Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі Комиссия отырысының 2022 жылғы 7 шілдедегі хаттамасы

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі Комиссия отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

 

 

Нұр-Сұлтан қ.                                №      2                               2022 жылғы 7 шілде

 

 

 

Төрағалық етті:

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Қ. Омаров

 

Қатысқандар: (тізім бойынша)

 

 

  1. Жамбыл және Павлодар облыстары әкімдіктері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі атқарылған жұмыс туралы есеп (8 сәуірде өткен Комиссия отырысында берілген                                               ұсынымдарды іске асыру шеңберінде).

 (Омаров, Үйсімбаев, Құрманова)

 

  1. Комиссия төрағасы А.Қ. Омаровтың, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Қ. Үйсімбаевтың және Павлодар облысы әкімінің орынбасары А.А. Құрманованың жергілікті атқарушы органның қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат назарға алынсын.
  2. Жамбыл облысының әкімдігі 2022 жылғы 8 сәуірде өткен отырыстың қорытындысы бойынша Комиссияның барлық ұсынымдарының орындалуын қамтамасыз етсін.
  3. Жамбыл және Павлодар облыстарының әкімдіктері 2022 жылға арналған ведомстволық ашықтық жоспарының әрбір тармағының уақытылы, әрі сапалы орындалуын және уәкілетті тұлғалар тарапынан ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша ведомстволық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге мониторингті қамтамасыз етсін.
  4. Атқарылған жұмыс туралы ақпарат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 2022 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде ұсынылсын.

 

 

 

  1. Шымкент қаласы және Түркістан облысы әкімдіктері қызметінің ашықтығын қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы

 (Омаров, Қадыров, Мұқан, Өтебаев)

 

  1. Комиссия төрағасының орынбасары, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Д.Р. Қадыровтың, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанның және Түркістан облысының Цифрландыруды дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысы Е.Р. Өтебаевтың жергілікті атқарушы органның қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпараты назарға алынсын.
  2. Шымкент қаласының және Түркістан облысының әкімдіктері:

2.1. Қызметкерлер арасында «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын түсіндіру бойынша (ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілін шақыра отырып) құқықтық жалпы оқытуды жүргізу, соның ішінде НҚА жобаларын «Ашық НҚА» порталында орналастыру және түсініктемелермен жұмыс жүргізсін.

2.2. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті адамдардың Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастыратын семинар-кеңестерге, сондай-ақ тағылымдамаларға қатысуын қамтамасыз етсін.

2.3. Ай сайынғы негізде мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында және әкімдіктің (әкімнің) әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында әкімдіктің ресми парақшасы мен әкімдіктердің барлық басқармаларының парақтарын толтыру мониторингін жүргізсін.

2.4. Әрбір НҚА жобасына (әрбір бюджеттік бағдарлама жобасына) «Ашық НҚА» («Ашық бюджеттер») порталында жария талқылауларды өткізу мерзімдері туралы баспасөз релиздерін және хабарландыруларды (анонстарды) орналастыруды қамтамасыз етсін.

2.5. «Ашық диалог» порталында әкімнің блогын жүргізу бойынша жұмысты жандандырсын (жазбаларды орналастыру, оның ішінде блогқа жиі қойылатын сұрақтар бойынша).

2.6. Әкімдердің блогтарына келіп түскен өтініштерді қарау мерзімдерін және ашық деректерді жаңарту мерзімдерін мүлтіксіз сақтасын.

2.7. Көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде анонстарды орналастыруға, олардың онлайн-трансляцияларын өткізуге, журналистерді шақыруға және мүдделі тұлғаларға live режимінде сұрақ қою мүмкіндігін беруді қамтамасыз етсін.

  1. Жоғарыда көрсетілген тармақтар бойынша атқарылған жұмыс туралы ақпарат Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 2022 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде ұсынылсын.

 

 

  1. «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша операциялық бағалаудың қорытындылары туралы.

