"2022 жылға арналған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ашықтығының ведомстволық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы №26 бұйрық

 

 

2022 жылға арналған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ашықтығының ведомстволық жоспарын бекіту туралы

 

 

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған 2022 жылға арналған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ашықтығының ведомстволық жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
  2. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволардың басшылары осы бұйрықпен бекітілген Жоспарға сәйкес іс-шараларды уақтылы өткізуді қамтамасыз етсін.
  3. Министрліктің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Жоспарға сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволардың іс-шараларды өткізуін үйлестіру және мониторингілеу үшін жауапты болып белгіленсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Аталған бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

          Министр                                                                            А.Омаров

 

Қазақстан Республикасы

                                                                                                                                                         Ақпарат және қоғамдық даму министрінің

2022 жылғы « ___ » _______________

№ ____ бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

2022 жылға арналған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің

ашықтығының

ВЕДОМСТВОЛЫҚ ЖОСПАРЫ

 

 

Р/с

№

Іс-шараның атауы

Орындау мерзімдері

Жауапты құрылымдық бөлімше

I.                  Ведомствоішілік ұйымдастыру іс-шаралары

1.

 «2022 жылға арналған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының «Ашық диалог» интернет-порталында интернет-конференциялар мен сауалнамалар, сондай-ақ ашық отырыстардың онлайн-трансляцияларын  өткізу кестесін бекіту туралы» бұйрықты әзірлеу және бекіту. Оны МО ИРБП-да орналастыру

Қаңтар

МҚКДД,

құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

2.

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары арасында «Электрондық үкімет» веб-порталындағы «Ашық үкімет» модулінің компоненттері,  Мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасындағы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми парақшасы және Мемлекеттік органдардың интранет-порталының «Құжаттар кітапханасы» модулі бойынша міндеттерді бөлуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 424 бұйрығын (бұдан әрі – Міндеттерді бөлу) өзектендіру

Ақпан, шілде

МҚКДД,

құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

3.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 424 бұйрығының орындалуы жөнінде Аппарат басшысына тоқсан сайынғы негізде қызметтік жазба дайындау. Аппарат басшысында өтетін аппараттық кеңесте проблемалық мәселелер бойынша тыңдаулар өткізу

Тоқсан сайын, тоқсан аяқталғанға дейін 15 күн бұрын

МҚКДД

4.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ны тарта отырып, Министрліктің қызметкерлерін  «Ашық үкімет» порталдары және сұрау салулармен жұмыс істеуге оқытуды ұйымдастыру

Жыл ішінде

МҚКДД,

құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

5.

Министрліктің қызметкерлерін тиімді коммуникациялар дағдыларына оқыту (Мемлекеттік басқару академиясы базасында біліктілікті арттыру курстары шеңберінде)

Жыл ішінде

КжӘЖД,

құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

6.

«Министрліктер үйі» ғимаратындағы ақпараттық стендіде орналастырылатын Министрліктің қызметі туралы ақпаратты жаңарту

Тоқсан сайын

КжӘЖД, МҚКДД, құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

II. Ашықтық қағидаттарын іске асыру тетіктері (құралдары)

7.

Министрліктің ақпараттық ашықтық қағидатын іске асыру

 

 

7.1

Республикалық телеарналарда және әлеуметтік желілерде «Ашық үкімет» порталдарының мүмкіндіктерін ашатын және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның нормаларын түсіндіретін роликтерді ротациялау

Жыл ішінде

АК, Хатшылық, МҚКДД

7.2

Министрлік қызметінің бағыттары жөніндегі ақпаратты МО ИРБП-де жариялауды және уақытылы жаңартуды қамтамасыз ету

Бекітілген Міндеттерді бөлуге сәйкес

Хатшылық, МҚКДД, құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

7.3

Әлеуметтік желілердегі Министрліктің ресми аккаунттарын жүргізуді және оны сапалы және сұраныс бар  контентпен  толтыруды қамтамасыз ету

Тұрақты

Хатшылық, құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

7.4

«Ашық диалог» порталында Министрліктің қызмет бағыттары бойынша сауалнамалар жүргізу және (немесе) интернет-конференциялар өткізу

