"Қоғамдағы еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің қаулы жобасы

Жоба

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамдағы еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің
2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы

 

 

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі  «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс шаралар жоспарының 75 тармағын іске асыру аясында.
2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1008, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған 2023 – 2025 жылдарға арналған қоғамдағы еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілету жөніндегі кешенді жоспар (бұдан әрі – кешенді жоспар) бекітілсін.
  2. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға (келісім бойынша), сондай-ақ Кешенді жоспардың орындалуына жауапты өзге де ұйымдарға (келісім бойынша):

1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуге;

2) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ұсынуға міндетті.

  1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жылына екі рет, 15 шілдеге және 15 қаңтарға қарай Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсынсын.
  2. Кешенді жоспардың орындалуын бақылау және үйлестіру Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                        Ә. Смайылов

 

"Қоғамдағы еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің қаулы жобасы
Дата публикации
05 октября 2022