Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі Комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ
Астана қ. № 3 2022 жылғы 28 қыркүйек
Төрағалық етті:
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қ. Қыдырәлі
Қатысқандар: (тізім бойынша)
- Шымкент қаласы және Түркістан облысы әкімдіктері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп (7 шілдеде өткен Комиссия отырысында берілген ұсынымдарды іске асыру шеңберінде).
(Қыдырәлі, Тәжібаев)
- Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Қ. Тәжібаевтың қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпараты назарға алынсын. Отырысқа Шымкент қаласы әкімдігінің баяндамашысы – әкімнің бірінші орынбасары Ш.Ж. Мұқанның қатыспағаны атап өтілсін.
- Түркістан облысының әкімдігі:
– ақпараттың толықтығы мен өзектілігі тұрғысынан ресми интернет-ресурсқа (әкімдіктің басты беті және МО ИРБП басқарма беттері) тексеруді жүргізсін;
– «Ашық НҚА» порталында НҚА жобаларын жария талқылау кезінде пайдаланушылардан келіп түсетін ескертулер мен ұсыныстарды белгіленген мерзімде қарауды қамтамасыз етсін.
- Шымкент қаласының әкімдігі лауазымды адамдарға және баяндамашының келмеуіне (әкімнің бірінші орынбасары Ш.Ж. Мұқан), сонымен бірге отырысқа дайындықтың төмен деңгейіне жауапты адамдарға (Ішкі саясат және жастар істері басқармасының бас маманы Б.Е. Хожабеков) қатысты тәртіптік жауапкершілік сипаттағы шара қабылдасын.
- Атқарылған жұмыстар мен қабылданған шаралар туралы мағлұмат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 2022 жылғы 20 қазанға дейінгі мерзімде ұсынылсын.
- Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары әкімдіктері қызметінің ашықтығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы
(Қыдырәлі, Сандыбаев, Шаитова)
- Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы М.М. Сандыбаев пен Шығыс Қазақстан облысы Цифрландыру және мұрағаттар басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.А. Шаитованың әкімдіктер қызметінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпараты назарға алынсын.
- Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарының әкімдіктері:
- әкімдіктің МО ИРБП-дағы ресми парақшасында (басқарма беттерін қоса алғанда) ақпараттың уақытылы орналастырылу және өзектендіру бойынша мониторингті күшейтсін;
- Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастыратын тағылымдамаларға ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлғалардың қатысуын қамтамасыз етсін.
- Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сайттарында қазақ тілінде сөйлеу синтезінің функциясын енгізу туралы
(көру қабілеті бұзылған адамдарға ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін)
(Қыдырәлі, Абзалбек, Рахметов, Дауылов)
- М.К. Дауылов есімді азаматтың, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық шешімдер департаменті директорының орынбасары А.А. Рахметовтың, Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Ғ.М. Абзалбектің ағымдағы жағдай мен мемлекеттік органдардың қазақ тілінде сөйлеу синтезін енгізу мәселесін шешу бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпараттары назарға алынсын.
- Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баяндамашысы Комиссиясының отырысына төмен деңгейдегі дайындығы ескертілсін.
- Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақ тілінің сөйлеу синтезі үшін дыбыстық қорды әзірлеу жөніндегі жұмысты жалғастырсын және оның демонстрациялық нұсқасын (жобасын) а.ж. 20 қазанына дейінгі мерзімде әзірлесін.
- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпараттық контентке сөйлеу қолжетімділігін қамтамасыз ететін топ-3 бағдарламаны (сөйлеу синтезаторларын) айқындау және оларға қазақ тілінде сөйлеу синтезін енгізу үшін мүгедектер арасында әлеуметтік сауалнама жүргізсін, сондай-ақ сауалнама нәтижелерін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне а.ж. 20 қазанына дейінгі мерзімде жолдасын.
- Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ғылым және жоғары білім, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, министрліктері қазақ тілінде сөйлеу синтезін қамтамасыз ету үшін қолда бар техникалық шешімдерді пайдалану мүмкіндігін қарастырсын және а.ж. 20 қазанға дейінгі мерзімде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне нақты ұсыныстарды ұсынсын.
- Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар Комиссияның кейінгі отырыстарында:
– вице-министрдің немесе комитет төрағасының (ОМО үшін) және әкім орынбасарының (ЖАО үшін) деңгейінен төмен емес өкілдердің қатысуын;
– отырыстың күн тәртібінде көрсетілген мәселенің мәні бойынша сапалы баяндамалардың дайындалуын қамтамасыз етсін.
- Комиссияның жұмыс органы Үкіметтің Мемлекет басшысына ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы кезекті жылдық есебінде жыл бойы Комиссия отырыстарына қатысатын баяндамашылардың (мемлекеттік органдар өкілдерінің) даярлығын және мемлекеттік органдар тарапынан олардың құзыретіне кіретін, сонымен қатар Комиссия алаңында қаралатын мәселелердің пысықталу дәрежесін көрсетсін.
Комиссия Төрағасы,
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму
министрі Д. Қыдырәлі
Комиссия хатшысы, Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің
Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын
дамыту департаментінің директоры Б. Рақымов