Бекітілген Кестеге сәйкес

МҚКДД,

 құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

7.5

Министрліктің ашық отырыстарының, кеңестерінің, алқаларының, халық алдында есеп беру кездесулерінің онлайн-трансляцияларын (анонс жасай отырып) жүргізу. Ашық отырыстардың хаттамаларын МО ИРБП-де орналастыру (бар болса)

Бекітілген Кестеге сәйкес

Құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар,

МҚКДД (үйлестіру)

7.6

Министрліктің тапсырысы бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін ашық қол жеткізуде (МО ИРБП-ғы Министрліктің парақшасында) орналастыру

Зерттеу аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде

Құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар,

ТСЖД (үйлестіру)

7.7

МОИП-та «Құжаттар кітапханасы» модулінде статистикалық және өзге де салалық ақпаратты орналастыру

Бекітілген Міндеттерді бөлуге сәйкес

Құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар,

МҚКДД (үйлестіру)

8.

Ашық деректермен жұмысты қамтамасыз ету

 

 

8.1

Министрліктің ашық деректерін «Ашық деректер» порталы арқылы жариялау және оларды өзекті жағдайда ұстау

Бекітілген Міндеттерді бөлуге сәйкес

Құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар,

МҚКДД (үйлестіру)

8.2

«Ашық деректер» порталын пайдаланушылардың ашық деректер жиынтығын жариялау/жаңарту қажеттілігіне өтінімдерін уақытылы қарау (қажет болған жағдайда Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне тиісті өзгерістер енгізу)

Тұрақты

МҚКДД,

құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

9.

Бюджеттің ашықтығын қамтамасыз ету

 

 

10.1

Министрліктің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді БАҚ-тарда, әлеуметтік желілерде және жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастыруға анонс жасау

БП жобасын / БП іске асыру туралы есепті «Ашық бюджеттер» порталында орналастырған күні

ЭҚД

9.2

Министрліктің азаматтық бюджетін «Ашық бюджеттер» порталында және МО ИРБП-да орналастыру

Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау және ұсыну қағидаларында белгіленген мерзімдерде

 

ЭҚД

9.3

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін және шоғырландырылған қаржылық есептілікті «Ашық бюджеттер» порталында және Мо ИРБП-да орналастыру

Ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалар жобаларын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) ашық бюджеттер интернет-порталында жария талқылау қағидаларында белгіленген мерзімдерде

ЭҚД

10.

Министрлік әзірлейтін (іске асыратын) нормативтік-құқықтық реттеуді, мемлекеттік саясатты және бағдарламаларды түсіндіруді қамтамасыз ету

 

 

10.1

Іске асырылатын мемлекеттік бағдарламалардың, жетекшілік ететін салалардағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен тетіктерін түсіндіретін материалдарды дайындау және МО ИРБП-де орналастыру

Тұрақты

Хатшылық, ТСЖД (үйлестіру), құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

10.2

БАҚ-та, әлеуметтік желілерде, МО ИРБП-да «Ашық НҚА» порталында орналастырылған НҚА жобаларын (жобаға сілтеме жасай отырып) жария талқылау мерзімдері туралы ақпараттық хабарламаларды (баспасөз релиздерін), сондай-ақ қабылданған НҚА бойынша азаматтар үшін көрнекі және қолжетімді форматта түсіндірулерді жариялау

 

Құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар,

Баспасөз қызметі (үйлестіру)

10.3

МО ИРБП-да мыналарды:

-Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының жоспарын;

-       реттеушілік саясат консультативтік құжаттарының, заң жобалары тұжырымдамалары жобаларының және заң жобалары тұжырымдамаларының, нормативтік құқықтық актілер жобаларының оларға түсіндірме жазбаларымен (олар болған кезде) және салыстырма кестелерімен (нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мәтіндерін, ғылыми сараптамалардың қорытындылары мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің сараптама қорытындыларын (олар болған кезде), оларды жария талқылаудың аяқталғаны туралы есептерді;

- қабылданған нормативтік құқықтық актілерін орналастыру.