 (Омаров, Қадыров)

 

  1. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Д.Р. Кадыровтың «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша 2021 жылға жүргізілген операциялық бағалаудың қорытындылары туралы ақпараты назарға алынсын.
  2. Бағалау қорытындысы бойынша Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, Қостанай, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің жұмысына оң жұмысын атап өтілсін. Бұл ретте, Жамбыл, Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, сондай-ақ Қаржы мониторингі агенттігі жұмысының қанағаттанарлықсыз нәтижелері атап өтілсін.
  3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар:

- жыл сайын нақты іс-шаралармен, мерзімдермен және жауапты бөлімшелермен ведомстволық ашықтық жоспарын бекіту және оның орындалуын қамтамасыз етсін;

- ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті адамдарға аппарат басшысына тұрақты негізде «Ашық Үкімет» порталдарымен жұмыстың жай-күйі/ МО ИРБП толтыру/ведомстволық ақпараттық жүйелердегі деректердің өзектілігі туралы қызметтік жазба енгізсін;

- интернет-конференцияларды, сауалнамаларды, ашық отырыстардың онлайн-трансляцияларын өткізу кестесі бекітсін және ресми сайтта ашық қолжетімділікте орналастырсын (әрбір интернет-конференцияға, сауалнамаға, онлайн-трансляцияға анонсты орналастыра отырып);

- ведомстволық бағынысты ұйымдардың халық алдындағы ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету бөлігіндегі қызметін бақылауды және мониторингтеуді жүзеге асырсын;

- халық  пен БАҚ-тың мемлекеттік органның ашықтығы дәрежесіне қанағаттануының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдасын (онлайн-трансляциялар, анонстау, журналистерді шақыру және байланысқа дайын болу және т.б.);

- 2022 жылғы 4 тамызға дейінгі мерзімде «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бөлігінде мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жіберілсін.

  1. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2022 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде мемлекеттік органдар қызметкерлері арасында бағалаудың жаңа критерийі – «БАҚ арқылы ашықтық» бойынша семинар-кеңес өткізсін.

 

 

  1. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерде және интернет-ресурстарда қамтылған деректердің өзектілігіне және олардың уақытылы толтырылуына тексеру жүргізу туралы

 (Омаров, Тұрысов)

  1. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі А.Н.Тұрысовтың Ақпараттық жүйелер мен интернет-ресурстардағы деректердің өзектілігіне және олардың уақытылы толтырылуына тексеру жүргізу туралы ақпараты назарға алынсын (Үкімет отырысының 2022 жылғы 19 сәуірдегі №14 хаттамасының 3.6.1-т.).
  2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Комиссияның келесі отырысына дейін «Ашық бюджеттер» порталын (https://budget.egov.kz) Мемлекеттік сатып алу порталымен (https://www.goszakup.gov.kz/), «Ашық диалог» порталы (https://dialog.egov.kz/) «Е-өтініш» АЖ-мен (https://eotinish.kz/), «Ашық деректер» порталының (https://data.egov.kz/) «Smart Data Ukimet» жүйесімен интеграциялау мәселесін пысықталсын.
  3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар:

- МО ИРБП және «Ашық деректер» порталын қоса алғанда, «Электрондық үкімет» веб-порталын толықтыру бойынша жұмысты күшейтсін;

- азаматтарға «сұрақ-жауап» сервисі арқылы келіп түскен сұрақтарға уақытылы жауап берсін;

- әрбір мемлекеттік органда жауапты мамандарды бекіте отырып, «Ашық деректер» порталдарын қоса алғанда, МО ИРБП-дағы, ақпараттық жүйелердегі және «электрондық үкімет» веб-порталындағы деректердің өзектілігіне бақылау мен мониторингті жүзеге асырсын;

- 2022 жылғы 20 тамызға дейінгі мерзімде атқарылған жұмыс туралы ақпаратты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жіберсін.

 

 

          Комиссия Төрағасының,

         Қазақстан Республикасы

     Ақпарат және қоғамдық даму

           министрінің м.а.                                                                       С. Егізбаев

 

               Комиссия хатшысының,

Қазақстан Республикасы Ақпарат және

          қоғамдық даму министрлігінің

Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын

   дамыту департаменті директорының м.а.                                        Е. Нұрқышева

Дата публикации
18 июля 2022