«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты

  1. Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлеу негіздері:

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары мәліметтер иеленушілерінің жауапкершілігін кеңейтуді көздейді.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы ақпаратқа қол жеткізу құқықтарын бұзғаны немесе шектегені үшін жауапкершілікті күшейту қажеттілігін айқындайды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары «Мониторинг және бақылау тетіктерін заңнамалық бекіту, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу құқықтарын бұзғаны немесе шектегені үшін жауапкершілікті күшейту» жобасын (іске асыру мерзімі - 2023 жылғы қараша, аяқтау нысаны - заң жобасы) қамтиды.

  1. Шешу үшін заңнамалық реттеу талап етілетін проблеманы сипаттау:

 

№

Проблемалық мәселе

Пайда болған мәселенің негізгі себептері

Сипатталған мәселенің деңгейі мен маңыздылығын көрсететін аналитикалық ақпарат

1.

Ақпарат иеленушілердің «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтамауы.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының кейбір талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің болмауы

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының бірқатар нормалары бүгінде заңдық жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілмеген.

Атап айтқанда, әкімшілік жауапкершілік жоқ:

сұрау салуға жауап бермеу (9-бап және 11-бап);

сұрау салу бойынша ақпаратты уақытылы немесе толық ұсынбау (9-бап және 11-бап);

орналасқан үй-жайларда (12-бап), интернет-ресурста ақпаратты орналастырмау (16-бап);

Қазақстан Республикасының Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда «электрондық үкімет» веб-порталында ақпараттың болмауы не жаңартылмауы (17-бап);

ақпаратты ұсыну кезінде мүгедектер үшін қажетті жағдайлардың болмауы (9-баптың 7) тармақшасы және 12-бап),

ашық отырыстарға қол жеткізуді шектеу (13-бап) және т.б.

Нәтижесінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 456-1-бабы бойынша (ақпарат беруден заңсыз бас тартқаны не көрінеу жалған ақпарат бергені үшін, көрінеу жалған ақпарат орналастырғаны үшін, қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылмайтын ақпаратты қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа заңсыз жатқызғаны үшін) бұзушылықтардың мәніссіз аз саны тіркелді.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің деректері бойынша олардың саны:

2016 жылы – 0;

2017 жылы – 1;

2018 жылы – 1;

2019 жылы – 6;

2020 жылы – 0;

2021 жылғы 9 айда – 4.

 

  1. Сипатталған мәселені шешудің ұсынылған жолдары:

Әзірлеушінің көріністері

Мәселе: ақпарат иеленушілерінің «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтамауы.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының 20-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Сонымен бірге, заңмен бірқатар императивті нормалар бекітілген, олардың бұзылуы үшін жауапкершілік белгіленбеген. Атап айтқанда, ақпарат иеленушінің орналасқан үй-жайларда (12-бап), интернет-ресурста (16-бап), «электрондық үкімет» веб-порталында (17-бап) ақпаратты орналастыру жөніндегі міндеттері жатады.

Бұл ретте мемлекеттік органдар мен басқа да ақпарат иеленушілер көбінесе Заңның жоғарыда көрсетілген нормаларын бұзуға жол береді. Мысалы, сайтта заң бойынша талап етілетін ақпарат орналастырылмайды, ашық деректер немесе бюджеттік бағдарламалардың жобалары жарияланбайды, орналасқан үй-жайларда ақпараттық стендттер жоқ не мүгедектер үшін қол жеткізу қамтамасыз етілмейді.

Бұдан басқа, заңда белгіленген анық және толық ақпарат беру, сондай-ақ ақпарат беру мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету міндетіне қарамастан (9-бап), бүгінгі күні ақпарат иеленушілердің ақпаратты уақытылы және толық ұсынбағаны, сондай-ақ ақпарат сұратуына жауап бермегені үшін әкімшілік жауапкершілік жоқ.

Ақпарат иеленушілердің әкімшілік жауапкерлішік көзделмеген ақпаратты (9 және 12-баптар) беру кезінде мүгедектер үшін қажетті жағдайлар жасау міндетіне де ерекше назар аудару қажет.

