Ашық үкімет порталдары бойынша cтатистика
(2022 жылғы 13 желтоқсанға)
Бүгінгі таңда «Ашық деректер» порталында орналастырылған деректер жиынтығының саны 3 690 құрайды. Сондай-ақ, портал деректері негізінде 37 қосымша әзірленді. 13 желтоқсанда ашық деректер жиынтығын жаңартудың орташа пайызы 89% құрады.
«Ашық НҚА» порталында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын қоса алғанда, нормативтік құқықтық актілердің жобалары талқыланады. Портал жұмыс істеген барлық уақытта 104 347 НҚА жобасы жарияланды, оның ішінде 99 974 НҚА жобасы мұрағатқа көшті.
«Ашық бюджеттер» порталында бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы жобалар мен есептерді орналастыру және жария талқылау жүргізіледі. Бүгінгі таңда порталда бюджеттік бағдарламалардың 132 943 жобасы жарияланды, оның ішінде 62 523 жоба қоғамдық кеңеске берілді. Сондай-ақ, орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өткен қаржы жылындағы бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуы туралы есептер жарияланды.
Бұдан басқа, «Ашық диалог» порталында мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен интернет-конференциялар өткізіледі. Мұндай конференциялар кезінде азаматтар өз сұрақтарына интерактивті режимде жауап алады. 2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін өткізілген интернет-конференциялар саны 2 573 және 1 406 сауалнаманы құрады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен Үкіметінің бірінші басшыларының блог-платформасының көмегімен әрбір тілек білдіруші түсініктеме қалдырып, қызықтыратын сұрақтар қоя алады. Блог-платформаға 2012 жылдан бастап 481 124 өтініш келіп түсті. 461 712 өтінішке жауаптар жолданды.