Тұрақты

ЗД (үйлестіру),

құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

10.4

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын мониторингілеу, бағалау нәтижелерін МО ИРБП-де орналастыру

 

Есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін

ТСЖД,

құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

11.

Министрліктің жария есептілігін қалыптастыру

 

 

11.1

Министрліктің есепті жылдағы қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты дайындау және орналастыру

Есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін

ТСЖД,

құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

11.2

Министрліктің тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың тұрақты жаңартылып отыратын жоспарын МО ИРБП-де орналастыру

Жаңартылуына қарай,

жыл ішінде

МАЖСД, Хатшылық

11.3

Министрлік орындаушы болып табылатын мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы ақпаратты МО ИРБП-да орналастыру және өзекті жағдайда ұстау

Жаңартылуына қарай,

жылдың ішінде

ТСЖД, Хатшылық, құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

 

11.4

Министрліктің қызметі бойынша статистикалық және талдамалық деректерді МО ИРБП-де орналастыру және жаңарту

Тоқсан сайын

ТСЖД, Хатшылық, құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

12.

Азаматтар мен ұйымдардың өтініштерімен және ақпаратқа сұрау салулармен жұмыс туралы хабардар ету

 

 

12.1.

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс туралы ақпаратты, оның ішінде мыналарды МО ИРБП-де орналастыру:

Жылдың ішінде

КжӘЖД, құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

12.1.1

өтініштермен жұмыс туралы есептерді

Тоқсан сайын

КжӘЖД

12.1.2

ақпаратқа сұрау салулармен жұмыс жөніндегі есептерді

Тоқсан сайын

КжӘЖД

12.1.3

өтініштермен және ақпаратқа сұрау салулармен жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған қабылданған ұйымдастырушылық және әкімшілік шаралар туралы есептерді

Тоқсан сайын

КЖӘЖД, МҚКДД, құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

 

12.1.4

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау мәселелері бойынша ақпарат алу, сондай-ақ өтініштер мен сұрау салуларды қарау нәтижелері бойынша шешімдерге және (немесе) әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібін қоса алғанда, өтініштер мен сұрау салуларды қарау мүмкіндігі берілетін қызметкерлердің байланыс деректері (Тегі, Аты, Әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы) туралы мәліметтерді

Жаңартылуына қарай,

жыл ішінде

КжӘЖД

12.1.5

Едәуір өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға берілген жауаптарды МО ИРБП-де және әлеуметтік желілердегі Министрліктің аккаунттарында орналастыру

Тұрақты

Хатшылық, КжӘЖД, құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

12.1.6

Министрліктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын қамтамасыз ету және алдағы отырыстарды анонстау, сондай-ақ жұмыс нәтижелері туралы ақпаратты әлеуметтік желілерінде және танымал ақпараттық порталдарында орналастыру

Тұрақты

КжӘЖД, Хатшылық,  құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

12.1.7

Министрлік басшылығының азаматтарды қабылдау кестесін МО ИРБП-де және ақпараттық стендте («Рұқсаттама бюросы») орналастыру

Тоқсан сайын

КжӘЖД

13.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

 

 

13.1

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты МО ИРБП-да орналастыру және өзекті жағдайда ұстау

Жаңартылуына қарай,

жыл ішінде

ЗД, құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

14.

Үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен жұмысты ұйымдастыру

 

 

14.1

МО ИРБП-де Министрліктің жанындағы алқалы, консультативтік-кеңесші және өзге де органдар туралы ақпаратты өзекті жағдайда ұстау

Тұрақты

ТСЖД, Хатшылық, құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

14.2

Министрлік қызметінің негізгі бағыттары бойынша Министрліктің үкіметтік емес және өзге де ұйымдармен ақпараттық өзара іс-қимылын үйлестіру

Тұрақты

Хатшылық, АҚІК, құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

14.3

ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі уәкілетті лауазымды адам жөніндегі мәліметтерді МО ИРБП-де орналастыру және өзекті жағдайда ұстау

Тұрақты

АҚІК,

құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

14.4

Министрлік қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша фокус-топтар өткізуді қоса алғанда, референттік топтармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру

Тұрақты

Құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

15.