Бұл ретте, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 456-1-бабында айқындалған ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту негіздерінің тізбесі барынша шектеулі болып табылады, соның нәтижесінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген талаптарының орындалуы қамтамасыз етілмейді.

Сонымен қатар, практикада мемлекеттік органдар ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнама нормалары сақталмаған жағдайда тәртіптік жауапкершілік шараларымен шектеледі («Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылады).

Бұдан басқа, «Аақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын сақтауға міндетті ақпарат иеленушілерге мемлекеттік органдармен қатар мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар және т.б. жататынын ескеру қажет.

Осыған байланысты, негіздемелер тізбесін кеңейте отырып, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 456-1-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады.

Ықтимал оң салдарлар: ұсынылатын нормалар барлық ақпарат иеленушілерінің «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Ықтимал теріс салдарлар: ұсынылған шараларды енгізу теріс салдарға әкелмейді.

  1. Мәселені шешудің қарастырылған балама жолдары (егер ықтимал баламаларға талдау жүргізілсе): жоқ.
  2. Жария талқылауға арналған нысаналы топтар:

Ақпарат иеленушілер (мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8 – бабында көрсетілген басқа да санаттар) және ақпаратты пайдаланушылар (Қазақстан Республикасының Жеке және заңды тұлғалары) - аталған проблемаларды шешу осы нысаналы топтарға тікелей әсер етеді.

  1. Мақсатты топтарды хабардар ету тәсілдері:

1) Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында - https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam?lang=ru, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook, Twitter, Telegram әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында хабарландыруды жариялау;

2) БАҚ-та («Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», inform.kz, baq.kz және т.б.) хабарландыру жариялау;

3) нысаналы топтар өкілдерінің ұялы байланысының абоненттік нөміріне мессенджерлер арқылы (WhatsApp және (немесе) Telegram) электронды түрде хабарлау.

  1. Жария талқылау тәсілі:
  2. Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын және оған қоса берілетін материалдарды жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру.
  3. Жария тыңдаулар өткізу.
  4. Ағымдағы ахуалды, халықаралық тәжірибені және реттеудің ұсынылып отырған тетіктерін талдау:

№

Ағымдағы жағдай

Халықаралық тәжірибе

Ұсынылатын реттеу

1

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 456-1 бабына сәйкес қазіргі таңда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған:

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратты пайдаланушының сұрау салуы бойынша ақпарат беруге жататын жағдайларда, мұндай ақпарат беруден заңсыз бас тарту не көрінеу жалған ақпарат беру;

- көрінеу жалған ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында, ашық деректердің интернет-порталында немесе ҚР заңнамасында көзделген өзге де тәсілдермен орналастыру;

- қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылмайтын ақпаратты қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа заңсыз жатқызу.

Осылайша, ұсынылған негіздемелер тізімі өте шектеулі және ҚР «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының барлық талаптарын қамтымайды.

Таяу шет елдердің зерделенген тәжірибесі мынаны көрсетті.

Ресей Федерациясында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі туралы ақпаратты интернетте орналастырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көрсетеді.

Әзірбайжан Республикасының заңнамасына сәйкес ресми тұлғаларға ақпарат алу құқығын заңсыз шектегені, жалған ақпарат бергені, ақпаратқа қол жеткізуден бас тартқаны немесе ақпарат алуға жазбаша сұрау салғаны үшін айыппұл салынуы мүмкін.

Ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту негіздерінің тізбесін кеңейте отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 456-1-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.

 

 

  1. Проблеманы өлшеу индикаторлары және күтілетін нәтижелер:

 

№

Ағымдағы көрсеткіштер

1 жыл ішінде қол жеткізілетін нәтижелер (заң қабылданғаннан кейін)

2 жыл ішінде қол жеткізілетін нәтижелер (заң қабылданғаннан кейін)

3 жыл ішінде қол жеткізілетін нәтижелер (заң қабылданғаннан кейін)

4 жыл ішінде қол жеткізілетін нәтижелер (заң қабылданғаннан кейін)

5 жыл ішінде қол жеткізілетін нәтижелер (заң қабылданғаннан кейін)

1

The Global right to information rating (ақпарат құқығының жаһандық рейтингі), балл

100

110

110

110

110

 

РСКҚ
Дата публикации
08 июня 2022