Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ
Нұр-Сұлтан қ. № 1 2022 жылғы 8 сәуір
Төрағалық етті:
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму
министрі А.Қ. Омаров
Қатысқандар: (тізім бойынша)
(Омаров, Қадыров, Календеров, Өтешов)
2.1. Қызметкерлер арасында «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын түсіндіру бойынша (Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілін шақыра отырып), оның ішінде ақпарат сұрау салуларымен жұмыс бойынша (қарау мерзімдері, ақпарат беруден бас тарту негіздері және Ақпаратқа қол жеткізу құқығын негізсіз шектегені үшін жауапкершілік) құқықтық жалпыға бірдей оқытуды өткізсін.
2.2. Қызметкерлерді «Ашық НҚА» порталында НҚА жобаларын орналастыру және түсініктемелермен жұмыс бойынша оқытуды өткізсін. Пікірлерге «Назарға алынды» сияқты жауап беру практикасын тоқтатсын.
2.3. 2022 жылға арналған ашықтықтың ведомстволық жоспарын мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұрын ұсынған KPI-ді ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғаларға бекітсін.
2.4. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастыратын семинар-жиындарға уәкілетті тұлғалардың қатысуын қамтамасыз етсін.
2.5. Ай сайынғы негізде мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында және әкімдіктің (әкімнің) әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында әкімдіктің ресми парақшасының толық және өзекті болуына мониторинг жүргізсін.
2.6. Әрбір НҚА жобасына (әрбір бюджеттік бағдарлама жобасына) «Ашық НҚА» («Ашық бюджеттер») порталында жария талқылауларды өткізу мерзімдері туралы баспасөз релиздерін және хабарландыруларды (анонстарды) орналастыруды қамтамасыз етсін.
2.7. «Ашық диалог» порталында әкімнің блогын жүргізу бойынша жұмысты жандандырсын (жазбаларды орналастыру, оның ішінде блогқа жиі қойылатын сұрақтар бойынша).
2.8. Әкімдердің блогтарына келіп түскен өтініштерді қарау мерзімдерін және ашық деректерді жаңарту мерзімдерін мүлтіксіз сақтасын.
2.9. Жария іс-шараларды (мысалы, ашық отырыстар/кеңестер) өткізу кезінде анонстар орналастырсын, олардың онлайн-трансляциялар өткізілсін, журналистерді шақырылсын және мүдделі тұлғаларға live режимінде сұрақ қою мүмкіндігі берілсін.
Комиссия Төрағасы,
Қазақстан Республикасының Ақпарат
және қоғамдық даму министрі А. Омаров
Комиссия хатшысы, Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің
Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын
дамыту департаментінің директоры Б. Рақымов