Министрліктің Қоғамдық кеңеспен өзара іс-қимылы

 

 

15.1

Қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту және оны МО ИРБП-де орналастыру

I тоқсан

ТСЖД,

құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

15.2

Қоғамдық кеңес отырыстарына анонс жасау, сондай-ақ отырыстардың материалдарын МО ИРБП-де орналастыру

Отырыстардың өткізілуіне қарай

ТСЖД, Хатшылық

15.3

Қоғамдық кеңес қызметінің қорытындысын шығару және қоғамдық кеңес қызметінің қорытындылары туралы есепті МО ИРБП-да орналастыру

Желтоқсан

ТСЖД,

құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

15.4

Қоғамдық кеңестің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету

Отырыстардың өткізілуіне қарай

ТСЖД, Хатшылық

16.

Министрліктің баспасөз қызметінің жұмысын ұйымдастыру

 

Хатшылық

16.1

Әлеуметтік желілерде және МО ИРБП-де тұрақты негізде Министрліктің қызметі туралы жаңалықтар ақпаратын орналастыру

Тұрақты

Хатшылық, құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

16.2

Оқиғалар мен Министрлік ұйымдастыратын іс-шараларға шақырулар туралы хабарламаларды (баспасөз релиздері мен баспасөз хабарламаларын) таратуды жүзеге асыруды қамтамасыз ету

Тұрақты

Хатшылық, құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

16.3

МО ИРБП-де және әлеуметтік желілердегі Министрліктің ресми аккаунттарында орналастырылатын ақпаратты өзекті жағдайда ұстау

Тұрақты

Хатшылық, құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

16.4

Министрдің блогын «Ашық диалог» порталында жазбалармен толтыруды қамтамасыз ету

Тұрақты

(аптасында кемінде 1 рет)

Хатшылық, құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

16.5

Кері байланыс алу үшін БАҚ өкілдерінің Министрліктің басшылығымен кездесулерін өткізу

Тоқсан сайын

Хатшылық, АК, құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

16.6

Жоспарланған іс-шаралардың сипаттамасын, олардың өлшемдерін, мерзімдерін, нысаналы аудиториясын,  шешу үшін жіберілген міндеттерді қамтитын Министрліктің медиа-жоспарды әзірлеу

I тоқсан

Хатшылық, АК, құрылымдық бөлімшелер және ведомстволар

17.

Ведомстволық бағынысты ұйымдардың ашықтығын қамтамасыз ету

 

 

17.1

«Ашық деректер» порталында ашық деректер жиынтықтарын жариялау

Белгіленген мерзімдерге сәйкес

Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары

17.2

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 16-бабында көзделген ақпаратты ресми интернет-ресурстарында орналастыру (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресустарында орналастыратын ақпарат)

Тұрақты

Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары

17.3

«Ашық диалог» порталының блог-платформасына келіп түскен өтініштерге сапалы жауаптарды уақытылы беру

Тұрақты

Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары

III. Басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл

18.

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалар (бөлімшелер) үшін әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және мемлекеттік органдарға жіберу

Жылдың ішінде

МҚКДД

19.

Уәкілетті тұлғаларды (бөлімшелерді) ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастыру

Жылдың ішінде

МҚКДД

20.

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалармен (бөлемшелермен) тұрақты негізінде кездесулерді өткізу

Кемінде тоқсан сайын

МҚКДД

 

 

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

АК – Ақпарат комитеті;

АҚІК – Азаматтық қоғам істері  комитеті;

ББ – Бюджеттік бағдарлама;

ЗД – Заң департаменті;

КжӘЖД – Кадр және әкімшілік жұмысы департаменті;

МАЖСД – Мемлекеттік активтермен және сатып алулар жұмыс департаменті;

МҚКДД – Мемлекет мен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті;

МО ИРБП– Мемлекеттік органдардың интернет-ресустарының бірыңғай платформасы;

ТСЖД – Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті;

ЭҚД  - Экономика және қаржы департаменті.

 

 

 

 

"2022 жылға арналған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ашықтығының ведомстволық жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы №26 бұйрық
Дата публикации
14 февраля 2022