Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның 2022 жылға арналған жұмыс жоспары

Қазақстан Республикасы

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің

2022 жылғы «   » қаңтардағы

№_____  бұйрығына

қосымша

 

 

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның

2022 жылға арналған жұмыс жоспары

 

 

№ р/с

Мәселенің атауы

Аяқтау нысаны

Күтілетін әсер

I тоқсан

1.

Мемлекет басшысына 2021 жылдың қорытындылары бойынша ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жыл сайынғы есептің жобасы туралы

 

Баяндамашы: АҚДМ

Комиссия ұсынымдары

Мемлекет басшысын және қоғамды ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласында іске асырылып жатқан саясат туралы хабардар ету

2.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың ақпаратқа, оның ішінде электрондық ақпараттық ресурстарға және басқа да цифрлық өнімдерге қол жеткізуін қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы

 

Баяндамашы: АҚДМ, ЕХӘҚМ, ДСМ, ЦДАӨМ

Комиссия ұсынымдары

Ақпаратты пайдаланушылардың барлық санаттарына ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету

3.

«Азаматтардың заң шығарушылыққа қатысу және ықпал ету индексі» зерттеуінің нәтижелері туралы

 

Баяндамашы: Transparency International Kazakhstan

Комиссия ұсынымдары

Заң шығару процесінің ашықтығын арттыру арқылы азаматтардың заң шығарушылыққа қатысуы мен ықпалын арттыру

4.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі деректерді талдау кестесі туралы

 

Баяндамашы: «Зерде» ҰИХ» АҚ

Комиссия ұсынымдары

Интернет желісінде ашық деректердің қолжетімділігін арттыру

5.

Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы ахуалды жақсарту бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері қабылдаған шаралар туралы

 

Баяндамашы: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

Комиссия ұсынымдары

Жергілікті атқарушы органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету

6.

Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы ахуалды жақсарту бойынша Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері қабылдаған шаралар туралы

 

Баяндамашы: ДСМ, МСМ, БҒМ, ЦДИАӨМ

Комиссия ұсынымдары

Орталық мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету

II тоқсан

7.

Мемлекеттік органдардың ашықтық дәрежесін жыл сайынғы бағалау қорытындылары туралы

 

Баяндамашы: АҚДМ

Комиссия ұсынымдары

Мемлекеттік органдардың ақпараттық ашықтық дәрежесін арттыру

8.

Ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері жөніндегі заң жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатының жобасы туралы

 

Баяндамашы: АҚДМ

Комиссия ұсынымдары

Салалық заңнамада (қаржы және бюджеттеу, жер қатынастары, білім беру, денсаулық сақтау, экология және халықты әлеуметтік қорғау және т. б.) ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығы қағидаттары мен тетіктерін бекіту

9.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң талаптарының орындалуына қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы

 

Баяндамашы: Комиссия мүшесі О.А. Диденко

Комиссия ұсынымдары

Заңды одан әрі жетілдіру бойынша проблемаларды анықтау және ұсыныстар әзірлеу

10.

Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы ахуалды жақсарту бойынша Жамбыл, Маңғыстау және Атырау облыстарының әкімдіктері қабылдаған шаралар туралы

 

Баяндамашы: Жамбыл, Маңғыстау және Атырау облыстарының әкімдіктері

Комиссия ұсынымдары

Жергілікті атқарушы органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету

11.

Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы ахуалды жақсарту бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика, Энергетика министрліктері қабылдаған шаралар туралы

 

Баяндамашы: ЕХӘҚМ, ИИДМ, ҰЭМ, ЭМ

Комиссия ұсынымдары

Орталық мемлекеттік органдар  қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету

III тоқсан

12.

Мәслихаттар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы

 

Баяндамашы: АҚДМ, мәслихаттардың өкілдері

Комиссия ұсынымдары

Мәслихаттар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету

13.

Ашық үкімет порталдарын және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасын дамыту туралы

 

Баяндамашы: ЦДИАӨМ, «ҰАТ» АҚ

Комиссия ұсынымдары

Азаматтық қоғамның қажеттіліктеріне бағдарлана отырып, порталдардың функционалын жақсарту

14.

Мемлекеттік органдардағы ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалардың жұмысындағы кемшіліктер туралы

 

Баяндамашы: АҚДМ

Комиссия ұсынымдары

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша уәкілетті тұлғалардың әлеуетін арттыру

15.

Мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне өзгерістер мен толықтырулардың жобасы туралы

 

Баяндамашы: АҚДМ

Комиссия ұсынымдары

Ақпаратты пайдаланушылардың қажеттіліктері негізінде жаңартылған бірыңғай тізбе

16.

Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы ахуалды жақсарту бойынша Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарының әкімдіктері қабылдаған шаралар туралы

 

Баяндамашы: Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстарының әкімдіктері

Комиссия ұсынымдары

Жергілікті атқарушы органдардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету

17.

Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы ахуалды жақсарту бойынша Экология, геология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Ішкі істер министрліктері қабылдаған шаралар туралы

 

Баяндамашы: ЭГТРМ, АШМ, ҚМ, ІІМ

Комиссия ұсынымдары

Орталық мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету

IV тоқсан

18.

Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша квазимемлекеттік сектордың ұйымдары, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік органдар, сондай-ақ орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар қабылдайтын шаралар туралы

 

Баяндамашылар: АҚДМ, квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылардың өкілдері

Комиссия ұсынымдары

Ақпарат иеленушілер қызметінің ашықтығы деңгейі мен сапасын арттыру

19.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заң талаптарының орындалуына қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы

 

Баяндамашы: Комиссия мүшесі О.А. Диденко

Комиссия ұсынымдары

Заңды одан әрі жетілдіру бойынша проблемаларды анықтау және ұсыныстар әзірлеу

20.

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия ұсынымдарының орындалуы туралы

 

Баяндамашы: АҚДМ

Комиссия ұсынымдары

Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы қоғамдық мүдделерді есепке алу

21.

Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы жағдайды жақсарту бойынша Қорғаныс, Сыртқы істер, Әділет, Сауда және интеграция, Төтенше жағдайлар министрліктері қабылдаған шаралар туралы

 

Баяндамашы: ҚМ, СІМ, Әділетмині, СИМ, ТЖМ

Комиссия ұсынымдары

Орталық мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету

22.

Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы ахуалды жақсарту бойынша Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының әкімдіктері қабылдаған шаралар туралы

 

Баяндамашылар: Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының әкімдіктері

Комиссия ұсынымдары

Жергілікті атқарушы органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету

 

 

 

 

 

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның 2022 жылға арналған жұмыс жоспары
Дата публикации
13 января 2022