе қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкеріне ауызша нысанында, сондай-ақ қоғамдық қабылдау бөлмелерінің Call-орталықтарына келіп түскен өтінімдер негізінде жүргізеді.
  2. Мәселенің мәні баяндалмаған жеке қабылдау туралы өтініш қаралмайды, бұл туралы өтініш берушiге хабарланады.
  3. Жолданымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

Егер жеке қабылдау туралы өтініш Кодекстің 63 бабымен белгіленген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, ол туралы арыз иесіне көрсетіледі және оны Кодекстің талаптарымен сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді.

Белгіленген мерзімде Кодекстің талаптарына сәйкес келтірілмеген жеке қабылдау туралы өтініш қайтаруға жатады.

  1. Орталық мемлекеттік органдар басшыларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің және олардың орынбасарларының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде бекітілген кестеге сәйкес айына кемінде бір реттен сирек емес қабылдауы жүргізіледі.

Орталық атқарушы органдардың басшылары азаматтарды жеке қабылдауды Қазақстан Республикасы «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Президентінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 863 Жарлығына сәйкес халықпен кездесулер өткізу шеңберінде де жүргізеді.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері азаматтарды жеке қабылдауды Қазақстан Республикасы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес халықпен кездесулер өткізгеннен кейін де жүргізеді.

  1. Лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қабылдау күндері көрсетілген қабылдау графиктері қазақ және орыс тілдерінде қоғамдық қабылдау бөлмелерінің үй-жайларында көзге оңай түсетін жерлерде, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің ресми сайттарында ілінеді.
  2. Орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарларының, сондай-ақ облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасарлары қабылдауды бірінші басшының немесе әкімнің тиісті тапсырмасы бойынша  өткізілетін күні бекітілген графиктен тыс жүзеге асыра алуы мүмкін.
  3. Қабылдаудың алдында жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі (бұдан әрі – арыз беруші) өзінің жеке басын куәландыратын құжатты, ал басқа тұлғалардың атынан өтініш жасаған кезде – олардың мүдделерін білдіру өкілеттігін растайтын құжаттарды көрсетеді.
  4. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776-ҚБП қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау аудармашының қатысуымен жүргізіледі.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдауда берген өтініштері, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзге ережелері көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

  1. Қабылдау жүгіну кезегі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, «Алтын Қыран» ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы бар адамдар кезектен тыс қабылданады.
  2. Арыз берушілердің келісімімен орталық мемлекеттік органдар басшыларының, және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің және олардың орынбасарларының қабылдауы бейнеконференцбайланыс арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
  3. Коронавирус пандемиясына немесе азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты басқа да жағдайларға орай шектеу шаралары енгізілген жағдайда қабылдау бейнеконференцбайланыс арқылы ғана жүзеге асырылатын болады.
  4. Қабылдауға жазылу жүзеге асырылмайды:

1) орталық мемлекеттік органдардың және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша;

2)      жолданымда көрсетілген сол пән туралы және сол негіздер бойынша әкімшілік рәсімдерге қатысушыға қатысты әкімшілік органның, әкімшілік іс бойынша лауазымды адамның шешімі бар;

3)      сол пән туралы және сол негіздер бойынша сол адамға қатысты шығарылған заңды күшіне енген сот актісі бар;

4)      әкімшілік орган, лауазымды адам жолданымды қайтарды;

5)      әкімшілік орган, лауазымды адам өтініш берушіден жолданымды кері қайтарып алуды қабылдады.

  1. Уақытша еңбекке жарамсыздық, қызметтік іссапар және басқа да жағдайлардың себебі бойынша қабылдау жүргізу мүмкін болмаған жағдайда қабылдаушы адам қабылдауға жауапты қызметкерді жеке қабылдау өткізілгенге дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын немесе қабылдау өткізілетін күні хабардар етеді.
  2. Қабылдау күнінде қоғамдық қабылдау бөлмелерінде қосымша өтініштер мен басқа да ілеспе құжаттарды дұрыс ресімдеуге (қажет болған жағдайда) көмектесетін заң консультанттары, психологтар және әлеуметтік қызметкерлер тартылуы мүмкін (волонтерлерді қабылдау күндері ғана тартуға болады).
  3. Орталық мемлекеттік органдардың және облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдері аппараттарының тиісті қызметкерлерінің қабылдауын өткізу кезінде, егер көтерілетін мәселе басқа да мүдделі органдар өкілдерінің құзыретіне қатысты болса, олардың қатысуы қамтамасыз етіледі.
  4. Басқа мүдделі органдардың өкілдерін қабылдауға қатысуы қатысуы туралы сұрау салу жіберілгеннен кейін, арыз беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберілген сұрау салу туралы және қажет болған жағдайда қабылдауға жазу туралы өтінішті қараудың ұзартылғаны туралы хабардар етіледі.
  5. Басқа мүдделі органдардың бірлесіп қабылдауға қатысудан бас тарту фактілері туралы ақпарат 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерінің қаралуын бақылау бөліміне жіберіледі.
  6. Қабылдау арыз берушінің қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
  7. Қабылдау барысында қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері қабылдауға қатысу үшін орталық мемлекеттік органның, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының қызметкерлерін қабылдауға қатысуға шақыра алады немесе тиісті лауазымды адамдармен қабылдау уақыты мен орнын келіседі.
  8. Қабылдау нәтижелері өтініш немесе тапсырмалар бойынша қабылдау барысында қабылданған шешімді көрсете отырып, оларды орындаудың нақты мерзімдері көрсететіліп хаттамаланады. Хаттамалық тапсырмалар өтініштерге қоса тіркеледі.
  9. Азаматтарды қабылдау мемлекеттік құпияларды не заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын дербес деректер мен мәліметтерді қорғау туралы талаптарды сақтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

 

3-тарау. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау мәселелері бойынша өтініштерді тіркеу және қарау тәртібі

 

  1. Қабылдауға жазылу туралы келіп түскен барлық өтініштерді қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері электрондық құжат айналымы жүйесінде немесе Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесінде олар келіп түскен күні тіркейді және өтініштердің қаралуын бақылауды жүзеге асыратын алдын ала жауапты қызметкерге (бұдан әрі – жауапты қызметкер) жіберіледі.

