«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

 

 

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы

 

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірынғай тізбесі бекітілсін.
  2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 774 қаулысы;

2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және «Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 576 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 158 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                      Ә. Смайылов

 

 

 

 

 

 

проект ППРК
Дата публикации
29 ноября 2022