Егер жолданым жұмыс істемейтін күні келіп түссе, онда ол одан кейінгі келесі жұмыс күні тіркеледі.

Өтініш беруші жеке өзі келген кезде немесе телефон байланысы арқылы ауызша нысанда келіп түскен өтініштер жеке хаттамаға енгізіледі және осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес тіркелуге жатады.

  1. Жауапты қызметкер орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының қатысуымен қабылдау басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын, материалдарды жинағаннан және талдағаннан кейін орталық мемлекеттік орган басшысының немесе облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің атына қабылдау күнін белгілеу немесе бас тарту туралы ұсыныспен анықтамалық ақпарат дайындайды.
  2. Қабылданған шешімнің қорытындысы бойынша жауапты қызметкер лауазымды адамдар мен оның орынбасарлары қабылдайтын адамдардың тізімін қалыптастырады және оны қабылдау графигіне енгізу үшін қоғамдық қабылдау бөлмесіне жібереді.
  3. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жауапты қызметкері бекітілген тізімдерді қабылдау графигіне кезектілік тәртібімен бөледі.
  4. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жауапты қызметкері өтініш тіркелген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күннен кешіктірмей арыз берушіге қабылдау уақыты мен күні көрсетілген жауапты жолдайды.
  5. Мәселенің сипаты барынша пысықтауды талап ететін күрделі болған жағдайда арыз берушіге өтінішті қарау мерзімін өтініш тіркелген кезден бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзарту туралы хат жіберіледі.

Өтінішті қарау мерзімі орталық мемлекеттік орган басшысының немесе облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің немесе олардың орынбасарларының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттілігіне байланысты екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы өтініш беруші өтініштің мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

  1. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің уәкілетті қызметкерлерінің лауазымды адамдар мен олардың орынбасарларының қабылдауды ұйымдастыруы үшін қажетті материалдарды ұсынуы, қабылдауды өткізу практикасын талдау және қорыту туралы талаптары орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері мен облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдері аппараттары үшін міндетті болып табылады.
  2. Қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тыңдау рәсімін жүргізу үшін бас тарту туралы алдын ала шешімнің жобасы жіберіледі.

Тыңдау рәсімі қабылдаудан бас тартылған жағдайда Кодекстің 73-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін.

  1. Тыңдау рәсімін ұйымдастыру және өткізу тәртібі Кодекстің 66, 73 және 74-баптарының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.

 

 

4-тарау. Қабылдау қорытындысы бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру

 

  1. Қабылдау қорытындысы бойынша дайындалған хаттамалық тапсырмаларды бақылауды өтініштердің орындалуын бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.
  2. Арыз берушіге түпкілікті дәлелді жауап қабылдаудан келіп түскен өтінішті бақылаудан алу үшін негіз болып табылады.
  3. Қабылдау барысында арыз берушілер берген өтініштер«жеке қабылдаудан» деген белгі қойылып, Электрондық құжат айналымы жүйесінде немесе «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесiнде тіркеледі.
  4. Қабылдаудан түсетін өтінішті қарауды оны бұрын шешкен қызметкерге тапсыруға жол берілмейді.
  5. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметкерлері тұрақты негізде арыз берушілердің қанағаттану деңгейіне мониторинг жүргізіп, кеңес алған және жеке қабылдауға жазылудан бас тартқан телефон байланысы арқылы өтініш берушілерге іріктеп сауалнама жүргізуі тиіс.
  6. Өтініштердің орындалуын бақылауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше басқа мүдделі құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп мыналарды қамтамасыз етеді:

1) өткізілетін қабылдаулар шеңберінде орталық мемлекеттік органның, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі мен оның орынбасарларының жұмысын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді;

2) қабылдауға тартылған жауапты лауазымды адамдардың, оның ішінде басқа да мүдделі органдардың жауапты лауазымды адамдарының қатысуы;

3) өтініш берушімен кері байланыс (қажеттілік бойынша);

4) қоғамдық қабылдау бөлмесі шеңберінде, оның ішінде: төтенше жағдай, төтенше ахуал режимдерін; эпидемиологиялық сипаттағы карантиндік шараларды енгізуге; халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін техногендік апаттар мен өзге де апаттармен байланысты шектеу шаралары қабылданған жағдайда жұмыс істейтін call-орталықтардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

  1. Қоғамдық қабылдау бөлмелері жұмысының нәтижелері туралы орталық мемлекеттік органның бірінші басшысын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімін, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерін қарауды бақылау жөніндегі бөлімін тұрақты негізде (тоқсанына кемінде бір рет) хабардар ету қажет.

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2023 жылғы «  »

№        қаулысына

қосымша

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

 

  1. «Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйек № 974 қаулысы.
  2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 382 қаулысы.
  3. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 850 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 33-тармағы.

 

Дата публикации
30 января 2023